Алаш қайраткерлері аштықпен қалай күресті?

0

1921 жылдың күзi мен 1922 жылдың көктемi қазақ мемлекетi мен ұлты үшiн саяси, экономикалық, ұлттық мәселелердiң ширыға шиеленiскен тұсы болды. «Алашорда» қайраткерлерiнiң өкiмет басындағы ықпалы сақталған ең соңғы маусым едi. Жазға қарай жаппай қамауға алынғанына қарамастан өздерiнiң ұлт  алдындағы парызын орындап кеттi. «Аштарға көмек» комиссиясы ВЦИКтің жанынан 1921 жылы 18маусымда құрылып, 1922 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс істеді. Оның бөлімдері барлық республикаларда ашылды. Қазақстандағы комиссияның басты міндеті – еуропалық аштарға азық-түлік жөнелту болды. Бір жарым миллион адамның өмірін үзген ашаршылыққа назар аудармастан Аралдың балығы Поволжьеге жөнелтілді. Павлодар уезінде аштарға деп жиналған ет еуропалықтарға жетпей, сасып жатты. Ал онымен жапсарлас Торғай өңірінің қазақтары аштан қырылып, ел кезіп, «без теріп» кетті.Осыған орай Қазақстан мен Түркістан деңгейінде А.Байтұрсыновтың ұсынысымен «Аштарға көмек» комитеті құрылды. Басында бейтараптық танытқан Өлкелік комитет, ел-жұрттың алдындағы беделінен айырылып бара жатқанын көріп, еріксіз араласады. Ол туралы С.Меңдешевтің өзі: «Алашордашылар аштарға көмек көрсетуде белсенділік танытып, дербес қимылдап еді, біз олардың бұл әрекетіне қарсы тосқауыл қойып, іске араластық», деп жазды.Ашаршылықтың қазақ арасына ажал тырнағын салғанын, әр бұтаның түбiнде көмусiз қалғанын көрген Әуезов қызметке оралысымен дабыл қақты. Бiр аймақта емес, Орал, Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Ақмола губернияларын жайлаған аштық кеңес өкiметiнiң жазалауынсыз-ақ қырылып бiтетiнiне көзi жеттi. Кеңестiк партия қызметкерлерi Мәскеуден жасырған қылмысын әшкерелеп, барлық қазақ қайраткерлерiн аштарға көмек комитетiн құруға шақырды. Мұндай хабарды алысымен Ташкентте  С.Қожанов, Ғ. Бiрiмжанов, Семейде М. Дулатов пен Ж. Аймауытов бастаған зиялылар «Ақ жол», «Қазақ тiлi» газеттерi арқылы бүкiл қазаққа сауын жариялады.1921–1922 жылғы ашаршылықтан Қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң толық емес анықтамасы бойынша 1,5 миллион (!) адамның аштықтың тұзағына iлiнген.

Мәскеу мен  Өлкелiк партия комитетi тек сырттай бақылаушы ғана болып отырған. 1921 жылы 10 желтоқсан күнi өткен қазақ қызметкерлерi қатысқан кеңестiң күн тәртiбiне қойған мәселесi екеу:

«І. Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру.

2.Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және оларды тиiмдi пайдалану, сондай-ақ Түркiстан Республикасына қоныс аударған қазақ қызметкерлерiн керi қайтарудың амалын қарастыру.

Қатынасқандар: Жангелдин, Әуезов, Алманов, Асылбеков, Нахимжан, Кенжин, Байтұрсынов, Байдiлдин, Төлепов, Жаманмұрынов, Сарымолдаев, Авдеев, Найманбаев, Нұрмаханбетов, Игiлiков, Қаржасов, Тұнғаншин, Бiржаров, Оразбаева, Саматов, т. б.

Жолдас Жангелдин төрағалық еттi.

Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру туралы М. Әуезовтiң баяндамасы тыңдалды. Әуезов жолдас: аштарға көмек көрсету ұйымдарының аяғы әлi қыр елiне жеткен жоқ. Олардың таяу арада жетуi де неғайбыл екенiн айтты. Әуезов оның себебi мынада деп көрсеттi:

1.Ауылдардың тiкелей өзiмен араласа отырып, олардың мұқтажтықтарын анықтайтын бұл саладағы мiндеттi атқаратын қызметкерлер жоқ.

