Хабиб Нурмагомедов әкесімен күрескен видеоны жариялады

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

UFC чемпионы әкесімен өткізген жаттығуының видеосын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Желіде Хабиб Нурмагомедов әкесі Абдулманап Нурмагомедовпен күрескен видео шықты. Оны өзінің Instagram-дағы ресми аккаунтында спортшының бапкері Хавьер Мендес жариялаған.

Ол Нурмагомедов үшін әкесімен спарринг кездесу өткізу өте маңызды екенін жазған. Мұндай жаттығуды тағы да ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Хабиб рингке 2018 жылдың қазан айынан бері шыққан жоқ. 30 жастағы ресейлік спортшы ирландиялық Конор Макгрегорды жеңіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы титулын қорғаған болатын.

Тағы оқыңыз: Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға жасырын келіп, игі іс жасады

Жекпе-жектен соң қарсыластың командасына жұдырық ала жүгірген спортшы тоғыз айға рингтен шеттетілді. Оның келесі кездесуі 7 қыркүйек күні өтеді. Нурмагомедов UFC 242 турнирінде америкалық Дастин Порьеге қарсы шығады.

Хабиб Нурмагомедов – бірде-бір рет жеңілмеген аралас жекпе-жек спортшысы. Барлығы 27 кездесу өткізген.



sputniknews.kz