Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Кие де, қасиет те бар бойымда)
Кие де, қасиет те бар бойымда.
Бақытым кере қарыс маңдайымда.
Екі елде еңбек еттім, білім жидым,
Тәтті дәм бал қаймақ бар таңдайымда.
Бақытым кере қарыс маңдайымда.
Екі елде еңбек еттім, білім жидым,
Тәтті дәм бал қаймақ бар таңдайымда.
Ешкімнен ырысым кем жаралмаған.
Жерім жоқ кем болам деп алаңдаған.
Бақыт пен байлықты да сол деп білдім:
Нан дәмді – тапқан термен тарамдаған.
Аспадым, асып-тассам ерікті едім.
Желбуаз сезімдерге желікпедім.
Иландым кеудемді – әмір, патша тұттым,
Өз дітім болды иманым – көріп келім.
Көп болды қол байлауым – теңдегенім.
Көп болды сенгенімнен сенбегенім.
Кінәлі менен өзге ешкім де емес,
Кем болса өлең және өзгелерім.