«Адал сүт емген». Димаштың анасы келіні тек қазақ қызы болғанын қалайтынын айтты

0
Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Журналист әншінің анасынан ұлының шетелдік келін алып келуіне қаншалықты дайын екенін сұрады

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы болашақ келінінің қазақ отбасынан шыққанын қалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол алдағы концертке деген дайындықтың жоспардағыдай жүріп жатқанын айтып өтті.

Света Айтбаева Димаштың ұлттық құндылықтарды жоғары бағалайтынын және қазақы болмысының арқасында болашақ жарының де қазақ қызы болатынына сенімді екенін жеткізді. Одан журналист «Димаштың шетелдік қызды қалыңдығым деп алып келуіне дайынсыз ба?» деп сұраған-ды.

«Әркімнің маңдайына жазылған бұйырады. Сол себепті бір жақсы жарды кездестірсе деген тілектеміз. Әркімнің көңілі әртүрлі екені сөзсіз. Дегенмен қазақы отбасында тәрбиеленген, ағайын-тумамен араласып, барлық ұлт болмысы бойына сіңген баланың көзқарасы басқаша болатын сияқты», — деп Света Айтбаева «Таңғы хабар» бағдарламасында ұлының шетелдік қызды жар етіп таңдамайтынына сенімді екенін айтып өтті.

Әрі қарай болашақ келінінің қандай болғанын қалайтынын сипаттап берді.

Тағы оқыңыз: Димаш досы Денис Тенді әлі жоқтап жүргенін айтты

«Қазақта әдептілігі, көрегенділігі, тазалығы мен инабаттылығы үйлескен қызды «адал сүт емген» деп бір ауыз сөзбен сипаттайды. Әрине, осындай болса екен деген тілектеміз. Келініміздің көрегенді жердің қызы болғанын қалаймыз», — деді Света Айтбаева.