Мердігерлік шартын жасаудағы тараптардың құқықтары мен міндеттері

0

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ 
 
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … 5

1 ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ … … … … … …8
1.1 Шарттың ұғымы мен оның
маңызы … … … … … … … . … … … … … … … … … .8
1.2 Шарттың түрлері және
мазмұны … … … … … … … … … … … … … … … … … .1
0
1.3 Шартты жасау, өзгерту және
бұзу … … … … … … … … … … … … … … … … ..1 7

2 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖАСАЛУ
ЖОЛДАРЫ … … … … … … … … … …21
2.1 Мердігерлік шартының жалпы
түсінігі … … … … … … … … … … … … … … ..21
2.2 Мердігерлік шартының жасалу
жолдары … … … … … … … … … … … … … ..22
2.3 Мердігерлік шартын жасаудағы тараптардың құқықтары мен
міндеттері … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … ..26

3. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІНІҢ ЖАСАЛУ
ЖОЛДАРЫ … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … .35
3.1 Тұрмыстық мердігерлік шартының жасалу
жолдары … … … … … … … … ..35
3.2 Құрылыс мердігерлік шартының жүзеге асу
жолдары … … … … … … … …42
3.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік
шарты … … … … … ..48
3.4 Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың
мердігерлік
шарты … … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
.50

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … .54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ … … … … … … … … … … … … … … … 58

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ

ҚР- Қазақстан Республикасы
АҚШ- Америка құрама штатары
КСРО- Кеңес социалистік республикалар одағы
ТМД- Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
БАҚ-Бұқаралық ақпарат құралдарының,
ҚДСП-Қазақстанның социал – демократиялық партиясы
ҚАП-Қазақстанның азаматтық партиясы
ҚРХП-Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы
ӘҚСК- әкімдерге қоғамдық сенім комитеттері
КЕҰ-коммерциялық емес ұйымдардың

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең
қымбат қазынасы — адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары
делінген.[1]
Сондықтан еліміз жаңа әлемдегі деңгейге аяқ басқан қазіргі таңда
мердігерлік шартты дамыту аса өзекті мәселелердің бірі ретінде алға қойылып
отыр.
Нарықтың құрамдас бөлігі ретінде мердігерлікті дамыту ел алдына
қойылған үлкен міндет десек артық емес. Олай болса, мердігерлік шартты ол
туралы біліп ғана қоймай, терең зерттеулер жүргізуді талап етеді.
Сондықтан қазіргі Қазақстандық мердігерлік шартты зерттеу, оның
негізгі артықышылықтары мен кемшіліктерін білу кез-келген заңгерлер үшін
аса маңызды болып табылады.
Мердігер — шарт бойынша белгілі жұмысты орыңдауға міндеттенетін тұлға,
көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке
кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде
мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара
алады. Кейбір жағдайларда, «Лицензиялау туралы» 17.04.1995ж. Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен және
толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау-
іздестіру, құрылыс-монтаждық жұмыстары т.б. лицензиялануы керек. [2]
Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет.
Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа
тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де
тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.
Бүкіл жұмыстың мөлшерін орыңдауға алғашқы шарт жасаған және басқа
тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға
(тұлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында
тапсырысшы болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға
тапсырысшысының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшысының
алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға
үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс
орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап
етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе
жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға
тапсырысшысының алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борыш-керлер болып
келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына)
жұмыстың ақырғы нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине,
олар бөлек, бір-біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастардың
субъектілері, өйткені олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердігерлік
шарттары жасалады.
Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасасуы мүмкін, осы
жағдайда тұлғалардың көпшілігі орын алған бір міндеттемелік құқықтық
қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір
айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып
міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін (ҚР АК 287 бабының 1 тармағы),
сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы себебінен
бірнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе
алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 287 бабы, 2
тармағы). [3]
Тақырыптың мақсаты мен міндеті:
Тақырыптың мақсаты мердігерлік шарттың жасалу жолдарының құқықтық
реттелу негізін жүйелі әрі обьективті зерттеу арқылы оның белгілі бір
жүйеге келуіне әсер ету. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді орындау
қажет:
— мердігерлік шарттың заңнамасына байланысты заңдар, нормативтік
актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, мақалаларды т.б.
деректердің барлық түрлерін жинап, салыстырып-саралау негізінде оның еңбек
нарығында алатын орнын мүмкіндігінше нақты көрсету;
— мердігерлік шарт заңнамасының даму тарихын жан-жақты ашып көрсету,
Қазақстан Республикасындағы мердігерлік шарттың жасалу жолдарының заңдағы
кемшіліктерді нақты айқындау;
— мердігерлік шарт Заңы баптарының Конституцияға қайшы келетін
тұстарын қатаң түрде қарастыру, бұрыс мағына беретін баптарды талқыға салу;
— Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексін Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасымен салыстыру;
— Шет елдерінің мердігерлік шарт заңнамаларымен салыстыра отырып
мұндағы жетістіктерді қарастырып назарға алу.
Тақырыптың жаңашылдығы:
Мердігерлік шарт заңнамасының қазіргі қоғамға сәйкестігі мен оның
рөлін анықтау барысында келесідей жаңашылдықтарды көруге болады. Мысалы:
— қазіргі Қазақстандағы мердігерлік шарт нарығының құқықтық
жағдайларын көрсету, оның қайшылықтары мен жетістіктерін ашу- жұмыстың
басты нәтижесі болып табылады;
— деректер негізінде бұған дейінгі мердігерлік шарт заңнамасында
қарастырылмаған мәселелердің кейбір тұстары біршама жүйеленеді;
— Қазақстан Республикасындағы мердігерлік шарттың жасалу жолдарының
негізгі саласы келтіріледі;
— болашақтағы мердігерлік шарттың жасалу жолдарының заңнамасына көмек
ретінде әзірленген бағдарламаларға тоқталып өтіледі.
Зерттеу обектісі Қазақстан Республикасындағы жұмыс күшінің көші-қоны
және еңбек нарығының қалыптасуы мен даму кезеңдері мен құрылымы.
Зерттеу пәні – жаңа замаңда Қазақстан Республикасындағы мердігерлік
шарттың жасалу жолдарын мемлекеттік реттеу болып табылады.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізідері нормативтік
құқықтық актілер мен Қазақстан республикасы және Ресей Федерациясының
ғылыми әдебиеттерің қолдануынан көрініс тапты. Сонымен қатар статистикалық
мәліметтер қолданылды.
Дипломдық зерттеулер жүргізу үшін келесі әдістер қолданылды:
аналитикалық, жалпы диалектикалық, салыстыру, тарихи, логикалық және
қорытындылау әдістері.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы, автормен Қазақстан
Республикасында мердігерлік шарттың жасалу жолдары саласы саясатын қолдауға
бағытталған негізгі шараларды ұсынуынан тұрады.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды,
қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде таңдалған жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен зерттеу
пәні, зерттеу тәсілдері, ғылыми жаңашылдығы мен құрылымы көрсетілген.
Бірінші тарауда шарттың жалпы түсінігі мен жасалу жолдары жағдайлары
анықталған.
Екінші тарауда мердігерлік шарттың жасалу жолдары, мердігерлік
шартының жалпы түсінігі, мердігерлік шартын жасаудағы тараптардың құқықтары
мен міндеттері көрсетілген.
Үшінші тарауда мердігерлік шартының жекелеген түрлерінінің жасалу
жолдары, тұрмыстық мердігерлік шартының жасалу жолдары, құрылыс мердігерлік
шартының жүзеге асу жолдары, жобалау және іздестіру жұмыстарында
мердігерлік шарты, ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және
технологиялық жұмыстардың мердігерлік шарты толықтай зерттелген.
Жасалынған зерттеулердің нәтижесімен, олар бойынша келтірілген
ұсыныстар қорытынды бөлімінде көрсетілген.

