Заттар неден жасалған балабақшадағы ашық сабақтар
Іздену- ұйымдастырушы
Балаларға жаңа оқу іс-әрекетінде тақтадағы сурет арқылы адамдардың тіршілігіндегі, күнделікті өмірде қолданылатын заттар туралы болатынын айтып өтемін.
Ол заттардың барлығын адам өз қолымен жасайды. Оларды біз табиғатқа жатқыза алмаймыз. Әрбір затты жасау үшін адамдардың білімі мен еңбегі қолданылады, сол үшін бізді қоршаған барлық заттарға қамқорлықпен қарауымыз керек. (Мыс:үй үлкен, кіші. Кірпіштен, ағаштан жасалған. Жаңа-ескі. Машина т.б) Ал, сен білесің бе ойыншықтарыңның неден жасалғанын? Жұмсақ ойыншықтар жасанды теріден немесе матадан, ал кейбіреуі металдын, пластмассадан немесе әйнектен жасалады.(ойыншықтарды көрсету)
1. -Балалар, бізге бүгін қонақтар келе жатыр екен (бауырсақ/ Шахназ/келеді әуендетіп):
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қоян/Ботакөз/: Бауырсақ, бауырсақ,қайдан келесің? Түу, иісің қандай тамаша, мұрнымды жарып барады. Мен сені жеймін.
-Қоян аға, мені жемеші, мен саған өлең айтып беремін.
-Жоқ, маған өлең емес, мына тапсырмаларды орындасаң, жіберемін
-Ой, тапсырма деймісіз, менің достарым көп. Маған көмектесесіңдер ме?
-Балалар, мына қорапшаның ішінде қандай заттар бар ? Бұлар неден жасалған?
-Қане, балалар, бірге көрейік: үстелдің үстінде шыныдан жасалған әр түрлі заттарды шығарамын: стакан, кесе, құмыра, шыны ыдыстар, терезенің әйнегі,банка
Балалар, бұл шыныдан жасалған заттар.
Шыныдан неше түрлі заттарды жасауға болады: ыдыс аяқ, айна.
Балалар шыныларадан әр түрлі дыбыстар шығады, таяқшамен заттарды соғып тыңдап көрейік. Қандай дыбыстар шығады?
Қандай қауіпсіздік ережелерін білеміз:
2. –Балалар, қараймыз, күшік /Диас/ келіпті:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Мен сендерден осы топтың ішінде бір заттарды жасырып қойдым.
Тәрбиеші: -Қане ,балалар, бірге іздейік, қайда тұр екен?
Балалар қарандаршы, мына жерде Әр түрлі жұмсақ ойыншықтар, кигіз үй, тоқылған қолғап бар екен.
-Балалар осы жұмсақ ойыншықтар неден жасалған?
Жүннен, мақтадан жасалған.Бұл табиғи материалдың бір түрі. Оны фабрика заводтарда өндіріп шығарады.Қойдың, түйенің, ешкінің жүндерің түтіп әр түрлі тоқыма тоқуға болады
-Балалар шаршаған шығармыз, біраз демалып алайық
Сергіту сәті.
Қызыл Телпек/Іңкәр/ келеді:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Балалар, анам маған бәліш пісіріп берген болатын, сол бәліштерді әжеме апарайын десем жолымды таба алмаймын. Маған көмектесесіңдер ме?
-Балалар, Қызыл Телпекке көмектесу үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
1 тапсырма: Балалар, қараңдаршы, резеңкеден жасалған заттар бар екен: доптар, секіртпе, резеңкеден жасалған ойыншықтар, резеңке қолғап.
Қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?
2 тапсырма: Балалар, мына жерде ағаштан жасалған заттар, ойыншықтар, муз. аспап (домбыра) бар екен.
Ағаштан не жасауға болады?
Топтағы ағаштан жасалған бұйымдарды атайықшы. Ағаштан жасалған заттарды жуып сүртуге болады.Ағаш бұйымдары өте мықты.
-Балалар қарандаршы Қызыл Телпекке көмектесу үшін барлық тапсырманы орындадық Өте қызықты заттар екен.
Енді сендермен ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Құрт неден жасалған?»
Балалар сурет бойынша құрттың жасалу жолдарын көрсетіп,түсіндіреді.
Балалар суреттегі заттарды атап, олардың неден жасалғананын, не үшін қажет екенін айтып өтеді.
Ойыншықтарға қарап, қайсысы жүннен, пластмассадан жасалғандығын ажыратады
-Сәлеметсің бе, бауырсақ!
Көмектесеміз
Жуан, жіңішке
1.Шыны морт сынғыш зат
2.Шыныны қолғап киіп ұстау керек.
3.Сынған әйнекті сыпыртқымен жинау керек.
4.Сынған ыдысты қолдануға болмайды
Сәлеметсің бе, күшік!
Балалар қимылдар жасап көрсетеді.
Таптық, үстелдің үстінде, беті шүберекпен жабулы тұр екен
Жүннен жасалған
Қимылмен жасайды
Сәлеметсің бе, Қызыл Телпек!
Көмектесеміз
Нұрғай: Резеңкені жағуға болмайды. Өйткені қоршаған ортаға, адамдарға зияның келтіреді. Табиғатты қорғайық
(үстел, орындық).