Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Дыбыс
Бұл жұмбақ жағдай адам баласына, яғни бізге қаншалықты қалай әсер етеді? Және оның біздің өмірімізде алатын орны қандай? Ол осындай тылсым күштің адамға әсер ететін физикалық құбылысын зерттеуге алған. Қоршаған ортада болып жатқан көп нәрселердің пайымына жету үшін әр адамның ой — түйсігі зердесі болу қажет. Інжу – өте ізденімпаз, зерделі оқушы. Сондықтан да бұл ғылыми жобада қозғаған тақырыбы тыңдаушының қызығушылығын арттыра түседі деп ойлаймын.
Жоба жетекші:
бастауыш сынып мұғалімі Тастайбекова Г. С.
Аннотация
Ғылыми жұмыстың мақсаты:
Дыбыстың ерекше құбылыс екенін анықтау; оның түрлеріне, өлшеміне тоқталу; дыбыстың құлақ арқылы жететіндігіне тоқталу.
Зерттеу обьектісі:
1. Дыбыс — толқын түрі.
2. Дыбыстың түрлері мен өлшемі.
3. Дыбыстың қоршаған ортаға әсері.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
— Тақырыпты таңдау, мақсатын құру;
— Қажетті материалдарды жинақтау;
— Дыбыстың көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын, бірақ сол арқылы адамдардың қарым — қатынас жасайтын факторлар туралы мәліметтер жинақтау;
— Жинақталған материалды сараптау;
— Зерттеу жұмысы, оның мақсатының құрылымын анықтау;
— Материалды өңдеу.
Зерттеу әдістері:
— Физикалық құбылысты зерттеу;
— Қоршаған ортаға әсерін анықтау
— Талдау, дыбыстың өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің жаңалығы:
Жасөспірім балаларға физикалық құбылыс туралы түсіндіру, оның толқын түрлері мен өлшемдері болатындығын ұғындыру, дыбыстардың қоршаған ортада өзгеріске ұшырайтындығына мән беру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Роберт Уинстон Менің денем неден құрылған?/ «Алматы кітап» баспасы, 2012 жыл
2. Тектілік феномені / «Ақиқат» ұлттық қоғамдық — саяси журналы, 21 мамыр 2012 жыл
3. «Абай» энциклопедиясы / «Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы», Алматы, «Атамұра» баспасы
Мазмұны
I. Кіріспе…………………………………………………………………………………….
II. Негізгі бөлім
2/1. Дыбыс ерекшелігі…………………………………………………………………
2/2. Дыбыстың түрлері мен өлшемдері…………………………………….
III. Қорытынды………………………………………………………………………….
VI. Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………….
V. Қосымша……………………………………………………………………………….
І. Кіріспе
Табиғатта адам баласы біле бермейтін неше түрлі құбылыстар бар.
Қоршаған ортада біз көрмейтін, қолға ұсталмайтын, бірақ сол арқылы бір — бірімізбен қарым — қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар. Бұл толқын түрі дыбыс деп аталады. Біз естіп жүрген музыкалар, ұялы телефонның шырылдауы, адамдардың сыбырлауы мен сөйлеуі, сабақтағы қоңыраудың дауысы, теңіздің толқыны, жануарлардың үні, құстардың сайрауы, бәрі — бәрі толқын түрлеріне жатады.
Дыбыс ауа, су және қатты денелер арқылы көзге көрінбейтін толқындар түрінде енеді. Дыбыс жөніндегі физикалық ұғым адам құлағына естілетін, естілмейтін дыбыстардың барлығын қамтиды.
Ендеше, біз бүгінгі таңда сол дыбыс туралы, дыбыстың ерекшелігі, өлшемі туралы кеңірек мәлімет алып, жақынырақ танысатын боламыз.
II. Негізгі бөлім
Дыбыстар туралы ғылым акустика деп аталады және бұл сала ғимараттарды жобалауда, теледидар, су құбырларынан бастап машина, пойыз және ұшақтарға дейінгі тауарларды жобалауда пайдаланылады.