2. Аштыққа ұшыраған қазақтар нақты бiр жетекшi адам болмаса, олар аштарға арналып мемлекет тарапынан бөлiнген сыбағаның өзiне де қол жеткiзе алмайды, өйткенi қазақтар бiр үзiм нан үшiн жат жерде қол жайып қаңғып жүргеннен көрi үйiнде өлгендi артық санайды, тiптi көмек сұрап ел кезе қалған күннiң өзiнде де қараңғы, аңқау қазақ оларды өз бетiмен iздеп таба алмайды, көмекке қолы жетпейдi.

3. Жергiлiктi жердегi аштарға көмек көрсету ұйымы қолтығының астындағы, яғный жақын жердегi қалалар мен қала маңындағы селолардағы күйзелгендерге ерекше қамқорлық жасауға тырысады, сондықтанда қаладан шалғай орналасқан қазақ ауылдары үнемi кейiнге ысырылып қалады. Шындығына көшсек, – дедi Әуезов, – ашаршылық жайлаған қырдағы елдiң қырылғанының жанында, қаладағы аштықтың үрейлi көрiнiстерi ойын сияқты әсер етедi. Егерде бұл аудандарды аштықтан құтқару үшiн дәл қазiр шұғыл түрде шешушi шара қолданылмаса, онда қазақ республикасы қазақсыз қалады. Көптеген аудандардағы қазақтар көптен берi тек қана көртышқанмен, тышқанмен, суырмен, тағы сол сияқты ұсақ  жәндiктермен өзегiн жалғауда, соның кесiрiнен әртүрлi жұқпалы аурулар мен iндеттер естiп- бiлмеген деңгейде таралып барады.

Мұның барлығы, аштарға көмек көрсету ұйымдарының қыр елiне жаны ашымайтындығын, оларға немкеттi қарайтындығын көрсетедi, сондай – ақ осындай қасiреттi өрттi өшiруге қазақ қызметкерлерiнiң де бейғамдығы байқалады. Өкiмет басында отырған қазақ қызметкерлерi, бұл iстi дәл осы күйiнде қадырып қоюға болмайтыны өз алдына, бұл – сiздер үшiн қылмыс, бiз бұл үшiн қазақ елiнiң алдында, өзiмiздiң арымыздың алдында  жауаптымыз, – дедi Әуезов жолдас.

Баяндамасының соңында Әуезов жолдас қырдағы аудандарға аштарға көмек көрсету шараларының жоспарын ұсынды, жарыс сөз бен талқылаудан кейiн iшiнара өзгерiстер мен толықтырулар еңгiзiлген соң бұл ұсыныс қаулының негiзi етiп алынды.  

Қазақ қызметкерлерiнiң Кеңесi қабылдаған бұл қаулы КЦИК-тiң бекiтуiне жатады.

Кеңес төрағасы –  Жангелдин.

Хатшысы           –  Нахым-жан».

Қол  қойылып, мөр басылған».

Сол тұстағы Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезовтiң iс-әрекетi туралы «Қалам» былай баяндайды:

«Осы Кеңестен кейiн Әуезов ашаршылық туралы көлемдi мақала жариялады (Қараңыз: «Еңбекшi қазақ №4 және №5), қалыптасқан жағдайда дұрыс бағалаудың үлгiсi есебiнде ташкенттiк алашордашылар қағып алып, «Ақ жол» газетiарқылы насихаттауға көштi

