Джон Голсуорси | өмірбаяны
Джон Го́лсуорси (ағылшынша John Galsworthy ([ˈɡɔːlzwɜrði]; 14 тамыз 1867, Кингстон-апон-Темс, Суррей — 31 қаңтар 1933, Лондон) — ағылшын прозашы және драматург, «Форсайт туралы Сага» танымал циклының авторы, әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1932).
Джон Голсуорси 14 тамыз 1867 жылы Кингстон-апон-Темс қаласы (Суррей графствосы, қазір Үлкен Лондон құрамына кіреді), ауқатты отбасында дүниеге келген. Учился на Харроу элиталық мектебінде адвокаттықты, содан кейін Оксфорд университетінде оқыды. Голсуори бұл кәсіп өзінікі еместігін сезіп, заңгер мамандығын бастау үшін шетелге сапарға шығып кетіп, ол жерде теңіз тасымалдау отбасы бизнесіне көмектеседі.
Өзінің саяхаты кезінде, Австралиядағы рейсінде оның жақын досы болып кеткен әрі сол кездегі капитанның бірінші көмекшісі Джозеф Конрадамен кездеседі. Дәл сол кезде Голсуорси Конрадқа саяхат туралы өзінің әңгімелерін жариялауды, өзінің екінші әдебиет мансабының бастамашысы болғанын сендіреді.
1905 жылы Голсуорси Аде Пирсонмен (1864—1956) үйленген.
В 1921 жылы Кэтрин Эми Доусон-Скоттпен бірлесе отырып, ПЕН-клубты құрып және оның бірінші басшысы болады.
1929 жылы әдебиетке сіңірген еңбегі үшін Құрмет Орденіне мүше болады.
1932 жылдың қарашасында әдебиет саласы бойынша Голсуорсиге Нобель сыйлығы лайық деп танылды. Ол сол уақытта ми ісігінің нәтижесінде басы қатты ауырып қалады. Әріптес ағылшындық жазушылары оны тек сырттай құттықтады.
Голсуорси 1933 жылдың 31 қаңтарында Лондонда дүниеден озды.
Голсуорси алғашқы кітабы 1897 жылы «Төрт желден бастап» қысқаша әңгімелер жинағы жарық көрді. Одан кейін Джослин романы «өзіндік трагизмде поэтикалы» пікір бойынша Джозеф Конрад тарапынан жоғары бағаланды. Осы екі немесе бірнеше келесі кезектегі жұмыстар Джон Синджон атымен жарыққа шығады. Оның алғашқы «Күміс қорапша» пьесасы 1906 жылы шығып, табысқа жетті. Форсайт туралы трилогияның алғашқы кітабы сол жылы оның артынан «Собственник» романы жарық көрді. Голсуорси сол кезде жазған пьесалары мен романдары, сол уақытта басқа көптеген жазушылар сияқты басты тақырыптарда әлеуметтік және топтық қатынастардың орын алуы артығырақ деп есептейтін еді.
Дегенмен, Голсуорси өзінің романдары арқасында ең танымал болған, айрықша аттас жанұя туралы трилогиясы «Форсайт тулалы Сага» еді. Басқа романдар сияқты бұл романда әлеуметтік таптың тұрмысы, әсіресе орта таптың жоғары қаьаты толығырақ бейнеленген. Өз кейіпкерлеріне сүйіспеншілік болуына қарамастан Голсуорси тұйықтық, көрсеқызарлық, сараңдық және кей-кейде күмәнді моральді принциптерді де көрсетеді. Ол Викториан дәуіріндегі ерте әдебиетті дәріптеп, қоғам идеалдарына күмәнмен қараған Эдвардиандық дәуірдегі жазушыларының бірі болып есептеледі.