Экранда сөйлеу мәдениеті. Теледидар арналары. Тікелей эфир
Мақалада БАҚ дамуы, өсу қарқыны мен сипаты, елдің нарықтық экономика және саяси құрылымы демократизацияға өту жағдайындағы үдерісі тілдің деформациялану себебі ретінде қарастырылады. БАҚ тілдің таралуына, халықтың сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Тілге құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша көп жұмыстар жасалып жатқанымен әлі күнге га зеттерде қателер көп, ал теледидар экранынан үлгілі деп айтарлықтай емес сөздерді етуге болады. Жастардың теледидарға деген ынтасын, жастардың теледидарды «пір» тұтуын ексере отырып, БАҚ тілге байыппен қарауы керек. Журналисттердің кәсіби әртекті арнайы дайындықты қажет ететінін және тілді кемелдендіріп отыруды қажет ететінін ескере отырып, қадап айтады. Әсіресе радио мен теледидарда жұмыс істейтін журналистер үшін мәдениет пен сауаттылыққа қойылатын талаптар ерекше.
Қазір қуаты күшті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі түгелдей, түбірінен өзгеріске ұшырады. Ықылым заманнан бері жұртшылық ілтипатын иеленген, Кеңес дəуірін жəне тəуелсіз Қазақстанды кең мағынада нанымды түрде насихаттаған атағы дардай, дəрежесі жоғары газет-журналдардың көбі біртіндеп шегіншектеп, артта қалып, оның есесіне теледидар суырылып алға шықты [1]. Көрермен қауымның ересектер жағы да, орта буында ры да, желкілдеген жеткіншектері де көгілдір экранға қарай кілт бұрылып, жаңа заманның əлеуметтік-тұрмыстық хал ахуалын қызыға тамашалады. Жəне мемлекеттік жүйедегі «Хабар», «Қазақстан» арналарының қатарларын жеке меншіктегі ұжымдар толықтыра түсті. Қазақстан халқы отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің күнделікті өнімдерін кəдімгідей кəдеге жарата бастады.
Жарықтық, алты алаш арыстары ауыздарынан небір шынайы лебіздер ақ маржандай ақтарылғанын жақсы білеміз. Халқымыздың біртуар перзенті Шəкəрім Құдайбердиев кезінде «Дауыс пен сөз сұлулығы–жан сыйы ғой» деп жазған болатын. Олай болса басты мəселе көгілдір экраннан жарқ етіп, жұрт назарын өзіне аударып көрінуде емес шығар. Сөйлеу мəдениетіне жете мəн беріп, бағдарламаның экранға сапалы күйінде шығуына қамқорлық жасау, əр минуттың зая кетпеуі үшін табан ды күрес жүргізу журналисттің негізгі қызметі екенін бір сəт ұмытуға болмайды.
Франция елінде баяғыдан қажеттілікке жараған этикет деген сөз бар. Оның ескі атаулары салт-жоралар, салтанат. Қашықтағы Қытай елінде бір ғана рəсімнің отыз мыңнан астам атаулары бар көрінеді. Қытайлықтар, Жапондар адаммен өте ізгі жағдайда, жылы шырайда амандасуға мəн бере отырып, əрқашан мазмұнын жоймаған əдептілік халық сеніміне кіру деп есептейді. Адамгершілікті ылғи асқақ ұстайды. Олар «сіз», сондай-ақ «сен» деген сөздерді дұрыс үлгіде қолдануға, сезім, көру, есту, түйсік, сана кері бағытта өзгермеуіне ықпалын тигізуге тырысады. Әйгілі Шота Руставели «Құмырадан тек қана ондағы бар нəрсе ағады» десе, қазақтың тауып айтылған «аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген қанаттты лебізі жəне бар.
