Жолдау бәсекеге қабілеттілікті арттырады
Бұл міндеттер мен шаралар барша қазақстандықтың өмір сүру сапасы мен тұрмыстық жағдайын арттыруға бағытталған. Президент елді жаңғырту үдерісінде ешқандай кедергі болмауы тиіс деп есептейді. Керісінше, әрбір қазақстандық алға қойылған міндеттердің жүзеге асуына өз үлесін қоса отырып, оның игіліктерін сезіне білуі керек. Нақтылай айтқанда, қоғамның барлық мүшелері мемлекеттік қолдаудың арқасында өз өмірлерін жақсартып қана қоймай, елді дамыту шараларына атсалысқаны абзал.
Жалпы, Жолдауда халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, қауіпсіз әрі жайлы қоғам қалыптастыру, азаматтардың сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат құру, басқаруды оңтайландыру, білім беру инфрақұрылымын және басқа да салаларды кәсіби тұрғыда жетілдіру арқылы Қазақстанды бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде дамыту көзделген.
Германиядағы қазақ-неміс қоғамының төрағасы ретінде мен қазақ халқының өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы шараларды барынша қолдаймын. Осы орайда германиялық компаниялар, кәсіпорындар мен қауымдастықтар Қазақстан аумағында жемісті еңбек етіп, елдің дамуына атсалысып келе жатқанын атап өткім келеді.
Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Жолдауда көрсетілген міндеттердің барлығы қазақстандықтардың игілігі үшін жүзеге асуын тілеймін!
Карин ШТРЕНЦ,
Бундестаг депутаты, Германиядағы қазақ-неміс қоғамының төрағасы