Жұмыста көйлек киіп жүрген әйелдерге күніне 600 теңге сыйақы берілмек  

0

Марафонға қатысатын кәсіпорын жұмысшылары әйелдерше киініп, суретін жұмыс берушіге жолдауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр — Sputnik. Татарстанның «ТАТПРОФ» өндірістік компаниясы «нәзіктік марафонын» іске қосты, алдағы бір айдың ішінде жұмысқа белдемше мен көйлек киіп келген әйелдерге ақшалай сыйақы беріледі.  

Қазақстанда мектепте хиджабпен бірге «мини-юбка» киюге тыйым салынбақ 

Негізінен ер азаматтар жұмыс істейтін ұжымдағы әйелдерге белдемше мен көйлек киіп, қарапайым макияж жасап, шашын ретке келтіру ұсынылып отыр.

Нәзіктік үшін күніне 100 рубль (600 теңгеге жуық) ақшалай сыйақы төленеді.

«Говорит Москва» радиостанциясы хабарлағандай, «ТАТПРОФ» корпоративтік мәдениет және ішкі байланыс бөлімінің маманы Анастасия Кириллова бұл бастаманың кәсіпорын жұмысына реңк беру ниетінен туындағанын мәлімдеді.

«Біздің ұжымдағы қызметкерлердің 70%-і ер адам. Мұндай акциялар мен іс-шаралар бізге серпіліс жасауға көмектеседі. Бұл команданы біріктірудің таптырмас әдісі! Әйелдердің көбісі өндірісте шалбар киіп жүреді, сондықтан біздің акция оларға өздерінің нәзіктігі мен тартымдылығын сезінуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Қазір жаз, сондықтан мұндай марафон өткізу қисынды», — деп атап өтті Кириллова.

Сенат бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заң жобасын мәжіліске қайтарды

Айта кетерлігі, жұмыста шалбар киюге тыйым салынбайды.

«Нәзіктік марафоны»осы жылдың 27 мамыры мен 30 маусымы аралығында өтеді.

   



sputniknews.kz