Президент сайлауы 2019: сайлау учаскелері жабылып жатыр

0

Сайлаудың алдын ала қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы сағат 00:00-де жариялайтын болады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым — Sputnik. Қазақстанның тоғыз өңірінде кезектен тыс президент сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскелері жабылды.

Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау және Қызылорда облысындағы сайлау учаскелері елорда уақытымен сағат 21:00-де жабылады.  

Бұл – Қазақстандағы алтыншы президент сайлауы. Оған жеті кандидат қатысты. Nur Otan партиясы атынан сайлауға қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев түсті.

Президенттікке кандидаттар

Қазақстан президенттігіне жеті адам үміткер:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел. 


    ©
    Sputnik /

    Президентікке үміткер жеті кандидат

Шетелде қанша қазақстандық дауыс берді

9 маусымдағы жағдай бойынша шетелдегі сайлаушылар тізіміне Қазақстаның 15 349 азаматы енгізілген. 19:00-дегі жағдай бойынша шетелдегі сайлау учаскелерінде 8322 қазақстандық дауыс берді.

«Шетелде дауыс беру процесі тыныш өтіп жатыр. 12 учаскеде Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарынан, қоғамдық бірлестіктер мен ТМД миссиясынан 35 бақылаушы бар. Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде 8 322 қазақстандық дауыс берді. Бұл тізімге енген сайлаушылардың 54,2 процентін құрайды», – деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Роман Василенко.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз