Саяси дискурстағы манипуляция. Аргументтік және референциалдық манипуляция

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Мақалада дискурс, саяси дискурс ұғымдарына түсінік беріліп, саяси дискурстың интерпрета­ циясы мен тілдік ерекшеліктері саяси дискурс мәселелерін зерттеген ғалым­зерттеушілер тарапы­ нан берілген анықтамалар арқылы ашылады. Сонымен қатар, саяси дискурс филологиялық, әлеу­ метттік психолингвистикалық және тұлғалық­герменевтикалық тұрғыдан қарастырылды. Саяси үдерістердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, қоғамдағы адамдардың қарым­қатынасын реттеуге бағытталған бүгінгі қоғамның қызмет етуінің ең маңызды элементтерінің бірі ретінде саясаттың қо­ ғам өмірі үшін рөлі анықталды.

Саяси дискурс негізінен үгіт­насихат, идеологиялық күресті жүргізу мақсатында адамдарға ма­ нипуляция арқылы ықпал етумен сипатталады. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігінде манипуляция деп адамның көзқарасын өзгертетін және іс­қимылын бақылайтын идеологиялық және әлеуметтік, психологиялық ықпал ету жүйесін атайды. Манипуляцияның референциалдық, аргументтік, факто­ логиялық және фокустық түрлері сипатталып, манипулицияның берілу жолдары мысалдармен дә­ лелдене түседі.

БАҚ бұқара халықтың өз ой­пікірлерін қалыптастыруға көмектеседі деп ойлаймыз. Сондықтан тәуелсіз баспасөзді демократияның міндетті талабы деп тануымыз шынымен дұрыс.

Адам қоғам мүшесі ретінде үнемі адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады. Қай саланы алмасақ та қарым-қатынас орнаған жерде манипуляция да орын алады. Әрине манипуляция саяси өмірде айқын көрініс табады. Саясат – саяси үдерістірдің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасын реттеуге бағытталған бүгінгі қоғамның қызмет етуінің ең маңызды элементтерінің бірі. Қазіргі таңда саяси қарым-қатынас бүкіл əлем мемлекеттерінің өзекті де проблемалық мəселелерінің бірі болып отыр. Қазақстанда да саясат тіл саясаты мен тілдік жағдаятпен тығыз байланысты болып отыр. Үкіметтің, өкімет басында отырғандардың тілдік қолданысы, олардың жүргізіп отырған саясаты, оның түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табуы Қазақстан жұрты үшін аса маңызды болып отыр.

Тіл мен саясат, тіл мен идеология ғылымизерттеу тұрғысынан бұрыннан қызығушылық тудырып жүрген мəселелердің бірі болып табылады. Бұл мəселені ғылыми тұрғыда зерттеген зерттеуші ғылымдар қатарына Б.А. Ахатованың, Г.Г. Бүркітбаеваның, Г. Құсайынованың, Б.С. Каримованың, Қ.Ө. Есенованың еңбектерін атауымызға болады. Бұл еңбектерде дискурс зерттеу нысаны ретінде қаралып, жан-жақты зерттеліп отыр.

Зерттеуші Ж.Қ. Ибраева саяси дискурс мəселесін зерттей келе, «қазіргі ғылымда саясат ұғымы өзара байланысқан құбылыстар мен үдерістердің кешенінде былайша қарастырылады: а) əлеуметтік топтың жəне бұл топтың немес тұтас қоғамның мүддесіндегі қоғамдық өмірді басқару жөніндегі олардың билік құруын көрсететін ұйымдастырылған қызмет; ə) əлеуметтік топ жəне мемлкеттік билік, оны жаулап алу, ұстап тұру жəне пайдалану жөніндегі адамдар қауымдастығы арасындағы қоғамдық қатынастар; б) саяси қызмет пен қатынастардың ажырағысыз

жағын құрайтын саяси сана мен мəдениет; в) саяси ұйымдар мен нормалардың жиынтығы , олардың көмегімен саяси көзқарастар, мақсатмүдделер жүзеге асырылады. Бұл жерде қатынасу үдерісі əртүрлі əлеуметтік институт (өкімет, Сенат, Мəжіліс) өкілдері мен шартты түрде «азамат/сайлаушы» арасында болатын кездегі саяси коммуникацияның институционалдық сипаты алдыңғы қатарға шығады» деп нақтылайды [1, 45]. Яғни саясат күрделі құбылыс болғандықтан, оны түсіну саясатты түрлі аспектілер тоғысында ұйымдастырылған қызмет пен қоғамдық қатынастар ретінде қарастыру саясаттың табиғатын толыққанды түсінуге мүмкіндік береді.

Саясаттың айқын көрінісі бұқаралық ақпарат құралдырындағы саяси лидерлердің, өкімет басындағы қызметкерлердің, саяси партиялар мен институттардың саяси іс-əрекеттері саяси дискурс түрінді баспасөз беттерінді көрініс тауып отыр. Бұл орайда саяси дискурс жөнінде сөз қозғағанымыз жөн деп есептеймін. Саяси дискурс мəселесі көпқырлы, көпаспектілі күрделі де кешенді зерттеуді қажет ететін лингвоəлеуметтік зерттеулердің нысаны болып отыр. Саяси дискурстың теориялық негіздері кембридж жəне оксфорд философиялық мектептерінің өкілдерімен XXғасырдың 50-жылдары берілген еді. Саяси дискурс үш түрлі көзқарас негізінде қарастырлуы керек: 1) филологиялық тұрғыдан интерпретатор əлемінде басымдық танытатын саяси жəне идеологиялық концепцияларды негізге ала отырып жай лингвистикалық мəтін ретінде; 2) сөйлеушінің жасырын жəне тұра мағынада айтылған мақсатын анықтау үшін әлеуметттік психолингвистикалық тұрғыдан; 3) тұлғалық-герменевтикалық тұрғыдан автордың не интерпретатордың жеке ниетін белгілі бір жағдаяттан анықтау үшін. Саяси дискурсты осы аталған үш тұрғыда қарастырған жағдайда ғана, саяси дискурстың толық табиғатын, болмысын

ашуға болады. Яғни саяси дискурстың мəнін түсіну үшін оны пəнаралық тұрғыдан, əртүрлі ғылым салары тоғысында зерттеп, əртүрлі жағдаятта қолданылған дискурстың мəні мен мазмұнын ашуға мүмкіндік береді.

Орыс зерттеушісі Е.И. Шейгал саяси дискурсты семиологиялық позиция тұрғысынан толық сөйлеу іс-əрекеті ретінде қарастырады. Зерттеуші саяси дискурсты зерттей келе, оның келесідей белгілерін анықтайды:

  • бұқаралық адресаттың болуы – көбінесе коммуникативтік жағдаятта тікелей не жанама адресат (не «бақылаушы») рөлін жалпы халық не белгілі бір аймақтың тұрғаны атқарады;
  • эмотивтік фактор рөлінің басымдығы (эмоция əлеуметтік ынтымақтастықты, жүйеге берілгендікті нығайтуға көмектеседі, вербалды агрессия мен құлшынысты уеждей отырып сөз іс-əрекетінің мотивациялық импульс ретінде танылады);
  • деректі қарым-қатынастың басым болуы (саяси қарым-қатынаста қарым-қатынастың мазмұны емес, оның дерегі (факт) аса маңызға ие болады);
  • денотаттардың фантомдығы мен фидеиститикалық болуымен байланысты мағыналық белгісіздік (сенім саяси дискурста иррационалдықтың көрініс ретінде жүреді);
  • саяси дискурстағы эзотериялық (эзотиричность) семантикалық категория ретінде емес, прагматикалық категория ретінде қолданылады. Соған орай эвфемизация мен мақсатты түрде ауытқулар да кездесіп жатады;
  • саяси дискурстың театррлығы бұқара халықтың саясатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қабылдайтындығымен түсіндіріледі. Жұртқа əсер қалдыру мақсатында саясаткерлер тарапынан белгілі бір сөйлеу стартегиясы мен имидж тактикасын құру қажеттілігі туады.
  • саясат тілінің динамикалығы саяси жағдаяттардың өзгершеңдігімен, құбылмалығымен түсіндіріліп жатады [2, 52-53].

Саяси дискурс негізінен үгіт-насихат, идеологиялық күресті жүргізу мақсатында адамдарға манипуляция арқылы ықпал етумен сипатталады. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігінде манипуляция деп адамның көзқарасын өзгертетін жəне іс-қимылын бақылайтын идеологиялық жəне əлеуметтік, психологиялық ықпал ету жүйесін атайды. БАҚ-тың негізгі мақсаты бұқара халыққа елдің саяси жағдайын таныстыру, саяси өмірі туралы ақпарат беру. Алайда қазіргі таңда саяси өмірді хабарлаушы журналистер ақ-

