Мария-Антуанеттаның әшекейі рекордтық суммаға сатылды

0

Мария-Антуанеттаның әшекейі рекордтық суммаға сатылды

Франция тарихындағы атағы Жер-жаһанға мәшһүр патшайым Мария-Антуанеттаның әшекейі Sotheby’s бәссауда үйінде рекордтық суммаға сатылды.

Тамшы формасындағы маржан $ 36,1 миллионға өтті. Бәссауда үйінің хабарлауынша, бұрынсоңды мұндай суммаға әшекей бұйым сатылмаған екен.

Саудаға Мария-Антуанеттаның 10 бұйымы қойылған. Оларды осы күнге дейін Парм Бурбондары әулетінің өкілдері сақтап келген екен. Олардың кейбірі соңғы 200 жылда алғаш рет халық назарына ұсынылып отыр. Ұйымдастырушылар $ 1-2 миллионға жоспарлаған маржанның құны сауда барысында күрт өскен. Сатып алушының аты құпия қалды.

Естеріңізге сала кетейік,  Людовик XVI патшаның жұбайы Мария-Антуанеттаның 1793 жылы, яғни, Франция революциясынан кейін басы шабылады. Өмірімен қоштасар алдын барлық қымбат таспен көмкерілген дүниелерін туыстарына беріп үлгерген екен. Коллекциядағы гауһартасты сырғалардың бірінде патшайымның шашы сақтаулы тұрған.