Жемістерде дәруменнің көп екенін білемін
Ой қозғау
Жемістердің адам денсаулығына пайдасы туралы ой бөлісу.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жетістік критерийін оқушылармен анықтау.
Түсіну.
«Аурудың себебі» мәтіні тыңдалады.
Мәтін бойынша қойылатын сұрақтар:
1.Теңізшілер неліктен лимон жеуді әдетке айналдырады?
2.Лимонның қандай пайдасы бар?
3.Керқұлақ ауруы туралы естіп пе едің?
«Керқұлақ» – «Цинга» – С дәруменінің жетіспеушілігінен пайда болатын ауру.
4.Мәтін неліктен осылай аталған екен?
Жетістік критерийі:сұрақтарға толық жауап бере алады;
Бағалау:жетістік критерийі бойынша
Мынадай қосымша ақпарат беріледі:
Бұл дерт адамның организмінде С витаминінің,яғни аскорбин қышқылының жеткіліксіздігінен пайда болады.Көп адамдар «цинганы» қызыл иектің ауруы деп біледі,қызыл иектің қанағыштығы мен тістердің түсуі,негізінен,ауыр дерт белгілері болып табылады.Цингамен ауырған адамның тамаққа тәбеті болмайды,салмағы азаяды, әрқашанда шаршап және әлсіздікті сезіп тұрады.Цинга ауруымен ауырмау үшін тамақпен бірге адамға С дәрумені түсіп тұру керек.Сау организмнің С дәруменіне тәуліктік қажеттілігі100 мг. С дәрумені көптеген көгөністерде, жеміс-жидектерде,қырыққабатта,көк пиязда,қызанақта,сармысақта көп болады.
Оқылым
Өлең шумақтарын оқы (өлең шумақтары оқылады)
Алма
Тісің тиер-тиместен,
Тырс етер де,жарылар.
Шықпас мәңгі бір естен,
Хош иісті дәмі бар.
Мұзафар Әлімбай
Қарақат
Теремін жазда қарақат,
Қарақаттеру-рақат.
Себетім қолда тоқыма,
Мен-бір құс дәндер шоқыған.
Мұзафар Әлімбай
Өрік
Әкеледі бағымызға көрікті,
Көктем шыға гүлдегені өріктің.
Аппақ гүлдер жауып өткен ақ қардай,
Сәл маужырап күн көзіне еріп тұр.
Тұманбай Молдағалиев
Өс,өс, қиярым!
Су әкелдім тағыда,
Іше қойшы,қиярым.
Жаз айында томпиып,
Пісе қойшы қиярым.
Тегін кетпей еңбегім,
Піскенінде қиярым,
Дәмді салат жасауға
Себетіме жиямын.
Жәнібек Кәрбозин.
Жетістік критерийі:мәнерлеп оқи алады.
Бағалау:«Басбармақ» арқылы бағалайды.
Топтық жұмыс.
Топ ішінде ой бөлісу.
Өзің қандай жеміс-жидектерді ұнатасың?
Жұптық жұмыс.
Дәруменге бай 3 жеміс-жидек пен көгөністі ата және оған қатысты 3 сөз жаз. Мысалы: сәбіз-сарғылт,қызыл,бақша,палау.
Бағалау: «Қол соғу» арқылы бағалау
Ой толғау.(топтық жұмыс түрінде)
Дәрумені бар тағамдарға тағы не жатады? Дәруменнің адам денсаулығына пайдасы қандай?Түрлі дереккөздерден ақпарат алып,ойларыңды ереже түрінде жүйелеңдер.
Жемістің аты | Құрамындағы дәрумен | Пайдасы |
Жетістік критерийі:
ü Ойын жеткізе алады;
ü Дереккөздермен жұмыс жасай алады;
Бағалау:жетістік критерийі бойынша бағалайды.