паратты əсерлі жеткізу үшін мақсатты түрде тілдік ауытқуларды қолданып, манипуляцияға жүгінеді. В.И. Даниленко манипуляцияғы келесідей анықтама береді: «манипуляция – управляемая извне, систематическое и целенаправленное регулирование формирования мнений и решений или влияние на эти процессы с помощью психологических методов. В ходе которого объекты манипулирования не могут осознать ущерб, наносимый свободе формирования их мнений [3, 56]. Яғни, саяси дискурс деп бұқара халықтың саяси көзқарасын, пікірін қалыптастыру үшін психологиялық, идеологиялық, саяси тұрғыдан эмоционалды түрде əсер ете отырып, халықты саяси іс-əрекетке, қоғамдағы түрлі пікірлер жағдайында қоғамдық-саяси шешімдер негіздеуге жəне қабылдауға итермелеу, белгілі бір ағымдар идеологиясын немесе саяси ақпаратты таратуды насихаттау, үгіт-насихат жүргізу деп білеміз.

Қазақстандық зерттеуші Б.А. Ахатова өзінің «Политичкий дискурс и языковое сознание» атты монографиясында ақпарат пен манипуляцияның, ақпараттандырылғандықтың маңыздылығы туралы былай дейді: «политическом дискурсе очень важен фактор информированности. Доступ к информации, возможность ею распоряжаться создает статусное преимущество власти. Информированность становится инструментом воздействия и манипулирования общественным сознанием. Политические события интерпретируются в соответсвии со сложившимися социально-политические установки определяют реакцию людей на различные общественно-политические ситуациии, уменьшая их риск и опасность».[4, 242] Ақпараттық жаңартулардың сипатына қарай саяси дискурста келесідей манипуляция түрлері байқалады:

  1. Референциалдық манипуляция – шындық болмысты сипаттау кезінде денотат/референт бейнесін бұрмалау:

  • фактологиялық манипуляция – фактілерді бұрмалау (өтірік айту, асыра сілтеушілік, толық ақпаратты айтпау, референциалдық белгісіздікті тудыру)
  • фокустық манипуляция (прагматикалық фокусты өзгерту арқылы денотаттың қабылдауы да манипулятордың діттеген мақсатына қарай өзеріп отырады).

  1. Қарым-қатынсатың постулаттарын бұрмалаумен байланысты аргументтік манипуляция:

  • мəтіннің даму логикасын немесе тұтастығын бұрмалау (жауаптан қашу, басқа тақырыпқа көшу түрінде);
  • дəлелдеу міндетінен бұлтару – иммунизация стратегиясын колдану – яғни белгілі бір көзқарасты дəлелдеуді қажет етпейтіндей етіп ойды не пікірді хабарлау немесе нақтылық квантификаторын түсіріп тастау мен белгісіздік квалификаторын енгізу арқылы ақпаратты толық, жанжақты бермеу.

Сонымен қатар, референциалдық манипуляция шындық болмысты қай деңгейде бұрмалауға байланысты да болады – шындық не толық бір жағдаят деңгейінде (оқиға не саяси өмірден бір факт болуы мүмкін) бұрмалануы мүмкін, не оқиғалар элементі деңгейінде де болуы əбден мүмкін (қатысушылар, олардың мақсаты, себебі жəне іс-əрекет нəтижесі, жалпы іс-əрекет, олардың жағдаяттары жəне т.б.). Тілдік тұрғыдан денотатоқиғаны бұрмалау толық мəтінге, мəтін фрагментіне не жеке дара айтылым (высказывание) аясында пропозицияларға сүйене отырып іске асуы мүмкін. Ал оқиғаның элементі болып табылатын денотатты бұрмалау жеке атаулар (сөздер жəне сөз тіркестері) аясында ұғымдарға (фреймдерге) сүйене отырып жүзеге асуы мүмкін.

Фактологиялық манипуляция саяси қарсыласты дискредитациялау үшін оның саяси дəрежесін төмендету мақсатында қолданылады. Ақпаратты бұрмалау не ақпаратты толық айтпау не ақпаратқа жалған ақпарат қосу арқылы оппонетті дискредитациялау жүзеге асады. Мұндау бұрмалаушылық бүкіл ақпарттың мазмұнын ғана өзгертіп қоймайды, сонымен қатар ақпарат адресат үшін жағымды жəне адресант үшін жағымсыз ақпарат жасырылып қалады. Аудиторияға ақпараттық əсер ету бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Сондықтан да БАҚ бұқара халықтың өз ой-пікірлерін қалыптастыруға көмектеседі деп ойлаймыз. Сондықтан тəуелсіз баспасөзді демократияның міндетті талабы деп тануымыз шынымен дұрыс.

