Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну қашан басталатыны белгілі болды
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан президенті сайлауына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірден басталып, 28 сәуірде аяқталады, тіркеу 11 мамырға дейін созылады
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауын әзірлеу мен мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
9 маусымға белгіленген кезектен тыс президент сайлауын өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров баяндады.
«Кезектен тыс президент сайлауы жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары сайлау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірленді. Кезекте тыс президент сайлауын өткізу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді. Осы жоспарға сәйкес, Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 2019 жылдың 10 сәуірінен басталып, осы жылдың 28 сәуірінде сағат 18:00-де аяқталады», — деді ол.
Президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығы «Сайлау туралы» конституциялық заңның 55-бабы 1-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі. Ұсыну туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
sputniknews.kz