Маңғыстауда ірі бұршақ төпелеп жауды
Бір отар ешкі ірілігі жаңғақтай бұршақтың астында қалған
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Маңғыстау облысы Үштаған ауылында ірі бұршақ төплеп жауып, салдарынан мал қырылып қалды.
«Ақтау-Лада» жергілікті басылымының мәліметінше, 24 мамырда республиканың батысындағы ауыл ірі бұршақтың астында қалған.
Ірілігі жаңғақтай бұршақтан соң желіде табиғи құбылыс салдарының видеосы мен фотосы жариялана бастады.
Үштаған ауылы санаулы минуттарда аппақ бұршақ жамылып, мамыр айында қыс түскендей күй кешкен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, елді мекенде бұрын-соңды мұндай құбылыс болмапты.
Өрісте жайылып жүрген бір отар ешкі кенеттен төпелеп жауған ірі бұршақтың құрбаны болды.
sputniknews.kz