2012 жылы болған Қазақстан Республикасының партияларының сайлау науқаны БАҚ-тың баспасөз беттерінде өзінше орын алып, бір партия өз міндеттері мен мақсаттары Елбасы Жолдауымен үндестігін, бірі Елбасы жүргізіп отырған саясат партия мақсаты екенін, бірі өзім/өзге стратегиясын қолданып жатқандары БАҚ тілінде келесідей түрде көрініс тапқан:

«Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

«Ақ жол» партиясынан Мәжіліске сайланған депутат ретінде ашық айтатын болсам, Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауындағы басымдықтардың біздің сайлаудағы бағдарламамыздағы ұсыныстарымызбен үндестігі байқалды. Бұл тапсырмалардың мемлекет бас-

шысының Жолдауында болуы ақжолдықтарды, әрине, қуантады»// Егемен Қазақстан. №41-42 (27114). – 28 қаңтар 2012. – 5 б.

«Осындай мазмұндағы кездесу үшін Сізге зор алғыс айтамын. Бұл біз үшін тарихи және партиямыздың өмірінде үлкен мәні бар кездесу. Біз Сіз жүргізіп келе жатқан саясат өзіміздің бағдарламалық мақсатымызға толығымен сәйкес келетініні үлкен қанағаттанушылық сезіммен атап өтеміз. Әлеуметтік прогресс жөніндегі бастама мемлекеттен басталып, халыққа қызмет етуі керек. Бұл біздің партия жүргізіп отырған және жүргізе беретін бағытқа дәл жауап береді. Сіздің Жолдауыңыз, сондай-ақ Парламент сессиясының ашылуында, экономикалық форумға сөйлеген сөзіңізді – біз партиямыздың пайдасына жаратамыз, – деп атап өтті «халық коммунистері» депутаттық фракциясының жетекшісі Владимир Косарев»

// Егемен Қазақстан. №292-297 (27371). – 5 маусым 2012. – 1 б.

«Н.Ә. Назарбаев үшін «мынау ұлық, мынау кішік» деп бөлу, алалау жоқ. Ол үшін 17 миллионға жуық қазақстандықтардың бәрі бірдей. Бәлкім біздің «айымыздың оңынан тууы» Елбасымыздың осынау тамаша ұстанымының жемісі шығар. Егер билік басындағы лауазымды тұлғалар үйреніп, бойынан сіңіретін бір қасиет керек десе, мен Елбасымыздың осынау қасиітін баршаға ұсынар едім» // Егемен Қазақстан.

№365-368 (27442). –3 шілде 2012. – 2б.

«Дариға НАЗАРБАЕВА, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Асар» партиясының төрайымы: «Жеңіс атаулы әрдайым айқын да толымды болып көрінеді, содан да ол түсіндіру мен талдауды керексінбейтіндей. Дегенмен, бұл үнемі олай емес. Біз – жеңімпаздар – саналы түрде өз бойымыздағы салтанат қызуын тежеп, осынау табыстың барлық қайнар көзі мен құрамдас бөліктерін жіті безбендеуіміз қажет. Себебі, біздің бұдан былайғы қадамымыз, стратегиялық мақсатымыз бен тактикалық міндеттеріміз сол түсінікке байланысты болмақшы»» // Егемен Қазақстан. №25-26 (24279).

– 28 /01/2006ж.

Сонымен, саяси дискурс белгілі бір көзқарасты, ой-пікірді, адресаттың белгілі бір əлемдік бейнесін қалыптастыруға бағытталған деп айта аламыз. Саяси дискурсқа саяси қайраткердің экслицитті де, имплицитті де ниетін көрсететін жəне оқырманның не тыңдарманның санасына əсер етіп қана қоймай, оның сана-сезімін өз мақсатында қолданатын ерекше прагматикалық потенциал тəн.

 

Әдебиеттер

  1. Ибраева Ж.Қ. Қазақстанның саяси дискурсындағы саясаткерлердің тілдік тұлғасы // Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. – 2010. – № 2 (32). – С. 43-46.
  2. Шейгал Е.И. Проблемы анализа политического дискурса // Русский язык в современном обществе: (Функциональные и статусные характеристики): Cб. обзоров / Отв. ред.: Е.О. Опарина, Е.А. Казак. – М.: РАН ИНИОН. Центр гуманит. науч.-информ. исслед. Отд. языкознания, 2005. – С. 52-53.
  3. Кухаренко В.А. Интерпретация текста. – М.: Просвещение, 1998. – 230 с.
  4. Ахатова Б.А. Политичкий дискурс и языковое сознание: монография. – Алматы: Экономика, 2006. – 302 с.
Загрузка...