1 ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Шарттың ұғымы мен оның маңызы

Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы
құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық
қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң
шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын
бұзушылықты білдіреді.
Шартты (соntrасіon) рим құқығы үш түрлі мағынада: құкық қатынастарының
туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретіңде; ең соңыңда тиісті
құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық
кодекстерінде тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның
азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы
келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді.
Сондықтан да, осы баптың 2-тармағына мәміле нормаларына мынадай сілтеме
жасайды: “шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер
қолданылады”. Сонымен бірге,“мәміле” ұғымы “шартқа” қарағанда кең, өйткені,
мәміле бір жақты болуы мүмкін. [4]
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті
баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше
көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады.
Мысалы, шарттан туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық
қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен
өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.
Шарт еркіндігі. Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі кодекс
айқындаған шарт еркіндігі болып табылады (АК-тің 2-бабының 1- тармағы).
Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субьектісі
шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда: 1) шартты жасау не жасамау, 2)
шарт бойынша серікті жақты таңдау; 3) шарттың түрін таңдау; 4) шартқа
белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу;
Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шарты да жасаса
алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-
тармағы).
Шарттың әрқилы болып кетуі азаматтық құқықта оларды топтастыруға жол
ашады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі.
[5]
Біржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық,
ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты
жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап
етуге құқылы. Шарттың көбі екі жақты болып келеді. Мысалы, сатып алу-сату
шартында сатушы сатылған затты сатып алушыға тапсыруы керек, бірақ одан
ақша төлеуді талап етеді, ал, сатып алушы заттың құнын төлеуге міндетті,
және затты өзіне беруге талап ете алады.
Консенсуалды (келісім) және нақты шарт. Консенсуалды шарт дегеніміз
әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген
бойда күшіне енеді де әржақтың құқытары мен міндеттері туындайды. (мысалы,
сатып алу-сату,мүлікті жалдау, мердігерлік және т.б.)
Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтінде ғана құқықтар мен
міндеттер туғызатын шарт болып табылады (мысалы, займ шарты, азаматтардың
қатысуымен сақтап шарты).
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша
құқытар мен міндеттерді алатындар-сол міндеттемеге қатысушылар. Алайда
азаматтық айналымға басқа да түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір
міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемеге не тікелей өзі, не өзінің
уәкілі арқылы қатыспайтын үшінші жақ алады.[6]
Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт- бұл тараптар несие берушіге
емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап
етуге құқығы бар үшінші жақ үшін жасалған шарт(АК-тің 391-бабы). Үшінші
жақтың пайдасына жасалатын шартты үшінші жаққа орындау жөніндегі шарттан
бөлектеу қажет, өйткені, ол орындауды талап ету құқығын ешқашан
еншілемейді. Аталған тұлға тек орындауды ғана қабылдауға уәкілетті, несие
берушінің өзі де оны орындау ретінде қарайды. Үшінші тұлғаның айырмашылығы-
шартты орындауды талап ету дербес құқығы болмайды. Ондай құқық үшінші жаққа
шарт бойынша беріледі. [7]
1994 жылы қабылданған Азаматтық кодексте шарттың мынадай жаңа түрлері
бар: жария шарт, қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметтінің сипатына қарай оған
өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату,
жұмыстарды атқару немесе, қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін
белгілейтін шарт –жария шарт деп танылады. (АК-тің 387-бабының 1- тармағы).
Одан ұйымдарға бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау,
байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана,
банк қызметін көрсету және т.б. жатады. Аталған ұйымдардың тұтынушыларға
тауар беруде, қызмет көрсетуде, жұмысты орындауда бас тартуына жол
берілмейді. Шарт жасауға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші
тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы(АК-
тің 399-бабының 4- тармағы).
Коммерциялық ұйым жария шартты жасауға қатысты бір тұлғаға басқа
тұлғалар алдында, егер заңда немесе нормативтік актілерде өзгеше
көзделмесе, ешқандай артықшылық беруге құқығы жоқ. Шартты көрсетілген
талаптар, мәселен, тауарлардың, қызмет көрсету мен жұмыстардың құны
тұтынушылардың бәріне бірдей болады. [8] Тұтынушылардың кейбір
категорияларына жеңілдік беруге заңдармен жол беретін жағдайлар
есептелінеді(АК-тің 387-бабының 2- тармағы). Ондай тұтынушыларға, мысалы,
мүгедектер, соғыс ардагерлері және т.б. жатады.
Азаматтық кодекстің 387-бабының 5-тармағының күшіне орай жария шарттың
жоғарыда аталған талаптарына сәйкес келмейтін ережелері жарамсыз болып
табылады. [9]
Қосылу шарты- ережелерін тараптардың біреуі формулярда немесе өзге
стандартты нысанда белгіленген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа
тұтастай қосылу жолы деп қабылдайтын шарт (АК-тің 389-бабының 1- тармағы).
Бұл шарттың ерекшелігі сонда: мазмынын бір жақ жасап, қалыптастырады,
әдетте ондай жақ жұмыстарды орындайды, қызмет көрсетеді, аталған саланың
монополиялық және үстемдік ететін ережелері олардың стандартты нысандарында
жазылады. Екінші жақ- жұмысты, қызметті тұтынушы болашақ шартты жасауға
және де оны талқылауға, келісуге қатыспайды. Шарттың жағдайларымен олар
ғана тек оған ешқандай дау айтпастан қосылу жөніндегі қол қоюымен
білдіреді. Тұтынушы шарттың мазмұнымен келіспеген жағдайда оған қол
қоймайды. Оның ұсынылған шарт талаптарын талқылауға құқығы жоқ, шарттың
мазмұнына жаңадан немесе басқалай ұсыныс жасай алмайды. [10]
Алдын ала жасалған шарт- әр жақтың алдын ала жасалатын шартта
көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету
болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі (АК-тің 390-бабының 1-
тармағы). Алдын ала жасалатын шарт негізгі шартүшін заңдарда белгіленген
нысанда, ал, егер негізгі шарт нысаны белгіленбесе, жазбаша түрде жасалады,
ал тиісті ережелердің сақталмауы оның жарамсыз шартта негізгі шарттың
мәнін, сондай-ақ, басқа да елеулі жағдайларын белгілеуге мүмкіндік беретін
ережелер болуға тиіс. [11]
Азаматтық кодестің 390-бабының ережелеріне сәйкес, жасалған негізгі
шарт алдын ала шарт жасаған жақтар үшін міндетті болады. Алдын ала шарт
жасасқан тарап өзі көздеген шартты жасасудан жалтарған реттерді, егер
заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтірілген залады
екінші тарапқа өтеуге міндетті(АК-тің 390-бабының 5- тармағы). Егер ниеттер
туралы хаттамада тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшін беру
ниеттері тікелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды,
әрі оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкеліп соқтырмайды(АК-тің 390-
бабының 7- тармағы).

