Қазақша реферат: Кәсіпкерлік қызметтің белгілері мен прициптері

0

ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АК) 10-б. 1-т.-на сәйкес «Кәсiпкерлiк — меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады».  

1.  Кәсіпкерлік қызметі еркіндігінің принципі. Ол ҚР  Конституциясы 26-б. 1-т.-да: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз  мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға  құқығы бар» деп бекітілген.

Одан әрі бұл принципті ҚР АК-де,  заңнамалық актілерде таба аламыз. Ол кәсіпкердің мүліктің  қолдана (айналымнан шығарылмаған) кез келген түрлерін отырып және т. б. кәсіпкерліктің  кез келген саласында, заңмен көзделген кез келген нысанда өз ісін бастауға және жүргізуге құқығын білдіреді.

Бірақ Қазақстан заңнамасымен кәсіпкерлік қызмет еркіндігі қоғам мүддесіне орай  конституциялық құрылыс негіздерін, басқа адамдардың адамгершілігін, денсаулығын, заңды мүдделерін қорғау,  елдің қорғанысы мен  мемлекет қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатына қажетті шамада  шектелуі мүмкін.

Сонымен, ол шаруашылық қызметтің кейбір түрлерін лицензиялаудың кең тәжірибесімен жарым-жартылай шектеледі.

2. Меншіктің алуан түрлерін танудың, меншік құқықтарына заңдық теңдік пен олардың бірдей қорғалуының конституциялық принципі. Ол Конституцияның 6-б.-да бекітілген: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады». Оған сәйкес заңнамамен кәсіпкерлік қызметін республикалық , коммуналдық немесе жеке меншіктегі  мүлік қолданып, жүргізетін субъектілер үшін меншіктің белгілі  бір түрлеріне  қандай да болмасын артықшылықтар немесе шектеулерді белгілеуге болмайды.

3. Бәсекелестікті ұстап тұру мен монополизациялауға және жосықсыз бәсекеге   бағытталған (Конституцияның 26-б-ы) экономикалық қызметке жол бермеу  принцип. Бұл принцип сақтау – нарықтық  экономиканы дамытудың және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың қажетті шарты. Мұнда ҚР 2001 ж. 19-қаңтардағы «Бәсекелесу және монополистік қызметті шектеу туралы» заңына маңызды рөл беріледі.

4. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу принципі. Ең бастысы, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу барысында — кәсіпкерлердің және мемлекеттің  жұрт алдындағы және жалпы қоғамның мүдделерінің сақталуына қол жеткізілуі тиіс.

5. Заңдылық принципі. Ол өте маңызды және оның іске асырылуы
— құқықтық  мемлекетті құрудың негізі. Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет заңнама талаптары қатал сақталған кезде жүзеге асырылуы тиіс. Екіншіден, маңыздырағы, мемлекет құқықтық  актілердің заңдылығын мемлекеттік билік және кәсіпкерлікті реттейтін жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының қызметін қамтамасыз етуі тиіс.

6. Кәсіпкерлердің, солар сияқты тұтынушылардың құқықтарын қорғауды кәсіпкерлік принциптерінің қатарына жатқызуға болады.

Кәсіпкерліктің негізгі құқықтық принциптерінің түпкі мақсатты — тұтынушылардың мүдделерін толық қанағаттандыру жолымен кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Екінші жағынан, кәсіпкерлердің өздері өз құрылымдарын құру тәртібін оңайлатуға, дәлелсіз тексерулерге және керексіз мемлекеттік бақылауға жол бермеуге, коммерциялық құпияны сақтауға, әділ салық салуға   мұқтаж болады. Дәп осыған ҚР АК 10-бабының,  1992 ж. 4- шілдесіндегі «Жекеше кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы»; 1997 ж. 19-маусымдағы «Шағын  кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы»; 1997 ж. 19-маусымдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы»; 1998 ж. 31-наурыздағы «Шаруа (фермер) қожалығы» және кәсіпкерлік қызметті реттейтін  басқа заңдардың нормалары бағытталған.

Біздің көзқарасымызша мыналар кәсіпкердің үстел үстіне қоятын кітаптары болуы тиіс:

— Қазақстан Республикасының 1995 ж. 30-тамыздағы  Конституциясы;

— ҚР 1999 ж. 1- шілдедегі №409-1 Азаматтық кодексі;

— ҚР 2001 ж. 12-маусымдағы №209-11 «Салықтар және бюджетке төленетін  басқа міндетті төлемдер туралы» кодексі;

— ҚР 2001 ж. 30- қаңтардағы №155-11 «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексі

— ҚР 1995 ж. 17- сәуірдегі №2200 «Лицензиялау туралы» заңы;

— ҚР 1999 ж. 10- желтоқсандағы №493-1«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңы;

— ҚР 2004 ж. 28- ақпандағы №528-11 «Еңбек қауіпсіздігі және қорғау  туралы» заңы.

Бұдан басқа 2003 ж. 18.10. ҚР № 487-ІІ «ҚР кәсіпкерлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының заңдық күшіне енгенін кәсіпкерлердің есіне салғымыз келеді.

Оған сәйкес 1992 ж. 04.07. ҚР «Жекеше кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау мәселелері туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұрын Заңда кәсіпкерліктің нысаны – жеке және жекеше нысандары жайлы айтылса, қазір көрсетілген заңның жаңа редақцияда баяндалған бабы жекеше  кәсіпкерліктің барлық субъектілеріне —  жеке  кәсіпкерліктің субъектілеріне, микробизнес субъектілеріне, шағын, орта кәсіпкерліктің және ірі бизнестің субъектілеріне бөлінеді.

Жеке  кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлға құрылмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.

Заңдық тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар, жұмыскерлердің жылдық орташа саны 10 адамға дейінгі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері  шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді және тиісінше шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін көзделген жеңілдіктерді пайдаланады.

Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын,   кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны 60 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.

Орта кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамға дейінгі,   кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады.

Бұдан басқа 1997 ж. 19.06. ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Өзгертулер қабылданғанға дейін  шағын кәсіпкерліктің субъектілері ойын-сауық және шоу-бизнесі саласындағы қызметпен, банк қызметімен және сақтандыру рыногындағы қызметпен (сақтандыру агенті қызметін  қоспағанда): бағалы қағаздардың   рыногындағы қызметпен айналыса алмады.

Бүгінгі таңда ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңның 3-бабының 7-тармағына  өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуіне байланысты шағын кәсіпкерліктің субъектілері айналыса алмайтын   қызметтің жоғарыда аталған тізбесі айтарлықтай кең.

Қазіргі уақытта заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорларының айналымымен байланысты қызметті: акцизделетін өнімдерді (алтын, платина мен күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды өндіруді қоспағанда);  өндіру және (немесе) өткеру,  ойын-сауық және шоу-бизнесі, стандарттау, метрология, сертификаттау, сапаны тіркеу мен басқару саласындағы қызметті; сақтандыру рыногындағы қызметті (сақтандыру агенті қызметін  қоспағанда): бағалы қағаздардың   рыногындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерліктің субъектілері бола алмайды.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!