Балапандарын қорғаған қаз жылқыға шабуыл жасады – видео

0

Видео

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

YouTube желісінде қаздан шошыған жылқы түсірілген видео жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр — Sputnik. АҚШ-та Огайо шатында қаз арбаға жегілген жылқыға шабуыл жасады.

Видео YouTube желісінде жарияланды.

Видеодан қаздың жылқының жолына кесе-көлденең тұрып алғанын көруге болады. Ат айдаушы құсты қуып жібереді, бірақ ол арбаның үстімен ұшып өтіп, тағы да жылқының алдына барып қонады. Ат шошып, ыршып түседі. Ер адам тағы да қазды қуып жібермек болады, бірақ құс көпке дейін олардың мазасын қашырады.

Ролик авторының айтуынша, сол маңда қаздың ұясы болуы мүмкін, ол осылайша балапандарын қорғап жүр. 



sputniknews.kz