«Қалай продюсер болғанымды білмей қалдым»: Гүлзира Айдарбекова енді актриса атанбақ (видео)

0

Продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші ұлының әніне бейнебеян түсіріп, басты рөлді өзі сомдамақ, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Гүлзира

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында кіші ұлының әнін көлікте кетіп бара жатқанда тыңдап отырған видеосын жүктеп, бейнебаян түсіретінін айтты. Бейнебаянға әртүрлі идея ойлап қойғанын да жасырмады.

«Ойбай -ай, менің кішкентай жүрегім не дейді. «Мама, мама, я скажу. Мама, я с ума сxожу» дейді ма? Мына әнге клип қажет деп ойлайсыздар ма? Біраз ана мен бала арасындағы көзқарастарға көрініс жасап? Көз алдыма идеялар елестеп жатыр», — дейді ол.

 


Қайраттың арманын орындау үшін қалай продюсер болғанын байқамай қалған Айдарбекова ханым кіші ұлы үшін актриса болуға да даяр екен. Проюсердің ерекше клип түсіретін де ойы бар.


«Тұңғышымның арманын орындау үшін, қалай продюсер болып кеткенімді білмей қалып едім, енді кішкентай жүрегім үшін актриса болып кетпесем игі еді клип түсіріп», — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

stan.kz