Home Жаңалықтар Қостанайда бір жарым жасар сәби 4-қабаттан құлап кетті

Қостанайда бір жарым жасар сәби 4-қабаттан құлап кетті

0
133

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен бір жарым жасар қыз құлап кетті, деп хабарлайды alau.kz.

Оқиға 26 мамырда болған. Бір жарым жасар қыз бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетіпті.

Тағы оқыңыз: Балабақшада құлап кеткен қызды терезеге тәрбиешінің өзі шығарған – видео

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Жедел жәрдем сәбиді Қостанай облыстық ауруханасына жеткізді. Қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр», – деп мәлімет берді басқарма.

Өңірдің дәрігерлері ата-аналарға балаларды үйде қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті.

Тағы оқыңыз: Екі сәби мен бойжеткен көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті



sputniknews.kz