Ғалымдардың зерделі зерттеуіне сүйенсек, жағымды жандардың дауыстары мейірімді, ашық, қоңыр, биязыболадыда, жағымсыздардың дауыстары керісінше тарғыл, жарықшақ, қырылдаған, гүжілдеген, бажылдаған болып келеді екен. Сəл тарих сандығын ақтарып, ішіндегі, гауһар, жауһарларын тізіп көрсек, біраз жайларға тереңнен қаныға түсеміз. Сонау он сегізінші ғасырда өмір сүрген американдық танымал ағартушы Бенд-Жамин Франклин жер бетіндегі ізгілік атаулының он үш түрін белгілеп, əлемді мойындатқан. Олар ұстамдылық, үнсіздік, тəртіп, шешімділік, іскерлік, ашықтық, əділдік, үнемділік, тазалық, сабырлылық, салқынқандылық, шаң жұқтырмаушылық, сыпайылық болып жүйе-жүйесімен кете береді. Зерттеуші Құдайберген Тұрсынов өзінің 1998-жылы «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген «Көгілдір экран құпиясы» деп аталатын ғылыми зерттеу еңбегінде «Біздер əдетте, күнделікті қарым-қатынас барысында «ажарсыз», «талғамсыз», «күлкілі», «ыңғайсыз» жəне тағы басқа сөздерді көп қолданамыз деп жазады [2]. Ол мəнерлеп, мəнді, мағыналы оқудың, мəтіндегі сөздік тіркестерді, логикалық жəне психологиялық кідірістерді тап басудың, сөйлемдегі негізгі екпінге мəн берудің, тыныс белгілеріне мұқият болудың ерекшеліктерін де ақиқат тұрғысынан айта біледі. Н. Омашұлы 1999-ыншы жылы Алматы қаласындағы «Атамұра» баспасынан шыққан «Жол үстінде журналист» кітабында «Елдің рухани еркіндігін сезіндіру, оның орнығуын қамтамасыз ету қолына қалам ұстаған əріптестеріміздің міндеті болып қалмақ» деп жазады [3] /. Ғалымның міндеті бұқара жұртшылық жылы қабылдап, ойланып, толғанатын парасатты пікір туғызу. Әрі қарай жауапкершіліктің апауыр жүгі журналисттердің, жүргізушілердің, дикторлардың өз бастарында болса керек. Республика өз алдына, дербес жеке мемлекет болғалы көгілдір экран қызыметі əбден жанданды.
Қазақ теледидарында жұмыс істеген ардагерлердің біразы зейнеткерлікке шықты. Қазір олар пəтерлеріндегі жұмсақ дивандарға жайғаса жатып, теледидар бағдарламаларын көрермен ретінде көріп, тамашалайды. Ресейдегі Мəскеу теледидары хабарларының сценарилерін, тақырыптарын қайталау дəстүрі пайда болды. Ал, хабарларды жүргізушілер қатарларына эстрада əртістері емпелеңдей жетіп келіп, төрге озып, тізгінді иеленіп, шамашарықтарынша сөйлей бастады. Дені кəсіби шеберлік деңгейінде емес екендігін ашық айтуға тиістіміз. Хабарлар негізінен тікелей жүргізілетіндіктен көрермен алдындағы жауапкершілік өте жоғары екенін ұмытпаған жөн. Мəселен республикалық теледидардан белгілі əншілер Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанова тұрақты жүргізетін «Той Bestar» хабарын алайық. Екеуі де кəсіби журналист емес. Бірақ экран алдындағы жауапкершілік бəріне бірдей. Ең бірінші ескертер жай, осы хабардың идеясының өзі бұлдырлау. Айгүл мен Жанардың жөн жосықсыз, мүлде ретсіз күлуі түсініксіз əрине. Сөйлеу мəдениеттері төмен.Экранда отырған жүргізушілер теледидардағы сөз бен дастархан басында, той думанда айтылатын əнгіме айырмашылығын жан жүрегімен сезінсе шіркін. Атақты ерлізайыпты əншілер Қыдырəлі Болманов, Қарақат Әбілдина жүргізетін «Бенифис шоу» хабары да жетісіп тұрған жоқ. Бұлардың талантты əншіліктеріне түк дауымыз жоқ. Бірақ экранда сөз қолданыстары, сөйлемдерді құрауы, мəтіндерге мəн беруі шамалы. Көркемдіктің көк жиегі анық күйінде, пəлендей көзге түспейді.
Ауызды қу шөппен сүртіп, уһілеп, аһылап ғұмыр кешуге болмайды. Көгілдір экранның шын мəніндегі көркі болған хабарлар, оны əзірлеуге шалқар шабыт, зор ізденіспен барған жүргізушілер қаншама. Талантты жазушы Ақселеу Сейдімбек пен Жəнібек Кəрменовтың циклды хабарларын айтсаңызшы. Екеуінің көгілдір экранда отырысының өзі бір бөлек. Артық қимыл, қозғалыс байқалмайды, жүргізуші де, бағдарламаға қатынасушы да қазақы, айшықты сөзге ағып тұр. Айызың қанады. Ал, Жүсіпбек Елебеков үлгісінде домбыра шертіп, оған өзінің қоңыр дауысын қосатын Жəнібектің əсем əуені Арқаны ажарландырып, Жетісуды желпіндіріп жіберетіндей. Кейде республикалық теледидар қорындағы осы хабарды қайталап көре бергім келеді де тұрады. Мұның сыртында жазушы журналист Сұлтан Оразалинның əйгілі адамдармен ой бөліскен
«Сұхбат», Бейбіт Құрамбектің «Айтуға оңай», Әйгерім Сейфолланың «Сырласу» Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» хабарлары кісіні бей жай қалдырмайды. Бұдан пəленбай жылдар бұрын көгілдір экранда тың серпіліс тудырған «Қарыз бен парыз», «Қымызхана», «Шынның жүзі», «Ақжүніс», «Кеш жарық» хабарларын талғампаз көрермен əлі ұмыта қойған жоқ.