Дыбыс ауа, су және қатты денелер арқылы көзге көрінбейтін толқындар түрінде енеді. Дыбыс жөніндегі физикалық ұғым адам құлағына естілетін, естілмейтін дыбыстардың барлығын қамтиды
Дыбыс көздерінің тербелісін шығару көбінесе, соққы, мысалы, қоңырау арқылы жүзеге асырылады. Мұнда автотербеліс режимі мысалы, үрлемелі музыкалық аспаптарда ауа ағыны есебінен ұсталуы мүмкін. Табиғаттағы дыбыс, ауа ағыны қатты денелерді орай аққанда, құйындардың түзілуі және құйындардың сол денелерден бөлінуі мысалы, жел соққан кездегі сымдар мен құбырлардағы дыбыс, т. б. кезінде пайда болады. Төменгі және инфратөменгі жиіліктегі дыбыс жарылыс, опырылыс кезінде туады. Қазіргі кезде адам организміне және техникалық жабдықтарға зиянды әсері болатын өнеркәсіптік, көліктік шуларды және аэродинамикалық шу көздерін зерттеуге үлкен көңіл аударылып отыр. Дыбыс қабылдағыштар қабылдаған дыбыс энергиясын энергияның басқа түрлеріне түрлендіреді. Мысалы, адамдар мен жануарлардың есту аппараты дыбыс қабылдағышқа жатады.
Техникада дыбысты қабылдау үшін, көбінесе, электр акустикалық түрлендіргіштер, мысалы, ауада микрофон, суда гидрофон, ал жер қыртысында геофон пайдаланылады. Дыбыс толқындарының таралуы, ең алдымен, дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Газдар мен қатты денелерде қума толқындар бөлшектердің тербеліс бағыты толқынның таралу бағытымен бағыттас тарай алады. Ортаның біртекті болмауы да дыбыс толқындарын, мысалы, су көпіршігіндегі, теңіздің толқынданған бетіндегі, т. б. дыбыстың шашырауын шашыратады.
Дыбыстың таралуына атмосфера, теңіздегі қысым, температура, желдің күші мен жылдамдығы да әсер етеді.
Дыбыс түрлері мен өлшемдері
Дыбысты біздің қалай еститініміз дыбыс толқындарының түріне байланысты болады. Толқындардың аралығы дыбыстың жиілігіне немесе жоғарылығына әсер етеді. Тығыз орналасқан толқындар – жоғары жиілікті, ал созыңқылары – төмен жиілікті көрсетеді. Ашық үнді дыбыс, мәселен, қоңырау – жатық толқындар, ал өткір үндер, мәселен даңғырық соғу – ирек толқындар жасайды.
Дыбыс толқындары көзге көрінбейді, бірақ жылтыраған ішекпен толқынның қалай қозғалғанын бақылау арқылы, олардың қалай әрекет жасайтынын түсінуге болады. Ішектің ұшын осциллятор, яғни, қарапайым сәуле таратқыш аспап деп аталатын механизм тербеліске келтіреді.
Жиілігі 0, 5 Герц. Ішек ұзын толқында тербеледі
Жиілігі 1 Гц. Екі еселенген ырғақтағы тербелістер анағұрлым қысқа толқындар береді.
Жиілігі 1, 5 Гц. Осы жоғарырақ жиілікте толқындардың ұзындығы қайта қысқарады.
Жилиігі 2, 5 Гц. Жоғары жиіліктегі дыбыс толқындары жоғары дыбыстар шығарады.
Дыбыстан ұшқыр ұшақ шығаратын “дыбыстық шок” атмосферадағы ауаны шоғырландырып, көзге көрінетін конус немесе будан жаға жасайды.
