Еліміздегі полицейлер марқұм болған атыраулық әріптесінің отбасына 29 млн теңге жинап берді — Қазақстан жаңалықтары
ҚР полицейлер ерлікпен қаза тапқан атыраулық әріптесіне қаражат жинап берді.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін полицейлер Шалқардың отбасына Атыраудан 3-4 бөлмелі үй сатып алып бермек болған. Себебі ол отбасының жалғыз асыраушысы еді.
«Атырау облысының полиция департамент қызметкерлері, ІІМ орталық аппараты, өңірлік полиция департаменті, қылмыстық-атқарушы жүйе, құтқару қызметі мен Ұлттық гвардия әскерлері Шалқар Ақымғалиевтің отбасына қолдау білдірді. Полицей суға батқан әйелді құтқарам деп қаза болды. Оның банктік есепшотына қазіргі уақытта 29 млн теңге аударылды», — дейді өңірдегі полиция департаменітінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 21 наурыз күні Шалқар Ақымғалиев өзенге секірген қызды құтқарам деп мерт болды. Қаза тарқан полицей мемлекеттік марапатқа ұсынылды.
stan.kz