Сырым Датұлы бастаған көтеріліс( 1783 ‒ 1797 жж.).слайд,презентация — Тарих

0

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс( 1783 ‒ 1797 жж.).слайд,презентация

 

 

  Жайық бойындағы жақсы жерлерге жайғасып алған қазақ ‒ орыстар қазақ ауылдарына дүркін ‒ дүркін шабуыл жасап, малдарын айдап әкетіп, адамдарына зорлық ‒ зомбылық жасады. 
 1744  жылы Орынбор қаласы салынды, кейіннен Ор өзенінің бойынан Орск және егіске қолайлы жерлері мол өзендер бойынан бекіністер салу сияқты шараларды жүзеге асыра бастады.
 Патша өкіметі қазақтарды “ ішкі жаққа ” Жайық сыртына өткізбей  тиым салды. Кіші жүздің ханы Нұралының да халыққа қысым көрсетті.
   Е.И.Пугачевтің басшылығымен болған 1773 ‒ 1775  ж. Шаруалар көтерілісі жаншылғаннан кейін 7 жылдан соң, 1783 ж. Кіші жүзде шаруалардың көтерілісі бұрқ ете қалды.  Бұл қозғалыстың сипаты 1773 ‒ 1775  ж. Шаруалар соғысының жалғасы еді. 
  Көтерілістің басты мақсаты  —  ғасырлар бойы Кіші жүз жерінде қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак ‒ орыс әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою еді. 
 Көтеріліске елге жастайынан ақылдығымен, шешендігімен танымал болып бала би атанған халық арасында беделі зор , ықпалы күшті Байбақты руының старшыны Сырым Датұлы (1742 ‒ 1802 ж.) жетекшілік етті

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!