Басқа сала сияқты журналистиканың да кəсіби шеберлікті шыңдай отырып, шығармашылық жағынан жүйелі дамуы даярланған мамандарға тікелей байланысты. Ертеректе жалғыз КазГУ болды. Журналистика факультетіне бар болғаны жыл сай ын елу шақты абитуренттерді қабылдайтын.
Шығармашылық байқаудан өтудің өзі қыл көпір арқылы өзеннің арғы бетіне өткенмен пара пар. Іріктеу, сұрыптау өте қатаң талап үлгісінде өтеді. Оқуға шын мəніндегі қабілеті барлар ғана қабылданады. Аттарынан ат үркетін, ғибраттары мол Х. Бекқожин, Т. Амандосов, Т. Қожакеев, Ә. Ыдырысов, М. Барманқұлов тəрізді доктор, профессорлардан дəріс алғандардың дені облыс түгіл, республикаға танымал журналист болды. Әп-əйдік ел құлағынан естуімізше тəуелсіз Қазақстанда жиырмаға жуық журналистика факультеттері бар көрінеді. Жоғары жаққа берілетін ақпарат-есеп мықты болғанымен сапа мəселесі мəнді емес. Мысалы Қостанай қаласындағы А. Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік университеті журналистика бөлімі түлектерінің кейбірі республикалық «Хабар»,
«Қазақстан», «Астана» арналарында жұмыс істеп жүргенімен, көбі мамандықтарына толық төселе алмай əуре сарсаңда жүр.
Бұғанқосаайтарымыз«Қазақстан-Қостанай», «Алау» телеарналары бағдарламалары жүргізушілері кей кезде кəсіби шеберлік тұғырынан төбе көрсетпейді. Студия қонақтары тақырыпты ашуға дəрменсіз. Нақтылық жоққа тəн. Сөйлеген сөздің салмағынан гөрі көпірігі əлде қайда көбірек. Өз басым теледидар хабарларын байырғы журналист əрі көрермен есебінде көріп, кəдімгідей ойша таразылап, жетістігіне жаным семіріп, жетімсіз тұсына реніш сездіремін. Хабарлардың көбісі өз арнасында бірқалыпты ырғақта ағып жатқан өзендерге өте ұқсас. Былайша айтқанда тегеурінді, асау мінезді толқындар легі байқалмайды. Таңдай қақтырып, ерекше тамсандыратын хабарлар саны сирек. Оқиғаның мəн-жайын түбірінен түсініп, аса бай қазақ сөзі қорын пайдалану əрекеті əлсіз. Тіпті журналистердің нені жазып отырғанын жете түсінбеуі өкінішті əрине. Бірде, бұдан біраз жылдар бұрын «Қазақстан-Қостанайдың» ақпарат бағдарламасын көріп, тамашаладым. Мəселенің мəн-жайы былай екен. Қостанай қаласына ресей жерінен жылжымалы зоопарк келіпті. Жас журналист елді елеңдеткен осы оқиғадан бейне материал əзірлеген. Кадр сыртынан айтылған мəтіндерінің аяқтарын тең басып тұрмағандары өз алдына, тілшінің аң мен құстарды ажырата алмайтынына таң қалдық. Яғни «жылжымалы зоопарк алаңына келген қостанайлықтар қарсақ, түлкі, қаршыға сияқты құстарды тамашалады» деп желпінеді автор.
Ұшқыр уақыт алға заулап, заман тез өзгерді. Адамдар да баяғыдай емес. Кісі кісімен өзара жүздесе қалған сəттің өзінде сөйлеу мəдениеті ең жоғарғы деңгейде сақталады деуге ертерек. Ал көгілдір экранның жөні бөлек, жауапкершілігі əрқашан күшті. Лебізімізді түйінде келе айтарымыз жүргізуші көгілдір экран алдында миллиондаған көрермендер отырғандарын ешқашан ұмытпай, өзінің киім киісіне, əр қимыл, қозғалысына, ойын шашыратып жібермей, сөйлеу мəдениетін көрсетуге, зиялы жан екенін танытуға күш-жігер, қабілет, ізденісін жұмсаса іс ілгері қозғалатынына титтей де күмəн жоқ. Мейлі жүргізуші, мейлі студия қонағы болсын көгілдір экраннан көркем сөйлеп, көргенділіктің көкесін көрсете берейікші, ағайын!
Әдебиеттер
- Жендырбаева С. Мəнерлеп оку. – Алматы, 1992; Орыс сөздігіндегі ымдар мен қимылдыр. А.А. Акишинованың, Х. Кано, Т.Е. Акишининованың редакциясынан. – Москва, 1991.
- Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. – Алматы: Қазақ университеті, 1998.
- Омашұлы Н. Жол үстінде журналист. – Алматы: Атамұра, 1999.
Автордың аты-жөні, тегі: Н.О. Мұқатов