Тоқаев Франция халқына көңіл айтты
Қысқа сілтеме алу
Мемлекет басшысы Париждегі Құдай Ана ғибадатханасы француз және әлем мәдениетінің ерекше ескерткіші екенін атап өтті
АЛМАТЫ, 16 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Құдай Ана ғибадатханасында болған өртке қатысты Twitter парақшасында пост жариялады.
«Франция президенті мен халқына француз және әлем мәдениетінің ерекше ескерткіші — Париждегі Құдай-Ана ғибадатханасының өртке орануына байланысты көңіл айтамын», — деп жазды мемлекет басшысы.
Выражаю искреннее сочувствие Президенту и народу Франции по поводу разрушительного пожара в Соборе Парижской Богоматери, уникальном памятнике французской и мировой культуры.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 16 апреля 2019 г.
Бұған дейін қайғылы оқиғаға байланысты Ресей президенті Владимир Путин, Германия канцлері Ангела Меркель, АҚШ президенті Дональд Трамп және Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй өздерінің жүрек жарды сөздерін жеткізген.
Париждегі Құдай-Ана ғибадатханасы 15 сәуірде кешке алапат өртке оранды. Тілсіз жау ғибадатхананы бүтіндей жалмап, шіркеудің төбесі құлаған.
Апат орнына Франция президенті Эммануэль Макрон мен француз үкіметінің басшысы барыпты. Қазір өрт ауыздықталды. Өрт сөндірушілер тарихи ғимараттың мұнарасы мен маңдайшасын аман алып қалған.
Бейресми деректерге сүйенсек, ғибадатханадан қайта жөндеу жұмыстары кезінде өрт шыққан болуы мүмкін. Оның үстіне шіркеудің бір бөлігін орман басып тұрған екен.
sputniknews.kz