Автобус пойызға соғылып, 4 жолаушы қаза тапты

0
104

«17 қараша күні РФ Саратов облысының Озинки ауданындағы темір жол өтпесінде «Саратов-Орал» рейстік автобусы жүк пойызымен соқтығысты. Алдын ала ақпарат бойынша, автобуста 7 жолаушы болған, олардың бесеуі өзбекстандық, екеуі Қазақстан азаматтары», – деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Комитет өкілінің хабарлауынша, апаттан барлық жолаушылар зардап шеккен және 4 жолаушы қаза тапқан. Еске сала кетсек, 16 қараша күні кешке Қызылорда облысының Қармақшы ауданында екі автобус соқтығысып, 3 адам қайтыс болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат