Оңай мен Қиын туралы |
✅ 1. Өзгенің қателігін жазғырған ОҢАЙ, өз қателіктеріңді мойындау ҚИЫН.
✅ 2. Өзгелерді сынаған ОҢАЙ, өзіңді жақсарту ҚИЫН.
✅ 3. Өзгені кешірген ОҢАЙ, кешірім сұрау ҚИЫН.
✅ 4. Ойланбай сөйлеген ОҢАЙ, тіліңді тартып қалу ҚИЫН.
✅ 5. Әр түні армандаған ОҢАЙ, сол армандарды жүзеге асыру ҚИЫН.
✅ 6. Жеңісті көрсеткен ОҢАЙ, жеңілгеніңді абыроймен көтеру ҚИЫН.
✅ 7. Сүрініп құлаған ОҢАЙ, тұру ҚИЫН.
✅ 8. Өмір сүрген ОҢАЙ, шынайы мәнін білу ҚИЫН.
✅ 9. Қателескен ОҢАЙ, қателескеніңді білу ҚИЫН.
✅ 10. «Жақсырақ боламын» деп ойлаған ОҢАЙ, оны ойлағанды қойып, іске асыру ҚИЫН.
✅ 11. Өзгелер жайлы жаман ойлаған ОҢАЙ, оларды 80 сылтау, 70 желеу тауып, ақтап алу ҚИЫН.
✅ 12. Алған ОҢАЙ, беру ҚИЫН.
✅ 13. Үйлену ОҢАЙ, үй болу ҚИЫН.
✅ 14. Бұларды оқу ОҢАЙ, амал ету ҚИЫН
reactor.inform.kz