1.2 Шарттың түрлері және мазмұны

Шарттың мазмұны-жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже
бойыншы, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардың
басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді.[12]
Азаматтық коджекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында
шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін
нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.
Елеулі шарттар болып табылатындар:
1) шарттың мәні туралы ережелер;
2) заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар;
3) осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер;
4) бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті
барлық ережелер.
Кәдімгі жағдайлар заңнын диспозитивтік нормаларында қарастырылған,
яғни шартқа енгізу міндетті болып саналмайтын шарттарды айтады, өйткені,
бұлардың шартқа енуі өз өзінен белгілі. Егер нақ сол шартқа дағдылы
жағдайлар жөнінде айрықша ескертіліп айтылмаса, онда жалпы белгіленген
тәртіп қолданылады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 223-бабына сәйкес ерлі-
зайыптылардың некеге тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-
зайыптылардың арасындағы шартта басқаша көзделмесе, олардың ортақ меншігі
болып табылады. [13]
Елеулі деп есептелмейтін нормативтік актілерде қаралмаған мәселелер
бойынша әр жақтың келісімі кездейсоқ жағдайлар делінеді және осы жағдайлар
диспозитивтік құқық нормаларымен реттеледі. Олар әржақтың өзімен
қалыптастырылады және өздері арқылы заңдағы ережеге қосымша немесе
өзгерістер арқылы енгізіледі. Мысалы, әр жақ өзара келісімдер арқылы
мүлікті иеленушінің құқықтарын шартқа енгізеді, бірақ мүлікті
тапсырмайды.[14]
Шарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен де айқындалуы мүмкін. АК-
тің 388-бабына сәйкес, шарттың мазмұнында үлгі ережелерге сілтеме болмаған
жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер шарттың ережесін тараптар немесе
диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тараптардың қатынастарына іскерлік
қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады.
Үлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат
нысанында жазылуы мүмкін.
Ал енді сыртқы экономикалық келісімшарттың жасасу барысындағы
ерекшеліктер тоқталар болсақ халықаралық шарттар құқығы – халықаралық
құқықтың саласы болып табылады. Сонымен қатар, халықаралық шарт жасасу және
тоқтату принциптері мен нормаларын қамтиды.
Бұл сала халықаралық құқықтық жүйеде өте ерекше орын алады. Ол оның
барлық салаларымен және институттарымен байланысты. Теория және практика
жүзінде халықаралық шарттар құқығы деген түсінік қолданылады және оның
нормалары әдеттегі нормалардан өзгешелігі бар екенін көрстеді.
Келісімшарт құқығының қайнаркөздері – қарапайым нормалар болып
табылады. Осы және басқа құжаттар халықаралық шарттарды жасасу, орындау
және тоқтату тәртібін регламентейді:
— халықаралық шарт құқығы туралы конвенциясы 1969 ж. (тек мемлекеттер
арасында ғана келісімшарттар);
— мемлекттер арасындағы және халықарлық ұйымдар немесе халықаралық
ұйымдар арасындағы халықаралық шарт туралы Вена конвенциясы 1986 ж.
Халықарылық шарттар ол өз тарапынан халықаралық келісім екенін
көрсетеді. Мемлекетаралық немесе басқа халықаралық құқықтың субьектісін
жазбаша болмаса ауызша нысанда халықаралық құқықты реттейді. Мұндай
келісімдер біреу немесе бірнеше құжаттардан тұрады. Сондай-ақ олардың нақты
атауына тәуелді болады. Халықаралық шарттар өзіндік әртүрлі атауларды
иеленеді (пакет, конвенция, хаттама, келісімдер және т.б.), шарттың
заңдылық күші оның атауына тәуелді емес.
Халықаралық сауда қатынастардың тағы маңызды актілердің бірі
Халықаралық тәртіп бойынша сауда терминдерін түсіндіру (ИНКОТЕРМС) болып
табылады. Бұл құжат алғашында Халықаралық сауда палатасымен жарық көрді.
[15]. Содан кейін ХСП 1953, 1967, 1976, 1980, 1990, 1999 жылдары
толықтырулар мен өзгертулер енгізді. әр түрлі құжаттарды байланысын
компьютерлік байланысын қолданудың өсуі және соңғы жылдары дәстүрлі түрде
тауарды тасымалдаудың өзгеруіне қарай ИНКОТЕРМС-тің соңғы редакциясы болды.
ИНКОТЕРМС бар терминдері базалық жеткізілім шарттар қосады. Ол сатушы мен
сатып алушыдың арасында жасалатын халықаралық сатып алу-сату
келісімшарттарында құқықтар мен міндеттерді реттейді. Барлық терминдерде
базалық жеткізілімін келісімшарттардың бөлінген 10 негізгі бағыты бар, яғни
сатушының әрбір міндетіне сатып алушының міндетіне қарама-қарсы сәйкес
келеді. ИНКОТЕРМС 13 сауда терминдері бар.[16]. Олардың барлығында қысқа
атаулар бар. Олардың барлығында қысқа атаулар бар (FCA, DDP, EXW және
