17 ғ-дың соңы — 18 ғ-дың басында Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттей бастауы туралы қазақша реферат

0

17 ғ-дың соңы — 18 ғ-дың басынан бастап Ресейдiң және Батыс Еуропаның бiрқатар елдерiнiң ғалымдары Қазақстан аумағы мен халқын, оның тарихын, мәдениетiн, тұрмысы мен салтын зерттей бастады. Осы өлкенi алғашқы зерттеушiлердiң бiрi орыс картографы С.У. Ремезов болды, ол “Сiбiр халықтары және олардың шекаралары туралы сипаттама” деген еңбек жазып қалдырды. 18 ғ-дың алғашқы ширегiнде Қазақстанда И.Д. Бухгольцтың (т.-ө. ж. белгiсiз), С.Лихаревтың, И.Унковскийдiң (т.-ө. ж. белгiсiз) және басқа ғалымдардың экспедициясы жұмыс iстедi. Олар Ертiс өзенінiң алабын Зайсан көліне дейiн, Тарбағатай тауының және Жетiсу Алатауының сiлемдерiн зерттедi. А.БековичЧеркасскийдiң ғылыми экспедициясы Арал теңізін және Каспий теңізінiң аумағын картаға түсiрдi, сондай-ақ қазақ халқы туралы кейбiр этнографиялық мәлiметтер жинады. Хиуа ханының шабуыл жасауы салдарынан Бекович-Черкасскийдiң экспедициясы қаза тапса да, Ресей зерттеушiлерiнiң Орта Азия мен Қазақстанның түкпiр-түкпiрiне бойлап енуге деген ұмтылысын тоқтата алған жоқ!

Міне ғылым алдымен империалистік пиғылдағы арам ойлы қарекеттерге жұмыс істеді. Сондықтан ақ пен қараны ажырата білу керек. Өздеріңіз көріп отырғандай-ақ жерімізді картаға түсіруден, қала берді ханзадаларымызды ұрлап қолға түсіруден басталған жымысқы әрекеттерден жоңғарларды бізге айдап салуға ұласты.

Қазақстан территориясындағы ғылыми экспедицияларға қатысқан орыс ғалымдарының зерттеулері қазақ халқының экономикасы мен мәдениетін дамытуға қосылған үлкен үлес болды. Орыс ғалымдары геологиялық, климаттық карталар, сондай-ақ Каспий мен Арал теңіздерінің карталарын жасады. Олар капитан Е. Мейер мен 1715 жылы ұйымдастырылған               А. Бекович-Черкасский (осы шолғыншыны Хиуа ханы өлтірген) экспедициясының материалдары бойынша, сондай-ақ А. Кожин мен В. Урусов түсірген суреттердің негізінде Каспийдің шығыс жағалауын дұрыс сипаттап, картографиялық жақтан дұрыс бейнеледі. Олар сол уақытқа дейін орын алған Амудария Каспий теңізіне құяды дейтін пікірді теріске шығарды.

XVIII ғасырдағы Қазақстанның неғұрлым көңіл аударатын зерттеушісі деп Орынбор губерниялық кеңсесінде қызмет атқарған П. И. Рычковты айтуға болады, ол өзінің қызмет бабындағы міндеттеріне байланысты ғана емес, сонымен бірге бойына біткен кең алымды ғалымдық және саяхатшылық дарынымен өз еңбектерінде қазақ халқының тұрмысы мен тарихын көрсете алды.

Сол ғасырда-ақ Россия ғылым академиясының инициативасы бойынша аз зерттелген аймақтарға экспедициялар жіберілді, бұл экспедицияларды П. Паллас, И. Фальк, И. Георги, Н. П. Рычков (П. И. Рычковтың баласы) және басқалар басқарды. Олардың шығармаларында Қазақ даласындағы XVIII ғасырдағы жағдай жөнінде қызғылықты деректер көп, олардың кейбір байқаулары осы күнге дейін өзінің ғылыми мәнділігін жойған жок.

Кіші және ішінара Орта жүз қазақтарының Россияға қосылуының бастапқы кезі туралы юридикалық актілерді жазуда маңызды роль атқарған әбжылан (башқұрттың арамзасы) А.И. Тевкелев құрастырған ауқымды да құнды материалды пайдаланбайынша XVIII ғасырдағы Қазақстан тарихымен шұғылдануға бюлмайды. XVIII ғасырда өмір сүріп, жұмыс істеген Қазақ өлкесін зерттеу шілер ішінен Д. Гладышевті, И. Муравинді, К. Миллерді, М. Араповты, И.К. Кириллов ты, В.Н. Татищевті, Я. Гуляевті, И. Ураковты және т. б. атауға болады. Өлкенің тарихын, этнографиясын, егіншілік жайын, мал шаруашылығын, табиғат байлықтарын зерттеу жөнінде маңызды материалдар қалдырған, капитан И.Г. Андреев, Г.Н. Ввлошанин, А. Незнаев, майорлар Зеленов пен Богданов, Иван Мотов, инженерлер М.Д. Чулков, Литвинов, Бейдам, Телятников, Стрижков, Снегирев, унтер-офицерлер Ф. С. Ефремов, С. Матвеев, Я. Гавердовский, Т. Бурнашев және басқа да бірталай кісілер басқарған XVIII ғасырдың соңғы үштен бірінде және XIX ғасырдың бас кезінде Қазақстанға жіберілген орыс экспедициялары (байқап та аңғарып та отырсыздар: экспедиция!!!) назар аударарлықтай. Олардың еңбектері орыстың шығыстану ғылымын байытты. Бірақ Қазақ Хандығын әлсіретуге мол септігі тиді.

.


Тағы рефераттар

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!