Автобуста дүниеге келген қыз 18 жасқа дейін қоғамдық көлікпен тегін жүреді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Барселонадан Брюссельге бет алған автобуста сәби дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. Барселонадан Брюссельге бара жатқан жолаушы автобуста босанды.

Күнделікті рейс кезінде сағат түнгі 3:30-да жолаушы жүргізушілерге келіп, әйелі босанатынын айтқан. Олар ең алдымен, жергілікті жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалды, деп жазады Лайф.  

Кейін автобусты тоқтатып, дәрігерлерді күткен. 

Тағы оқыңыз: Әйел «мас» нәресте босанды – дәрігерлер сәбидің жағдайы туралы айтты

«Адамдардың біразы ұйықтап жатқан болатын. Жүргізуші мән-жайды түсіндірген соң , бәріміз автобустан шықтық», — дейді туристердің бірі.

Жарты сағаттан соң әйел аман-есен босаныпты. Сәби мен ата-анасын жедел жәрдем қызметі жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.

Кейін БАҚ өкілдері ата-анасы нәрестенің атын Зенеп деп қойғанын хабарлады. Ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін компания автобустарымен тегін жүре алады.



sputniknews.kz