Италияда қазақстандықтар мінген автобус аварияға түсіп, төңкеріліп қалды
22 мамыр күні Италияның Сиена атты өңірінде туристердің автобусты ЖКО-ға түсті. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Stan.kzхабарлайды.
фото: Vigili del Fuoco
«ЖКО-дан зардап шеккендердің қатарында біздің отандастарымыз бар. Қазақстанның консулы Римнен Сиенаға, оқиға орнына аттанды. Толық ақпарат оқиғаның мән-жайы анықталған соң беріледі», — деп хабарламада жазылған.
ЖКО-да бір жолаушы қаза тапты, оны әртүрлі жарақаттар алды. Зардап шеккендердің барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілді. Төрт адам хәл үстінде жатыр.
60 жолаушысы бар автобустың неліктен ЖКО-ға түскені әзірге белгісіз. Corriere della Sera басылымының мәліметінше, аварияға тайғақ жол түрткі болуы мүмкін.
#22maggio 11:00, intervento dei #vigilidelfuoco in corso dalle 9:30 a Monteriggioni (SI) per un pullman uscito fuori strada sul Raccordo Autostradale 3, al km 7 in dir. Sud. Squadre al lavoro per soccorrere alcuni passeggeri incastrati nel mezzo pic.twitter.com/Lw5syOFc8U
— Vigili del Fuoco (@vigilidelfuoco) May 22, 2019
stan.kz