т.б.), яғни ағылшын тілде олардың атауын аббревиатура арқылы ұсынады.
Терминдердің бәрі тауардың барлық түрлеріне, яғни әуе, су, автомобильді,
теміржол және аралас түрдегі көлікпен тасымалдау қолданылады. Сонымен қатар
(FAS, FOB, CFR, CIF, DES, DEA) теңіз және су кеңістігінде жүкті
тасымалдауда когтракт жасасқанда қолданылатын бір қатар терминдер бар.
ИНКОТЕРМС-тегі барлық терминдер төрт топқа бөлуге болады. Бірінші топтың
бірі – Е тобы, мұнда сатушы тауарды өзінің жайында сатып алушыға ұсынады:
EXW (заводтан). Екінші топтың терминдеріне сәйкес – F тобы – географиялық
пунктіні келісілген және сатушымен жолданған тасымалдаушының өкілімен
сатушы тауарды ұсынуды міндеттенеді: FCA (франко-тасымалдаушы); FAS (ерікті
түрде кеме бойында); FOB (кемеде ерікті түрде). Үшінші С тобы – сатушы
тасымалдау шартын жасауды міндеттенеді. Сонымен, кездейсоқ өлімнің
тәуекелдігі немесе мүліктің зақымдануы, соған қоса қосымша шығын тауарды
көлік құрамына жүктеуден кейін жауапты болмайды: CFR (ақысы және фрахт);
CIF (сақтандыру ақысы және фрахт); СРТ (тасымалдаудың төлегенге дейін); CIР
(тасымалдау және сақтандыру төлегенге дейін). Ең соңғы D тобы – сатушы
тауарды жеткізгенге дейін тасымалдауды, шығынды, барлық тәуекелдіктерді
өзінің міндетіне алады. DAF(шекарада жеткізілім); DES (кемеден жеткізілім);
DEA (айлақтан жеткізілім); DDU (кеден баж төлемсіз жеткізілім); DDP (кеден
баж төлемімен жеткізілімі).тараптар келісімшарт жасақанда ИНКОТЕРМС-пен
ұсынған сыртқытауарлық операциясын кез келген үлгімен және оның негізінде
келісімшарт жасасу немесе бұл құжаттың ережесімен мүлдем қолданбауды
ұсынады. Оны қолданудың алдында тараптар контрактіде келісіп алу керек.
Содан кейін олардың келісімшарты ИНКОТЕРМС ережелерімен реттеледі. Ал
қосымша мәселелер тараптармен жазылып, контратктіде толығымен қосылу керек.
[17]
Көбінесе контракт деп аталатын келісімшарттар мемлекеттер арасындағы
фирмалар мен ұйымдардың тауарлық – экономикалық қатынастарды реттейді.
Сыртқыэкономикалық қатынастар шетел азаматтармен, шетел заңды тұлғалар
арасында жасалатын қатынастар. Бұл дегеніміз шетел тауарларын кіргізу және
тауарларды шетелге енгізу. Ал төлемді валюта арқылы екі жақтың тараптарына
да шетел валютасы немесе тараптардың біреуіне шетел валютасы төленеді.
Осындай жағдай сыртқыэкономикалық қатынас болады, яғни сатып алу – сату
келісімшарт, мердігерлік келісімшарт, комиссия және әртүрлі
мемелекеттердің фирмалар мен ұйымдар арасында жасалатын келісімшарттар.
Сыртқытауарлық мәмілелер арасында көбінесе таралған сыртқытауарлық сатып
алу – сату келісімшарттар болып табылады.
Сыртқы экономикалық келісімшарт құжаттарын дайындау және жасау
тәртібін түсіну үшін ең алдымен шарт жасасқанда оның терминдерін
(түсінігін) қызметте түсіну керек. 1980 жылғы тауарлар сатып алу – сату
халықаралық келісімшарт Вена конвенциясында тауарларды сатып алу – сату
мынандай келісімдер бойынша, әртүрлі мемлекеттердегі коммерциялық
кәсіпорындардың тараптар арасындағы жасалғаны түсіндірілген. Практикада
түрлі мәмілелер жасау кезігеді. Материалдық нысандағы тауарларды сатып алу
– сату мәмілесі дәстүрлі болып табылады. Мұндай мәміле бойынша сатушы
тауарды сатып алушының меншігіне белгіленген контратк мерзімінде және нақты
анықталған жағдайда беруді міндеттейді. Ал сатып алушы тауарды қабылдау
және ол үшін белгіленген ақша сомасын төлеуді міндетіне алады. Тауарды
экспорттау және импорттау жеке дара айырмашылық бар. Тәжірибеде отандық
ұйымдарда тауар айырбастаудың әр түрлері және конпенсациялық мәміле
валютасы негізінде жиі кездеседі. Мұндай мәміленің бірі тауар санымен
басқа тауарға айырбастауға келіскенде қарастыратын бір түрі бартерлік
(баспа бас айырбастау) мәмілесі болып табылады. Мұндай келісімшартты өзара
берілетін тауар санын көрсетіледі немесе тараптардың тауарларды беруді
міндетіне алудағы сомасы келісіледі.
Қазіргі жағдайда тауарларды сатып алу – сату неғұрлым әр түрлі
келісімшарттар (контракт) басымдыққа ие болуда. Мәселен барлық қызмет
көрсету маңыздылыққа ие болып, бұлайша барлық жағдайда қызмет көрсетуі көп
салалы. Атап айтқанда: құрылыс кәсіпорындарда техникалық тұрғыда көмек
көрсету, өндіріс кешендерін құру және басқа жобаларды жүзеге асыру,
өндірістегі жекелеген жабдықтау түрлерінде ынтымақтасу, бірлескен
конструкторлық және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, өнертабыстарын
зерттеудегі пайдалану жөніндегі келісімшарт лицензиясы және басқа да ғылыми
техникалық жетістіктер, ғылыми техникалық құжаттарды беру туралы
келісімшарттар, инженерлік келісімшарттар, лизингтік шарттар т.б. ресейдің