Ұшқыр ұшақ жылдамдығын дыбыстың жылдамдығынан асырғанда, ол өзінің дербес дыбыс толқындарынан басып озып, толқындарды жақындастырады да, “дыбыс соққысын” жасайды. Ал қамшының сыртылы – қамшының ұшымен жасалатын, дыбыстық кедергіні еңсеретін дыбыс соққысының түріне жатады.
Дыбыс толқындары ауа арқылы шамамен 1190км/сағ. жылдамдықпен қозғалады. Бұл жарық толқындарының жылдамдығынан баяуырақ, міне сондықтан да біз ұшақты немесе жарылысты алыстан әуелі көзімізбен көргеннен кейін ғана дыбысын естиміз. Дыбыс судың астында шамамен 5000км/сағ. жылдамдықпен шапшаңырақ қозғалады, бірақ дәл жылдамдық температураға байланысты өзгеріп тұрады. Тербелістер біздің миымызда жүйке импульстеріне айналады. Жиілігі 16Гц — тен төмен болатын дыбыс инфрадыбыс деп, 20 кГц — тен жоғары болатын дыбыс ультрадыбыс деп аталады. Ал 109 Гц — тен 1012 – 1013 Гц — ке дейінгі ең жоғары жиіліктегі серпімді толқындар гипердыбысқа жатады.
Дәлірек айтсақ,
0 дб саусақпен дене терісін сипағанда шығатын өте ақырын дыбыс.
15 дб сыбырлап сөйлесу.
60 дб дағдылы сөйлесу.
90 дб жүрдек пойыздың жанынан өтетін дыбыс.
100 дб Автомиль сигналының дыбысы.
110 дб аспанда күн күркірегендегі дыбыс.
120 дб жерден көтерілген ұшақтың гүрілі.
Дыбыс толқынында дыбыстың күшеюі мен әлсіреуі дыбыс қаттылығын жасайды.
Дыбыс толқындары да жарық толқындары сияқты заттардан шағылады. Дельфиндер мен жарғанаттар осы жаңғырық – сигналдарды өз жолындағы нысандарды белгілеу үшін пайдаланады. Дыбыс толқындарын бейнеге айналдыратын компьютерлік бағдарламалардың көмегімен, біз де солай жасай аламыз.
III. Қорытынды
Дыбыс, дыбыс деп жатырмыз. Ал сол дыбыс бізге қалай, не арқылы жетеді? Әрине, құлағымыз арқылы. Айналада алуан түрлі дыбыстар, көп адамдардың сөйлегендері, жануарлардың дыбыстары, музыка, жапырақтың сыбдыры, т. б. Олардың барлығы біздің құлағымызға жетеді, сонан кейін есту жүйкесі арқылы миға беріледі. Ми бұл дыбыстардың мағынасын ашып оқиды да, біз оларды естиміз.
Олай болса, бұл қалқиған құлақтың атқарар қызметі көп екен. Сол үшін де оны күте білу керек. Егер құлағың ауырса, дәрігерге көрін. Құлағыңды үнемі жуып жүр. Құлағыңды үшкір нәрсемен шұқыма. Әйтпесе дабыл жарғағыңа зиян келтіруің мүмкін. Айқайлап сөйлемеуге тырыс. Теледидар немесе магнитофонның дыбысын қатты шығарма, бұл естуге зиянын тигізеді.
Мен дыбыстан ұғындым,
Көн нәрсені мән – жайды.
Көрінбейтін көзге де,
Ұсталмайтын қолға да
Бірақ адам тәуелді
Бұл құбылыс, жұмбаққа.
Тағы да бір білгенім,
Өлшеусіз зат жоқ екен
Сәл тықырың, тысырың
Мейлі, қатты екпінің
Өлшенеді Генридің
Құрметіне Бельменен
Ауа мен де, сумен де
Таралатын толқын бар.
Су бетінде діріл боп,
Тау ішінде жаңғырар.
Мұның бәрі әрине,
Құлақпенен келеді.
Құлағыңды жақсы күт,
Құлаққа не жетеді?!…..