Қазақ-өзбек шекарасында көліктердің қапталу себебі
Қысқа сілтеме алу
Қазақстандық өткізу бекеттері қайта қалпына келтіріліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Қазақ-өзбек шекарасындағы кептеліске өткізу бекеттерінің ескіруі себеп. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Қуат Рақымов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Рақымов Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк көліктерінің бөгеліп, тоқтап тұрғанын растады. Оған өткізу бекеттерінің ескіруі себеп екен.
«Біздің өткізу бекеттеріміз 20 жыл бұрын салынған. Оларды қазір жаңғырту қажет. Біз техникалық мүмкіндікке қарай өткізіп жатырмыз. Мәселен, егер бекеттің өткізу мүмкіндігі тәулігіне 100 көлік болса, біз 250 көлік жібереміз. Қазіргі жағдай осындай», — деді Рақымов ОКҚ кулуарында.
Оның айтуынша, кідіріс өзбекстандық тарапта да бар екен.
«Өзбек тарапы бақылауды күшейткен кезде, біз көліктерді ол жаққа өткізе алмаймыз. Соның салдарынан олар біздің жақта кептеліп қалады», — деп түсіндірді ол.
Бұл мәселені шешу үшін қазақстандық өткізу бекеттері қайта қалпына келтіріліп жатыр. Қазір, оның айтуынша, «Қонысбай» пунктін жаңғырту жұмыстары жүруде. Бұған қоса, «Жібек жолы» өткізу бекетінде де тиісті жұмыстар басталған.
Тағы оқыңыз: Қырғыз бизнесмені шекарада кімдердің ақша бопсалайтынын айтты
«Қалған пунктер де биыл қайта қалпына келтіріледі», — деді Рақымбаев.
sputniknews.kz