Сол кезде аштарға көмек коммисиясы да өз iстерiн өзгеше жүргiздi. Сол коммисияға тартылған мекемелер жергiлiктi жерлерге шұғыл жедел хат жолдап жатты. Губерниялардағы зиялылардың игiжақсылқтарының тiзiмi жасалып, оларды аштарға салауат–сауын жинауға ұйымдастыруға тарту үшiн жергiлiктi жерлерге жiберiлдi. Жарлықтар мен нұсқаулар жiберiлдi, губернияларға баратын өкiлдер iрiктелдi. Байтұрсынов комиссияның атынан қазақ елiне арналған көлемдi үндеу жазып, оны «Еңбекшi қазақта» жариялау үшiн маған алып келдi. Бере салысымен ол менен мұны тезiрек жариялауды өтiндi. Мен айтқанын iстеймiн деп уәде бердiм. Үндеудiшындығында жариялағым келдi… Бiрақ оны мазмұнымен танысқаннан  кейiн ниетiмнен айнып қалдым. Үндеу бiр жақты екен. Онда ашаршылықтың жағдайы тым әсiреленiп жазылыпты және аштықты тудырған нақты себеп-салдары дұрыс көрсетiлмептi. Үндеудiң қорытынды бөлiмiнде халықтыңқаймақтарын аштыққа қарсы күресуге шақырыпты, сондай-ақ онымен күресудiң жолдарын (барлық зиялыларды жұмылдыру, аштарға жаппай салауат-сауға жинау, оларды аштық жайлаған аудандарға жiберу т.б.) көрсеттi.

Мен бұл мақаланы жарияламауға бекiндiм де, оны өз қағаздарымның iшiне қоса салдым (Онда редакция кеңсесi жоқ болатын). Бiрнеше күн өткен соң Байтұрсынов тағы да келдi де өзiнiң үндеуiнiң қашан жарияланатынын сұрады. Мен: мақаламен танысып шығып, келiсiмiн беру үшiн алқа мүшелерiне берiлдi, таяу арада жариялап қалармыз, – дедiм. Содан кейiн өзiмнiң әрекетiме өзiм қатты ыңғайсызданып қалдым, анау-мынау емес, аштық туралы аса дiлгiр мақаланы үкiмет комиссиялары мен тиiстiмекемелердiң келiсiмiсiз үндеудi тоқтатып қойғаным қате болды – ау деп ойладым, (Алашорданың жазғаны болса да), осындай ойға келдiм де бiрден Асылбеков жолдасқа бардым (Ол обкомның хатшысы, Аштарға көмек комиссиясының мүшесi және «Еңбекшi қазақ» газетiнiң алқа мүшесi болатын) да, Байтұрсынов екеумiздiң арамыздағы әңгiменiайттым, менiң ойымша бұл үндеудi жариялауға болмайтын сияқты дедiм. Танысып шығу үшiн үндеудi алып қалды да, келесi күнi жарияламауға келiсiм беретiндiгiн бiлдiрдi. Сөйтiп, Байтұрсыновтың үндеуi жарияланбай қалды. Ол үндеу соңғы жылдарға дейiн менде сақталып келдi, менiң қағаздарымның iшiнде бар ма, жоқ па, оны бiлмеймiн…

Ашып айтарым, «Алашордашы» зиялылар осы тұстарда көмек көрсету комиссиясын өз мүдделерiүшiн қатты пайдаланып қалды, олар аштарға жасаған жақсылығы арқылы жеке мүдделерiн жүзеге асыруға тырысып бақты. Кейбiр кездерде олар көздегендерiне  (мақсатына) жеттi де, саяси және қазыналық қор жинады. Бұл 1926 жылы Қызылорда қаласында өткен «Торғай iсi» деген сот келесiбарысында анық байқалады…

…Жоғарыда, мәлiм еткенiмiзден көрiнiп отырғанындай, бұл iс-әрекет кезiнде сәдуақасовшылар өздерiнiң айнымалы екендiктерiн танытты. Олардың бiреуi (Әуезов) алашордашылармен қосылып кетсе, екiншiлерi (Тоғжанов) олардың қол шоқпарына қалай айналғанын өзi бiлмей қалды, ал үшiншiлерi (мен сияқты тағы басқалары) олардың iс-әрекетiне белгiлiдәрежеде сын көзбен қарап, өзiн толық пайдалануға жол бемедi. (Мысалы: Байтұрсыновтың үндеуiн жарияламадым, т.с.с.)».

Айыбы, айыптың көрсетiндiсi ретiнде жазылғандығы демесе, Әбдiрахман Байдiлдиннiң баяндап отырған оқиғаларының барлығы да шындық едi. Мұхтар мен Смағұлдың құпиялап жүргені Орынбордағы ұлтжанды азаматтардың: «Не істейміз?»  деп талқыға салған пікірлері мен шешімдері еді.