қолданыстағы заңнамасында сыртқытауарлық мәміле деген түсінік, ол
сыртқыэкономикалық мәміле деген түсінікте және кең көлемде қолданылады,
бірақ бұл түсінікке ол анықтама бере алмайды. өлшем негізінде халықаралық
әмбебап конвенцияда қолданылуы ең алдымен 1980 жылғы Вена конвенциясындағы
сатып алу – сату халықаралық келісімшартындағы, яғни оған қатысушы Ресей
болып табылды, сондай ақ МКАС доктрина практикасында (И.С. Зыкин), әр
түрлі мемлекеттерде орналасып қызмет істейтін коммерциялық кәсіпорындар әр
тұлғаның арасындағы келісімшарт кәсіпкерліктің қызметін жүзеге асыру
барысындағы сыртқыэкономикалық келісімшарт жататынын ұсынды. [18].
Келісімшарт жасасқанда тараптар ол қандай заңнамалармен реттелу
керектігін анықтау тиіс. Тараптар жеке ерікті түрде таңдау жасауға толық
құқықты. Бұл дербестік тараптар өздерінің қарауымен келісімшарт мазмұнын
белгілеуге құқықты.
Тараптардың жеке дара ерікті болуы әр түрлі мемлекеттердің
заңнамаларында танылған. Бірақта тараптардың жеке дара болу шегінің
мүмкіндігі мемлекеттердің заңнамаларында әр қилы болуымен түсіндіріледі.
Бір елде ол ешнәрсемен шектелмейді. Бұл, яғни тараптың мәміле жасауда оны
кез келген құқықтық жүйеге бағындыруды көрсетеді. Басқа елдерде
келісімшарттың оқшаулау принципі әрекет етеді: тараптар құқықтарын еркін
түрде таңдай алады, бірақ, аталған мәмілемен оның тек қандай байланысы бар
екеніне қарай. Сондай – ақ сатып алу – сату мәмілесінде тауарды таңдау
заңдылығы тараптардың өздерінде көп кездесе бермейді. Тараптың құқығын
белгілеу барысында көрінетін еріктілігінің тікелей болмай қалуы, мәміледе
қолданылуға жататын, сотта немесе сот төрелігінде (арбитраж) тараптардың
еркінділігі мүмкіндік алатын талқылау барысында ерікті түрде қараудың
мүмкіндігі неғұрлым артық болуына жағдай туғызады. Ағылшындық сот
практикасында мұндай жағдайдағы құқықты іздеу барысында аталған келісім
өзіне тән келісімшартқа, оқшаулау келісім шартының әдістемесін қолдауда.
Ағылшын ғалымы Дж. Чешир атап өткендей, сот заңды таңдағанда бұны әділетті
өте ақылды адамдар келісім шартты жасау барысында бұл туралы ойланды ма
дегенді дұрыс тани білуі керек. [19]. Мұндай жолменен АҚШ-тің сот
практикасы да келе жатыр. 1990 жылғы АҚШ-тың біркелкі сауда кодексіндегі
келісілген тәртіпте тараптардың құқығы мына жағдайда, яғни аталған мәміле
басқа да штаттар немесе мемлекеттер олардың құқықтары мен міндеттері
көрсетілген барлық құқық бойынша анықталғанда немесе басқа штаттар болмаса
мемлекеттер ол туралы келіскенде орнықты байланыс жасайды. Мұндай келісім
болмаған жағдайда осы заң аталған штатты байланысы бар мәмілеге
қолданылады.
Тараптардың ерікті жеке еріктілік принципі 1986 жылғы халықаралық жеке
құқықтық жаңа реттеу туралы Германиялық Заңының 27 бабынан бастау алған.
Егер тараптар келісімшартта мұндай таңдауды көрініс таппаса, яғни
келісімшарт неғұрлым тығыз түрдегі байланыстағы келісімшарттағы құқық
қолдану мемлекетке жатады.
ҚХР белгіленген заңнамалар тәртібі бойынша тараптар келісімшартта
өзінің құқығын анықтауы мүмкін, егер занңнамада өзгеше көзделмесе. Егер
тараптармен мұндай таңдау жасалмаса, онда сол елдің құқық қолдануы
неғұрлым көп байланыс түріндегі келісімшартқа жатады.
Бірқатар мемлекеттердің заңнамаларында бұл жағдай мәміледе
тараптардың еркіндігі мүлдем көрсетілмеген, контракт жасау орнының заңдылық
принципі қолданылады, бірақта қазіргі заман техникалық құралдары дамыған
жағдайда бұл принципті қолданудағы байланыс үлкен қиыншылықтарды алып
келеді. Халықаралық сауда төңірегіндегі мәміленің белгілі бір бөлігі
жазбаша түрмен бекітіледі (телеграф, телетайм т.б.), яғни мәміле
қатыспаушылардың арасындағы нысанда өтуі. Келісімшарттың орны бұл ретте,
сол үшін қажеттілігі қай жерде соңғы әрекет болғаны есепке алынады, яғни ол
мәмілені жүзеге асыру деп танылады.
Мәселе мынада, мұндай соңғы әрекет нақты қай жерде өтті, әр түрлі
елдерде біркелкі шешілмейді. Мысалы, Ұлыбритания, АҚШ, Жапония құқықтары
бойынша акцепт қай жерден акцепт жіберілді (пошта жайшигі теориясы) сол
кезден мәміле жасалынды яғни офертаны алуға келісілген (ұсыныс) деп
есептеледі. Ал көптеген басқа елдердің құқығы бойынша оның ішінде Ресей
мәміле оферентпен акцепті алу сол сәтте жүзеге асты деп есептелінеді
(ұсынысты жасаған тұлғамен). [20].
Соңғы жылдары көптеген елдерде мәмілені қолдануға жататын құқықты
анықтау үшін басқа да принциптер алға жылжытылды. Ең алдымен келісімшарт
бойынша сатушы заңы, сатушы қызметінің өндірістік орнының заңы
қолданылатыны көрсетілген.
ҚР Азаматтық кодексте екі мағына бар: келісімшарт және мәміле. Мәміле
екі немесе бірнеше тұлғалармен жасалған, өзгертілген және тоқтатылған
