Біз Ресеймен дос емеспіз – Украина

0

Биылғы жылдың сәуір айынан бастап Киевтің бастамасы бойынша Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы «Достық, ынтымақтастық және серіктестік қатынастары туралы шарт» жойылды. Аталған шарттан шығу туралы шешім өткен жылдың желтоқсан айында Жоғары Рада арқылы қабылданды және 12 желтоқсанда Петр Порошенко оған қол қойды.

Басқаша айтқанда, «Үлкен» деп аталатын келісім он жыл мерзімге екі елдің президенттері Борис Ельцин мен Леонид Кучма 1997 жылдың мамыр айында қол қойған еді.

Украин саясаткерлерінің айтуынша, көп жылдар бойы қолданыста болған екі жақты келісімнің бұзылуының себебі — Мәскеуден Украинаға қарсы «қарулы агрессия» болды. Бұл, әрине, «достық» және «ынтымақтастық» дегенге сәйкес келмейді.

Екі ел арасында достастық 2014 жылы аяқталды, бірақ ресми түрде 2019 жылдың 1-ші сәуірінде аяқталды.

Отаршыл елмен байланысы толығымен үзу жаһандық стратегияның бөлігі  және Еуропаға бет бұру – деді Порошенко. Оның айтуынша, Шарттың ертерек тоқтатылмаған себебі, ол – Украинаның халықаралық ұйымдарға Ресейге қарсы көптеген талаптарын қоюға заңды негіз беруіне көмектескен.

 

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты