Анджелина Джоли тегін өзгертіп тастады — Қазақстан жаңалықтары

0

Америкалық актриса Анджелина Джоли-Питт тегін Джоли етіп өзгертіп тастады. 

Анджелина Джоли тегін өзгертіп тастады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі US Weekly басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Актрисаның тегін өзгерткені ажырасуға қатысты сот құжаттарынан белгілі болды. 43 жастағы Джоли мен 55 жастағы Брэд Питт 15 сәуірде ресми түрде ажырасты. Ендігі олар мүлікті бөлісіп, 6 баласын қамқорлыққа алуды рәсімдеу үшін келіссөз жүргізуі тиіс. 

Айта кетсек, Джоли мен Питтің екі жаққа кеткені туралы 2016 жылдың күзінде белгілі болған еді. Олар 2014 жылдың тамыз айында шаңырақ көтерген. Оған дейін 10 жыл көлемінде бірге тұрған.

 

stan.kz