азаматтық құқықтары мен міндеттері және осы шартқа екі немесе көпжақты
шарттарда қолданылады. Басқаша айтқанда, шартқа қол қойғанда емес
(белгіленген уақытта және өзінің міндетін орындау), екі жақтар өзінің
шартта келісілген міндеттерін орындағанда ғана мәміле жасалған деп тануға
болады. Мәміле біржақты, екіжақты немесе көпжақты болуы мүмкін, ал шарт тек
екі немесе көпжақты болуы мүмкін.
Барлық сыртқыэкономикалық мәмілелер (экспорттық, реэкспорттық,
импорттық және реимпорттық іскерлік операциялар) тек жазбаша нұсқада
жасалуы керек. Көп жағдайда жазбаша нысанда жасалған кезде жарамсыз болып
есептелінбейді, ал тараптардың дауласқан кезінде оның мазмұнын жасасқан
жағдайын дәлелдей алмайды (жазбаша құжаттар ғана дәлел бола алады). Бірақ
тараптардың келісімін және тікелей көрсетілген заң актілерде
сыртқыэкономикалық мәмілелердің жазбаша нысанда жасасқан жағдайда мәміле
жарамсыз болып табылады, ол ҚР АК 152 бабының 3 тармағында көрсетілген.[21]
Сонымен қатар басқа заңнамаларда өзгеше көрсетілмесе және тараптардың
келісімімен хат алмасу, телеграмма, телефонограмма, телетайпрограмма, факс,
электрондық құжаттармен немесе басқа құжаттармен оларды субьект ретінде
анықтайды.
Осындай жағдайда әрбір тарап мәмілені жазбаша түрде жасағанын дәлелдеу
үшін оларда барлық құжаттар болуы тиіс. Яғни барлық құжаттардың түпнұсқасы
және бір біріне жіберілген құжаттардың
және олардың атауы, саны және сапасы, базалық талаптары және бағасы,
мерзімі, төлем шарттары, тауардың тапсыру – қабылдау тәртібі.
Заңнамада және тараптардың келісімдері қосымша талаптар мәмленің
нысанына сәйкес жасалуы мүмкін. Белгілі нысанда бланкіде жасалып, тіркеледі
және т.б. -, оның талаптарын орындамаудың нәтижесі. Мысалы, ҚР Тұрғын
құрылыс үлестік қатысу заңында 7.07.2008. жылғы қосымша талаптары және
келісімшарттың міндетті шарттардың тізімі ҚР АК-нің 395 бабында 50 заңы
оферта, ал оған жіберген оферент болып таблады.[22] Оферта ресми хат
ретінде құжаттар жинағын немесе мәміленің негізгі шарттар бар және нақты
келісімшарттың жобасын жобасын ретінде оферентпен қол қойған. Көп жағдайда
ауызша нысанда кездесу уақытында немесе телефонмен жасалуы мүмкін, содан
кейін жоғарыда көрсетілген амалдармен жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Оферта
құрған кезде өте үлкен көңіл бөлу керек. Оферент ықтимал бола алтын
іскерлік партнерға өзінің ұсынысының тиімділігін көрсетуі тиіс. Көбінесе
офертада барлық мәміленің коммерциялық шарттар көрсетілуі тиіс: тауардың
атауы, саны және сапасы, базалық талаптары және бағасы, мерзімі, төлем
шарттары, тауардың тапсыру-қабылдау тәртібі, санкциясы және кепілі болуы
керек. Оферта қатты (тек бір сатушыға жіберілуі) және еркін (бірнеше сатып
алушыларға жіберілуі мүмкін) бола алады. Егер сатып алушы офертаның бір
немесе бірнеше шарттары мен келіспесе, онда ол сатышуға контроферта деп
аталатын қарсылығын білдіріп, өзінің талаптарымен және жауап беруге
мерзімін жібереді.
Егер ұсыныста тікелей көрсетілмесе, жарнама және өзге де ұсыныстар
анықталмаған тұлғаларға жіберілген болса, онда бұл оферта жасауға шақыру
болып табылады. Ұсынысты жасаған тұлға өзінің келісмшартындағы шарттарды
орындауға келіскен тұлға жария оферта болып танылады. Көп жағдайларда жария
офертаны өзінің қызметі бойынша тұлғалар немесе ұйымдар өте кең ауқымды
тұлғаларға ұсыныс жасауға міндетті. Қабылданған оферта акцепті болуы тиіс.
ҚР Тілдер туралы заңының 15 бабына сәйкес: Шетел жеке және заңды
тұлғалар жазбаша нысанда жасасқан мәмілелер мемлекеттік және тараптарға
ыңғайлы тілдер жасалады.[23] Алматы қаласының қаржы орталығының
қатысушылары мәмілені мемлекеттік, орыс және ағылшын тілде жасалуға құқылы.
Сыртқы экономикалық мәмілелер жасасқан әрбір компания
(сыртқыэкономикалық қызметтің қатысушылары) нақты және қатаң тәртіп түрде
арнайы ішкі құжаттамаларды жасауы керек (ереже, бұйрық):
— сол компанияның қызметкерлерімен келісімшарттың жобасын дайындау;
— іскерлік партнердан түсіп жүрген құқықтық және қаржылық (экономикалық)
шарттар жобасының сараптамасын жасау;
— мүдделі құрылымдық бөлімнің бастықтармен және компанияның жеке
маманымен (міндетті түрде заңгермен және бас бухгалтермен) барлық
келісімшарт жобасын виза ету және нақты талқылау;
— әзірленген және жасалған келісімшарттарды тіркеу және оларды іскерлік
партнерларға қол қою үшін жіберу, сонымен қатар олардан компанияға
түскен құжаттар;
— келісімшарттың міндеттерін орындауын және оларды орындамаудың фактілерін
қадағалау;
— жасалған келісімшарттар бойынша туындаған дауларды сотқа дейінгі
талқылау;
— келісімшарттың жұмысын есеп жасау.

1.3 Шартты жасау, өзгерту және бұзу

Шарт әр жақтың келісімі болып табылатындықтан, ол бір жақтың келісім
жасауға ұсынысы мен екінші жақтың оңдай ұсынысты қабылдау нәтижесінде
жасалады. Шартты жасау тәртібі Азаматтық кодекстің 395-400-баптарымен
реттеледі. Оларды шарт жасау кезіндегі екі кезең бекітілген.
Азаматтық кодекстің 395-бабының 1-тармағына сәйкес, бір жақтың шарт
жасауға ұсынысы- оферта арқылы шарт жасау және екінші жақтың ұсынысын
қабылдауы оның акцептісі болады.
Жолданған офертаны алған тұлға оны қабылдауға келісім бергенде, яғни,
акцепт болғанда шарт жасалды деп есептеледі. Заңға сәйкес шарт жасау үшін
әржақтың келісімінен басқа мүліктерді де тапсыруы керек, мүліктер
тапсырылған сәттен бастап шарт жасалды деп есептеледі, яғни, сатып алушыға
мүліктерді жеткізуге ұйымдастырылады. Егер шарт заңға сәйкес мемлекеттік
тіркеуден өтуге жатса, егер заңда басқаша көзделмесе, ол тіркеуден өткен
сәттен бастап жасалды деп саналады.[24]
Шарттың нысаны мәміленің нысаны туралы жалпы ережелерге бағынады.
Аталған шарттың түрі заңмен белгіленбеген болса, онда шарт келісім жасау
үшін қаралған кез келген нысанда жасала береді. Егер тараптар белгілі бір
нысанда шарт жасауға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл
нысан талап етілмесе де, шарт уағдаласқан нысан берілген кезден бастап
жасалды деп есептеледі.
Әлгінде айтқанымыздай, шарт бір жақтың ұсынысымен, екінші жақтың оны
қабылдауына байланысты жасалады. Бірақ та, кез келген ұсыныс оферта ретінде
қаралы алмайды, тек заңда бекітілген талаптарға сай келетіні ғана мүмкін
болады.
Азаматтық кодекстің баптарына сәйкес, біріншіден шарт жасасу туралы
бір немесе бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс жеткілікті дәрежеде айқын
болып, ол қабылданған жағдайда осыны жасаған жақтың өзін сонымен байланыста
деп есептеу жөніндегі ниетін көрсетсе, оферта деп танылады.
Жаңа Азаматтық кодексте жария оферта ұғымы беріледі. Жария оферта-
ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетілген
жағдайларда шарт жасасу еркі көрінетін, шарттың барлық елеулі ережелері бар
ұсыныс.
Шарт жасасудың екінші кезеңі – акцепт. Акцепт — оферта жолданған
жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға
тиіс. Заң құжаттарында, іскерлік өрісіндегі әдеттегі құқықтарда немесе
бұрынғы іскерлік қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт
болып есептелмейді. Офертаны алған жақтың оның акцепті үшін белгіленген
мерзімде онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөніндегі жасаған
әрекеттері, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада, акцепт деп
есептеледі. Акцепт қайтарылып алынуы мүмкін. Егер акцепті қайтарып алу
туралы хабар оферта жіберген жаққа акцептің өзінен бұрын немесе онымен
қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледі. [25]
Шарттың жасасу сәті мынадай жағдайларға:
1) акцепт үшін мерзімі көрсетілген кезде не онсыз ұсыныс жасалды ма;
2) оферта ауызша немесе жазбаша нысанда ма, соған байланысты болады.
Офертада акцептіге арналған мерзім көрсетілген жағдайда, егер оферта
жіберген жақ акцепті онда көрсетілген мерзем ішінде алса, шарт жасалған
болып есептеледі.
Жазбаша офертада акцептіге арналған мерзім көрсетілмеген жағдайда,
оферта жіберген жақ акцепті заңдарда белгіленген мерзім біткенге дейін, ал
егер ондай мерзім белгіленбесе, оны жеткілікті дәрежеде қажетті уақыт
ішінде алса, шарт жасалған болып есептеледі. Оферта акцептіге арналған
мерзім көрсетілмей ауызша жасалған жағдайда, егер екінші тарап оның акцепті
туралы дереу мәлімдесе, шарт жасалған болып есептіледі. Егер оферта
жіберген тарап екінші тарапқа акцепті кеш алғаны жөнінде дереу хабарламаса,
акцепт туралы мерзімінде жіберілген хабар кеш алынған жағдайда, акцепт
кешіктірілген болып есептелмейді. Егер оферта жіберген тарап екінші тарапқа
оның кешіктіріліп алынған акцепті қабылдағаны туралы дереу хабарласа, шарт
жасалған болып есептеледі. Офертада ұсынылғаннан өзге жағдайларда шарт
жасасуға келіскендік туралы жауап акцепт болып табылмайды. Мұндай жауап
офертадан бас тарту және сонымен бірге жаңа оферта деп танылады.[26]
Шарттың еркіндігінен тыс заңда кейбір ерекшеліктерімен бөліктенетін
мінлетті түрдегі шарт жасасу жағдайы қарастырылуы мүмкін.
Шарт жасасу міндетті болған жағдайда, әр жаққа арналған заңдарға
сәйкес, бір жақ екіншісіне мына талаптарды орындайды:
1) акцепт туралы хабар, немесе;
2) акцептіден бас тарту, немесе;
3) офертаға өзгеше жағдайларға акцепт жасалатына туралы, егер заңдарда
басқа мерзім белгіленбесе, не тараптар келіспеген болса, офертаны алған
күннен бастап 30 күннің ішінде хабар жіберуі тиіс.
Офертаны жіберген және шартты жасасуға міндетті тараптан оған өзге
жағдайлармен акцепт жасау туралы хабар алған тарап шарт жасасу кезінде
пайда болған келіспеушілікті осындай хабар алған күннен бастап отыз күн
ішінде, не акцептіде арналған мерзім өткен соң, егер заңдарда шарттардың
жекелеген түрлері туралы өзге мерзім белгіленбесе, соттың қарауына беруге
құқылы. [27]
Егер шарт жасасуға міндетті тарап жіберген шарт жобасына отыз күн
мерзімде шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы алынса, бұл тарап екіншк
тарапқа шартты сол редакциясында қабылдайтыны туралы, не келіспеушілік
хаттамасын қабылдамайтыны туралы келіспеушілік хаттамасын алған күннен
бастап отыз күн ішінде хабарлауға міндетті.
Келіспеушілік хаттамасына қабылдамаған, не оны көрсетілген мерзімде
қарау нәтижелері туралы хабарды алмаған жағдайда келіспеушілік хаттамасын
алған тарап мұндай келіспеушілікті соттың қарауына беруге құқылы.
Шарт жасасуға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап шарт
жасауға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы. Шарт жасасудан
негізсіз жалтаратын тарап екінші тарапқа шарт жасасудан бас тарту арқылы
туғызған залалдың орнын толтыруға тиіс.[28]
Шарт жасасу кезінде туындаған келіспеушіліктер тараптардың келісуімен
соттың қарауына берілген болса, шарттың тараптар келіспеген ережелері сот
шешіміне сәйкес белгіленеді.
Шартты өзгерту бұзу заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, тараптардың
келісуімен жүзеге асуы мүмкін.
Тараптардың біреуінің талабы бойынша шарт:
1) екінші тарап шартты едәуір бұзған кезде;
2) заңда немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешімімен
өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
Тараптардың біреуі шартты бұзып, ал екінші тарап шарт жасасу кезінде
үміт артуға құқылы болғанымен едәуір дәрежеде шығынға әкеліп соқса, бұл
шарт едәуір дәрежеде бұзылды деп танылады.
Шартты толық немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартқан ретте,
мұндай бас тартуға заң құжаттарында немсе тараптардың келісімінде жол
берілген кезге, шарт тиісінше бұзылған немесе өзгертілген болып есептеледі.
Шартты бұзу кезінде тараптар міндеттемелері тоқтатылады, ал
өзгертілген кезде өзгертілген түрінде қолданыла береді. Егер тараптардың
келісуімен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса,
міндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келісімге келген
кезден бастап, ал шарт сот тәртібімен бұзылған немесе өзгертілген жағдайда
шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден
бастап тоқтатылған немесе өзгертілген болып табылады.
Егер заңда немесе тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе,
тараптардың шүартты бұзған немесе өзгерген кезге дейін міндеттеме бойынша
өздері атқарған жұмысты қайтарып беруді талап етуге құқығы жоқ.
Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бір тараптың шартты едәуір бұзғаны
болса, екінші тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертілуінен келтірілген
залалдың орнын толтыруын талап етуге құқылы.[29]