«Сөйтсе, соңғы уақытта олар (Сәдуақасов пен Әуезов Кенжинмен, Мырзағалиевпен, және Әлiбековпен бiрiгiп) бiр iстi жоспарлапты. Олар: қазақ тұрғындары арасындағы жұмысты жақсартып, ашаршылықпен күрестi күшейту туралы мәселе қою үшiн қаулының жобасын жасапты (Осы да қастандық па? – Т.Ж.). Бұл жобаны олар алдын-ала обкомның жекелеген мүшелерiне көрсетiп, мақұлдатып алыпты. Жангелдиндiкөндiрiптi, Асылбековтi өздерiне қаратып, кейбiр еуропалық қызметкерлердiң де көзiн жеткiзiптi. Сөйтiп, обком мүшелерiнiң көпшiлiгiн өз жақтарына шығарып алып, бұл жобаны бекiттiрдi, осы бекiттiрген жобаны жүзеге асыру үшiн жергiлiктiжерлерге баратын қызметкерлердiң тiзiмiн де қоса жасады. Олар губерния бойынша былай:Семейге – Әуезов пен Досов; Ақмолаға – Кенжин мен Төлепов, Қостанайға – Сәдуақасов, т. б. бөлiндi.

Қайталап айтамын, менiң достарымның шүйiркелесуiосы iске тiкелей қатысты екен. Оны көрсетiлген оқиға бойынша обкомда шешiм қабылдағаннан соң барып Әуезов өзiмаған айтты.

Бiра та бұл iстiң ресми емес екiншi бiр астары бар екендiгiн Қостанайға жүретiн күнiСәдуақасовтан бiлдiм. Ол маған: Обкомның шешiмi арқылы бекiтiлген қаулыдағы аштыққа қарсы күрес жұмысын жүргiзумен қатар, барған уәкiлдер жергiлiктiжерлердегi бiздiң қарсыластарымызды, яғни отарлаушылар мен меңдешевшiлердiорынынан тайдырып, оған қоса кеңестiң 3-съезiне дайындық жүргiзетiн болады» , –  деп хабарлады. Осыны айтқан соң менен Сәдуақасов: «Орынбордағы жаңалықтарды тұрақты жеткiзiп тұр», – деп өтiндi. Сонымен уәкiлдер елге аттанып кеттi».    

Олардың бұл жолғы кеткенi – өкiмет билiгiнiнен де бiр жола кеткенi едi. Меңдешев пен Жангелдин, Сейфуллин iспеттi автономия басшылары тыс қалды. Мұның барлығын халық бiлiп, көрiп отырды. Тергеушiлер 1921–1922 жылғы алашордашылардың бұл еңбегін «Контрреволюциялық-ұлтшыл төңкерiс ұйымдастырып, Түркиядан астыртын келген Әнуар паша мен Заки Уәлидидiң басмашыларына қосылу үшiн қазақ әскерiн жинап, ел-жұртты соған үгiттеу мақсатымен қырға шыққан», деп бағалаған. Мiржақып Дулатов олардың бұл бопсасын жоққа шығара отырып, ешкiмнiң атын атамай сыпайы ғана:

«1921 жылы Торғай, Ырғыз, Қостанай уездерiндегiОрал губерниясының бiраз  бөлiгiндегi тұрғындар аштыққа ұшырады. Мен Семейдегi «Қазақ тiлi» газетiарқылы  бiрiншi болып: қырдағы аудандардың темiр жол торабына 400–500 шақырым қашықтықта жатқандығынан да және тұрғындарды орналасқандығынан да мемлекеттiк көмектiң оларға толық жетпейтiндiгiн айтып, барлық қазақ қызметкерлерiнiң атқа мiнiп, ел аралап салауат-сауын (добровольные пожертвование) жиып, жинаған малды дала арқылы аштық жайлаған аудандарға тура айдап апарудың әлде қайда тиiмдi екендiгiтуралы бастама көтердiм. Менiң бұл ұсынысымды көпшiлiк те қабыл алды, осы мәселе жөнiнде өткiзiлген мәжәлiс те бұл жобаны қолдады, кейiннен губерниялық Аштарға көмек комиссиясы мен оның орталық ұйымы да қостап, iске кiрiсу туралы рұқсат бердi. Шұғыл кiрiсiп кетудiң нәтижесiнде 2-3 – айдың iшiнде 15 мың iрiқара жиналып, олар сол уақыттың iшiнде аштыққа ұшыраған аудандарға жеткiзiлiп, халыққа бөлiнiп берiлдi. Бұл салауат-сауынның жетекшiсi әрiұйымдастырушысы ретiнде мен жаз айында Семей губерниясының үш уезiн аралап шықтым. Қырдан қайтып, Семей қаласына келген соң менi тұтқынға алды, ОГПУ-дiң Қазақстандағы  өкiлiнiң бұйрығымен Орынборға жөнелттi, бiраздан кейiн босатты», деп баяндады. Мiне, коммунист – колонизаторлар мен кеңес өкiметiнiң және қазақ автономиясы атқару комитетiнiң өздерi басқарып отырған халықты аштықтан алып қалған қайраткерлерге көрсеткен сыйы мен айтқан рахметi. Бiр таңданарлығы, ашаршылыққа сол тұста партия мен мемлекеттiң басында отырған Әлiби Жангелдиннiң, Сейтқали Меңдешевтiң, Сәкен Сейфуллиннiң (Бетпақдала) ауылдары ұшырап едi.

Мiне, осы Торғайға жеткiзiлген 15 мың малдың iшiнде Әлихан Бөкейхановтың – Шыңғыстауды, Міржақып Дулатовтың – Семей уезін, Мұхтар Әуезовтiң де Ертiс бойын аралап жүрiп жинаған сауын-салауаты бар едi. Соның iшiнде көктемнен бастап бүкiл Семей губерниясын аралап мал жиып, Сарыарқаны кесiп өтiп, жердiң түбi Торғайға  –  екi мәрте мал айдап апарған, ең адал азамат ретiнде жұрт сенiп тапсырған өкiл – Жүсiпбек Аймауытовқа қарсы астыртын арандату әрекетiжүргiзiлгенi тiптi де түсiнiксiз. Халықтың басына түскен қасiреттi Қазақ Автономиясын билеген коммунист – колонизаторлар да, коммунист-қазақтар да жасырып қала алмады. Ақыры Мәскеуге мәлімет беру үшiн «Алаштарға көмек комиссиясының жұмыс қортындысын» дайындады. Аса құпия құқы бар бұл мәлімет дербес кiтапша ретiнде дайындалғанымен, жарияланбаған күйiнде қалды. Сол  «Қортындыдан» бiрнеше мысал келтiремiз.

Құжат Мәскеудiң көңiлiн аулап, өздерiн ақтау үшiн жазылғандықтан да жұттың шығу себебiн:

1) Патша өкiметi ашаршылықпен күреспедi. 2) Қазақ даласы  мен қазақтар үшiн жұт – табиғат сыйы. Қазақтардың ашаршылыққа етi үйренiп қалған. 3). Сондықтан да Ресей мен Украинадан келген келiмсектерге ең бiрiншi көмек көрсетiлді – деп баса баяндайды.

Халықаралық көмек ұйымдары қазақ даласына ат iзiн салмаған. Сондай-ақ «ашаршылықтан құтқару үшiн 1921 жылдың жазында Түркiстанға 20 мың еуропалық  тұрғындар» жiберiлген. «Аштарға көмек комиссиясының жұмыс қортындысы» бойынша:

Қазақ Автономиялы республикасының бес губерниясында 1 миллион 559 мың адам аштықтың тырнағына iлiнiптi. Қазақ Республикасындағы баспанасыз, қаңғып қалған балалардың саны 1 желтоқсанда – 128 мыңға, 31 желтоқсанда – 158 мыңға, 1922 жылдың қаңтар айында 333 мыңға, наурыз айында – 408 мынға жетiптi. Бұлар тек есепке алынған аш балалар. Ал, қалаға жете алмай далада сүйегi шашылып қалғандар қаншама десеңшi.

Адамның жанын  түршiктiру үшiн емес, мұқым Қазақстан халқының басына түскен нәубәттiң сұмдығын сездiре кету үшiн Орталық комитетке қаратыла жазылған ресми құжаттың өзiнде жазылған мына мәліметпен ойымды тұжырымдаймын.

