Жігіт иті үшін қалыңдығын тастап кеткен

0

28 жастағы жігіт той қарсаңында қалыңдығын тастап кеткенін желіге жазды. Жігіт демалыс күндері ата-анасына кеткенде итін қалыңдығына қалдырған. Қыз итке жақсы қарайтынын айтып, уәде берген.


 
Қалыңдығы жігітінің итіне жақсы қарайтынын айтып уәде берген. Бірақ итке қарамаған. Ит бірнеше кәпит жеп қойып, жағдайы нашарлаған.
 
«Ол маған таңғы  бесте хабарласып, иттің жағдайы дұрыс емес екенін айтты. Ол мас болды. Мен оны таксимен ветеринарға жібердім. Мен келгенде ол сағаттап жылап, сөйлей алмайтындай күйде көрінді»-дейді.
Қалыңдық екі құрбысымен бірге ішкен сусын мен шоколадты үстелдің үстінде қалдырған. Ал ит сол тәттілерді жеп қойған. Осыдан кейін жігіт қызбен байланысын үзіп, той болмайтынын айтқан.
 
«Мәселе итте емес. Мен оның басқа адамдардың өмірі мен жануарларға немқұрайлы қарайтынын түсіндім. Күн сайын бала онымен бірге қалғанда не болды екен деп уайымдағанша қазір оңбаған болғаным жақсы»-дейді жігіттің өзі.

Дереккөз: Сегодня

reactor.inform.kz