2 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Мердігерлік шартының жалпы түсінігі

Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау
бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның
(тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай
мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа, орындалатын
жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл
мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол
жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды
болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп
мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге
қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол
тұлга мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына
жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта
болса, тұлганың қызметінің нәтижесінде оны беру бойыпша міндетті де
қамтиды. Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттардан
көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерекшеленсе де,
жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда
мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу-
сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық
әдебиеттер еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады.
Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу-сату және еңбек
қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының
қатысушыларының құқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың
мазмұнынан айқын көрінеді. [30]
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың
(тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және
белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал
тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың
бағасын төлеуге) міндетті.
Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау
үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу
кезі және оның орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға
тәуелділікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді.
Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы бір уақытта болуы
мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары «тез» фотосуреттер дайындаумен
байланысты мердігерліктің осындай мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша
қысқалығы болады, және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының
себептенуші негізінде болуы мүмкін. [31]
Мердігерлікке арналған нормалар, кебінесе Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде (616-683-б) ұстанылып келеді. Одан басқа Қазақстан
Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік комитетінің 22.09.1996ж. №97-қаулысымен бекітілген, құнды және
антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін
құрылыс аясында мердігерлік қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан
Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994. №5-5-өкімімен
бекітілген, Қазақстан Республикасының күрделі құрылыста мердігерлік
шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс
Министрлігінің 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекітілген, бас мердігерлердің
ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының
ережелері күшін жойды.
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастардың түрлерінің ең маңызды
және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі
сипаттамасына мыналар кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс
мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік; 4)
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға
мердігерлік. Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік қатынастарды реттеуге
арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердігерлік шартының
жекелеген түрлеріне егер Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексінің
бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы
ережелер де (нормалар) қолданылады. [32]

2.2 Мердігерлік шартының жасалу жолдары

Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып
табылады.
Тапсырысшы екінші тарапқа мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі-
бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретінде азаматтық-
құқықтық қатынастарының … жалғасы