«Ит пен мысықты ұрлап, сойып – жеу, шын мәнiнде, iндетке айналды. Осынау «бiр кесiм ет үшiн» бiрiнiң жағасын бiрi жыртқандар көшеде жыртылып айырылды. Өмiрдiң өзiнен алынған шындықтың сиқы осындай; қу құлқыны үшiн, күн көруi үшiн әлгiндей бiр хайуанның соңынан бiрнеше адам жүгiрiп бара жатады. Қалайда тiрi қалудың қамын жасап, жансебiлдiкпен жанталасқан әлгi адамның өмiрге құштарлығын түсiну үшiн оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезiндегi қуанышын көрсеңiз ғой, аштықтың қасiреттi сайқымазағын сонда түсiнесiз. Жол жиегiнде өлiп жатқан, өлiп бара жатқан адамдарға әлгi «жансебiлердiң» өзi қарауға қорқады, өйткенi келесi сәтте оның өзi де соның кебiн құшуы мүмкiн. Иә, ол да ғажап емес… Сотта, бiрде аштық сотта тұрақты түрде адамның етiмен қоректенген үш адамның iсi қаралап жатса, келесi де адамның етiн пұттап сатқанға үкiм шығарып жаттады. Мiне, дәл осындай көрiнiстен мағлұмат берген Орал губерниясындағы Елек аудандық аштарға көмек комитетiнiң 1922 жылғы 14 қаңтарындағы есебiнде: «Кешке жақын көшеге шығу қорқынышты, адамдарды, әсiресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар.. Аштар өлгендердiң етiн жеп жатыр»,– деп жазылған екен.

1922 жылдың қаңтар-ақпан айында Орынборда өткен Атқару комитеттiң мәжiлiсi мен IIпартконференцияда аштыққа қарсы шара қолдануға дәрменсiз үкiметтiң пәрменсiз өкiлдiгiне ыза болған Түркiстан Республикасының уәкiлдерi К.Жәленов, Ғ.Тоғжанов, Е.Қапин iспеттi өкiлдер оларды қатты сынға алды. Шыдамы таусылған қазақ оқығандары ендi жиналыс ашып, даурығудан пайда жоқ екенiн түсiнiп, өзара ақылдасып iске кiрiстi. Ахмет Байтұрсынов: :

«Ақ болсын, қызыл болсын бәрiбiр, мен тек қазақ ұлтының мүддесiн қорғайтын мемлекеттi ғана жақтаймын»,  деп ашық жариялаған әйгілі саяси мәлiмдемесі  болатын.

Мұны сол тұстағы қазақ қайраткерлерiнiң бәрi де түсiндi. 1921–1922 жылдары «Алашорда» үкiметiнiң мүшелерi ішкi-сыртқы жағдайды кеңiнен талдай отырып:  

«Бұрынғы аты танымал қайраткерлердi кеңес өкiметi түбiнде бәрiбiр жазаға тартады. Сондықтан ұлттың санасын тұмандатпас үшiн: ұлт азаттық-қозғалысының мақсаты толық орындалмағанын, оған кеңес өкiметiнiң мүмкiндiк бермейтiнiн халыққа үнсіз жария ету және кеңес өкiметiмен жiк-арасын ашу мақсатында ғылымиағарту саласына ауысып, рухани тәуелсiздiктiң ұрығын себуге ұмтылсын. Ал  екiншi толқын мемлекттiк мекемелердiң  iсiне белсене аралсып, саяси сахнаға шығып, ұлттың мүддесiн көздесiн. Дәл қазiргi жағдайда бұдан басқа амал жоқ»,  деген ішкі ұйғарымға келеді.

Бұл – Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов ұсынған күрес тәсiлi едi.

