Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

0

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы бойынша конкурс қорытындысымен ең үздік көрсеткен аудандар анықталды. Ең үздік ауданды анықтау үшін ауыл шаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылдың он айында атқарылған жұмыстарға сәйкес, он негізгі көрсеткіштер бойынша сараптама жүргізілген. Сараптама нәтижесінде Жамбыл ауданы бірінші орынды, Меркі ауданы екінші орынды, ал Т.Рысқұлов ауданы үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар, мал, егін шаруашылықтары бойынша да үздік шаруа қожалықтар, өңдеуші кәсіпорындар мен озық кооперативтер марапатталды. Еңбек озаттарына Бекболат Серікбекұлы агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері үшін облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталары табыстады. Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісі және Құрмет грамоталары облыс шаруаларына табысталды.

Шара барысында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары ән мен биден шашу шашты.

Айта кетейік, биылғы жылы аталған салаға 17,6 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде республикалық 7902,3 миллион теңге болса, облыстық бюджеттен 9760,2 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, бюджеттік кредит және трансферттерге 5278,1 миллион теңге, ал субсидияларға 11,880,2 миллион теңге бөлінген. Ағымдағы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 230 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 104 пайызды құрады. Ал ағымдағы жылы пайдаланылмай жатқан жерлерді айналымға енгізу арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 669 мың гектарға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 39 мың гектарға артты.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз