ІІМ 10 мыңнан аса қызметкерді қысқартпақ — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі штат құрамын қысқарту туралы үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ 10 мыңнан аса қызметкерді қысқартпақ

Ашық НҚА сайтында жарияланған жобаның түсіндірме жазбасында оның ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру мақсатында әзірленгені көрсетілген. 

Жоба қабылданған жағдайда, ІІМ штаты 10 592 қызметкерге қысқарады. Олардың 8 983-і полиция қызметкерлері болса, 1 609-ы қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері.

Қазіргі уақытта ІІМ-нің штат құрамының лимиті 159 мың қызметкерді құрайды. Жоба қабылданып, жүзеге асырылғаннан кейін ол 149 мыңға дейін қысқарады. 

«Жобаны қабылдау нәтижесінде үнемделген қаржылай қаражат 

2019 жылғы 1 шілдеден бастап, полиция және ҚАЖ аттестатталған қызметкерлердің лауазымдық жалақысын көтеруге бағытталатын болады», — делінеді түсіндірме жазбада. 

Құжатта жобаның биылғы жылдың 24 сәуіріне дейін талқылауда болатыны көрсетілген.

stan.kz