«Өз ойым» продюсері кейіпкердің жалған сөйлегенін мәлімдеді — Қазақстан жаңалықтары
«Өз ойым» бағдарламасының продюсері Жанкелді Танатбекұлы Айнұр есімді қыздың құйтырқы әрекеті жайлы айтты, деп жазады Stan.kz.
«Оның оқудан шығып қалуына біздің бағдарламаны айыптап жатқандар жетерлік. Біздегі ақпарат бойынша Айнұр сабақтан көп қалуына байланысты оқудан шығу мәселесі бірнеше апта бұрын шешілген», — дейді Танатбекұлы.
Продюсер эфирге қатысты ешкім оны мәжбүрлемегенін, өз еркімен келгенін растайтын құжаттардың да бар екенін айтады. Тіпті, продюсер болған жайтты нақтылау үшін бүгін тікелей эфирде барлығын ашық айтатын болады.
stan.kz