Журналист Розлана Таукина қайтыс болды

0

Алматыда танымал журналист Розлана Таукина қайтыс болды. Бұл ақпаратты журналистің жақын әріптестері, достары хабарлады. Қоғам қайраткері, құқық қорғаушы 60 жаста болған. Ол өмірінің соңғы кезеңінде ұзақ уақыт ауырған.

Розлана Таукина 1959 жылы Оралда дүниеге келген. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Әр жылдары жергілікті және халықаралық ақпарат құралдарында қызмет атқарған. Қазақстандағы «СолДАТ», «Жұма-Таймс» сияқты бірқатар тәуелсіз басылымдарда тілші болған. Халықаралық «Соғыс және бейбітшілікті баяндау институты», «Шекарасыз тілшілер», «Сорос-Қазақстан» ұйымдарында қызмет атқарған. «Журналистер қауіп-қатерде» қорын басқарған. 2016 жылы демократияның дамуы мен азаматтық қоғам құруға үлес қосып жүрген азаматтарға берілетін «Азаттық» сыйлығына ие болған.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз