Nur Otan партиясы президенттікке өз кандидатын 23 сәуірде ұсынады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы съезінің датасын белгіледі, съезде билік етуші партия атынан Қазақстан президенттігіне үміткер ұсыну жоспарланған

АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық бірлестіктің XIX кезектен тыс съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.

«Съезд Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылы 23 сәуірде өтеді», — делінген Ақорданың хабарламасында.

Сейсенбі күні съезде партия мүшелері президенттікке өз үміткерін ұсынады.

Айта кетсек, 2019 жылдың 9 сәуірінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы болатынын жариялады. Көптеген саясаттанушының пікірінше, билік етуші партия өз кандидаты ретінде қазіргі президент Тоқаевты ұсынуы мүмкін.

Nur Otan – 1999 жылы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Отан» партиясы. Партияның көшбасшысы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып табылады.

«Отан» республикалық саяси партиясының алғашқы съезі 1999 жылы 1 наурызда өткен болатын. Ол кезде ішінде кәсіпкерлер, бюджет саласының және мемлекеттік қызметтің қызметкерлері бар партияның 400 делегаты «Отан» партиясының төрағасы етіп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты бірауыздан сайлаған.



sputniknews.kz