Қызылордадағы жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды (видео)

0
235

Қызылорда облысындағы жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Қызылорда облысында  жолаушылар көлігінің соқтығысынан екі адам қайтыс болып, 14 адам жарақаттанған. Жол апаты бүгін кешке Қармақшы ауданы Ақжар ауылынан 10 шақырым қашықтықта орын алған. ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің айтуы бойынша, жарақаттанғандар Қармақшы ауданындағы ауруханаға жеткізілді.

Бейресми дерек бойынша, аталмыш жол апатынан 10-20 адам қайтыс болған деген де дерек бар. Тағы бір айта кетерлігі, екі автобустың иесі бір деген де жорамал кездеседі.

«Қамшы» сілтейді