«Канело» үшінші жекпе-жегіне қатысты тың дерек шықты

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстандық боксшының командасы кездесудің болатынына күмән келтірді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің командасы биыл қыркүйекте мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы кездесудің болатынына күмәнданып отыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұдан бұрын көптеген шетелдік сарапшы жазғандай, «Канело» Дэниэл Джейкобсты жеңіп, ал Головкин Стив Роллсты ұтса, қазақстандық пен мексикалық қайта жұдырықтасады. Альварес Джейкобстан басым түсті, Головкин 8 маусымда Роллсқа қарсы шығады. Бірақ GGG командасы үшінші жекпе-жектің болатынына күмән келтіріп, басқа қарсылас тауып қойған көрінеді.

«Канело» Джейкобсты жеңіп, өз шаруасын тындырды. Енді Геннадий Роллсты ұтуы тиіс. Оған шамасы жетсек, «Канеломен» үшінші кездесуге жол ашылады. Мен DAZN және Де ла Хойямен келіссөз жүргіземін. Мәмілеге келе аламыз ба көреміз», — деді Головкиннің промоутері Том Леффлер.

Алайда Леффлер, сонымен бірге, «Канело» – GGG кездесуіне баламаны қоса атады. Оның сөзіне сүйенсек, Геннадий WBC «уақытша» чемпионы Джермалл Чарломен жекпе-жекке шығуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Жанқош Тұраров Головкин мен Елеусіновтің дауына қатысты пікір айтты

«Әлбетте, негізінен ойымызда «Канелоға» қарсы үшінші жекпе-жек, бірақ оны ұйымдастыру қиынға соқса, Чарломен жақсы кездесу өткізуге болады. Мықты боксшы, әлеуметтік желіде танымал, өз-өзіне промоутер», — деді Леффлер.



sputniknews.kz


Тегтер:Сауль