Исландия мүйісі
Исландия – табиғи ресурстарға өте бай және әлемдегі ең әсем жерлерімен танымал ел. Атақты Гекла жанартауы осында орналасқан. Исландия дүниежүзіндегі жанартауы ең көп арал болып саналады. Ал көгілдір мүйістің геотермалды спасы Исландияның қонақжайлылығын көрсететін танымал туристік орталықтардың бірі. Спа орталықтары Рейкьянес түбегіндегі Гриндавикте орын тепкен. Ауа-райының ыстық немесе суығына қарамастан судың температурасы әрқашан 38-40 градустан төмен болмайды. Су көлді ашық көгілдір түске бөлейтін минералды тұз бен кремнийге өте бай.
Исландия көгілдір мүйісінің геотермалды спасы
Судың жылы ағымы денсаулыққа пайдалы диоксид кремнийі мен күкірт секілді пайдалы қазбаларға толы. Дәрігерлер судың шипасын айтып, көлдің псориаз сияқты кейбір тері ауруларынан емдеп жаза алатын қасиеті барын жария етіп жатыр. Қазіргі кезде аталған спа орталығының маңында арнайы тері ауруларымен жұмыс жасайтын емдеу орындары ашылған. Олардың негізгі қызметі – көлдің бүкіл минералды байлығын түрлі сырқатқа қолданып, жаңа ем шараларын ойлап табу болып табылады.
Исландияның қолдан жасаған көгілдір мүйісі көлге жақын жерде орналасқан Svartsengi атты геотермалды электростанциясымен суды екі күн сайын ауыстырып отырады. Су буға айналғаннан кейін лавалық толқындар арқылы турбиналарды іске қосып, электр энергиясын өндіреді. Турбинадан өткен бу мен жылы су муниципалды жылыту жүйесінен жылу алу үшін жылу алмастырғыштан өтеді. Одан кейін мүйіске емделіп және демалып жатқан адамдарға суды жылы күйінде жібереді.
Ережеге сәйкес демалушылар гигиена ережелерін сақтаулары тиіс. Онда олар суға түсер және шығар алдында душ қабылдаулары керек. Даяшылар тіпті көлде шомылып жүрген кезіңізде де қызмет жасай береді.