Алайда кеңестік большевиктер бұл ашаршылықтан сабақ алмады, қорытынды шығармады.Ел басына ашаршылықтың төнгенiн, тек 1931 жылы ғана 1 миллион 74 мың адамның босқынға ұшырағаны туралы жоспарлау комитетiнiң мәлiметiн көре тұрып, 1931 жылдың қараша айының 1 күнгi мәжілісінде өлкелiк комитеттiң екiншiхатшысы Iзмұқан Құрамысов сондай бетбақтықпен:

«Жекелеген коммунистерiмiздiң, тiптi кейбiр белсендiлердiң – Қазақстанның жағдайы қазiр жайсыз, әлдебiр күйреудiң нышандары байқалады-мыс, Қазақстанның болашағы күңгiрт, т.б. деп мiңгiрлеуi, босаңдық танытуы бiзге екi есе түсiнiксiз, екi есе кешiрiлмейтiн iс. Бұл әлдекiмдердiң бос былшылбайы. Әрине, мал басының азайып кеткенi байқалады, бiрақта оған кiнәлi – байлар… Кейде орташалардың өзi бай мен кулактың сөзiне ерiп, малын қасақана шығынға ұшыратады… Бiз, ұлттық коммунистер, ұлы тарихи процестiң куәсi болғанымызға, қазақ еңбекшiлерiн жаңа баспалдаққа көтерген жаңа құрлыстың тетiгiнiң бiрi болғанымызға  мақтануымызға болады және мақтануымыз керек. Бiз патшаның барлық құбыжық мұраларының тамырын үзiп, оны жеңуге қатыстық. Жыласа, әлгi алашордашылар жыласын… Солар-ақ: «Қазағымды сүйемiн», – деп кеудесiн ұрып, айта берсiн. Қазақстан мен  қазаққа кiмнiң көп еңбек сiңiргенiн, кеңестiк Қазақстанның жемiстернiң нәтижесiн еңбекшi қазақтардың өзiайтсын», деп көлгiрсiдi.

Айтатын несi бар. «Кеңестiк Қазақстанның жемiсi» – екі жарым миллион аштан өлген қазақтың сүйегi екенiн «мiңгiрлеген, босаңсыған» коммунистер де, белсендiлер де бiлдi. Бiлiп тұрып «Қазағым!»  – деп жыламады». «Кешiрiлмейтiн күнәға» батқан екiжүздi хатшының өзiедi.

Қазақ даласына ажал сепкен аштықтың қалай жайылғанын мына төмендегi екi кестеден анық байқайсыздар.

1921 жылдың наурыз айының соңындағы мәлiмет.

Губерниялар

Тұрғындардың

жалпы саны

Аштыққа

ұшырағаны

Процентi

Орынбор

Қостанай

Ақтөбе

Орал

Бөкей

Ақмола

Жиыны:                  

680.271

455.598

501.637

470.028

224.028

1 млн.164

3 млн. 353.228

526.401

414.350

361.049

446.536

66.255

472.000

2 млн.286.591

80.3

74.5

72.0

99.0

29.5

46.2

68.2

Екiншi кезекте: 1921 – 1922 жылдары аштық пен iндетке ұшырағандардың (мың есебiмен) тiзiмге iлiккен мөлшерi, жақшаның iшiндегi сан – өлгендердiң есебiн көрсетедi).

Айлары

Орынборда

Оралда

Ақтөбеде

Ақмолада

1921 жыл.

Қараша…

Желтоқсан

1922 жыл.

Қаңтар…

Ақпан

Наурыз

Көкек

Мамыр

Маусым

  Жиыны:

3044 (210.7)

947 (2.022)

2.241 (1908)

770.3 (625)

520.1  (378.5)

433.3(340.1)

347.9(270.0)

682(376)

2.957.(2.253.5)

112.(39)

947(481)

813(503)

850(545)

868(13.9)

712(602)

536 (418)

338(57)

5.178(3.3.003)

1112(1.010)

749(1.642)

1.050(981)

1.438(138.9)

712(602)

630(530)

548(474)

505(430)

7804(70.58)

250(172)

224(184)

483(350)

105.0(730)

103.1(150.9)

226.0 (502)

704(502)

57(17)

659(4955

)

Екi кестенiң соңында да: «бұл толық есеп емес. Аштардың да, өлгендердiң де саны бұдан әлдеқайда көп»  деп ескерту берiлген.

Тұрсын  ЖҰРТБАЙ, филология ғылымдарының докторы, профессор

tazael.kz