Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МАЗМҰНЫ
Кіріспе………………………………………………………………………………… | 7-8 | |
1 | Әдебиетке шолу…………………………………………………………………. | 9-20 |
1.2 | Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы………….. | 9 |
1.3 | Күздік бидайдың қысқа төзімділігі………………………………………. | 10-12 |
1.4 | Күздік бидайдың биологиялық ерекшелігі……………………………. | 12-20 |
2. | Қаратал ауданының топырақ-климат жағдайы………………. | 21- |
2.1 | «Бекагро» шаруа қожалығы туралы мәлімет, шаруашылықтың ауа райы жағдайы………………………………………………………………… | 21-22 |
2.2 | Тәжірибе танабының топырағы…………………………………………… | 22-23 |
3 | Негізгі бөлім………………………………………………………………………. | 24- |
3.1 | Зерттеу жұмысының бағдарламасы және әдістемелері…………. | 24 |
3.2 | Зерттеу нәтижелері……………………………………………………………… | 24-29 |
3.3 | Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың биіктеп өсуі….. | 29-30 |
3.4 | Себу мөлшеріне байланысты арамшөптермен ластануы……….. | 30-33 |
3.5 | Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың өнімділігі……… | 34-35 |
3.6 | Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың экономикалық тиімділігі……………………………………………………………………………… |
35-39 |
Еңбек қорғау……………………………………………………………………… | 40-45 | |
Қорытынды……………………………………………………………………….. | 46 | |
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………….. | 47-48 |
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында астық өндірісі ауыл шаруашылығы ғылымы мен өндірісінің негізгі мақсатының бірі болып табылады, әсіресе ол нарық жағдайында аса маңызды болып отыр. Сондықтан бидай өндірісін ұлғайту экономиканы тұрақтандырудың маңызды резерві болып саналады.
Қосымша астық резервінің бірі –Солтүстік Қазақстандағы күздік дәнді дақылдар өндірісі. Барлық астық дақылдары ішінде күздік дәнді дақылдар өнімділігі барынша жоғары болып келеді. Олардың өнімі өзге дақылдардан гектарына 4-тен 12 центнерге дейін асып түседі. Сонымен қатар азықтық бағалылығы жаздық бидайдан еш кем түспейді. Топырақтан күзге-қысқы, ерте көктемгі ылғалды және сіңімді қоректік заттарды тиімді пайдаланады. Оны жел және су эрозиясынан жақсы қорғайды, арамшөптермен күресте де үлкен маңызы бар, ауруларға төзімді, ең қауіпті астық зиянкесі –астық сұр көбелегінен зақымданбайды. Сонымен қатар өсіп жетілуі 15-20 күн ерте аяқталады, ал ол егінді құрғақ және жылы кезеңде жинауға, ауыл шаруашылығы техникасын тиімді пайдалануға, көктемгі-күзгі ауыл шаруашылығы дақылдарын себудегі қауырттықты төмендетуге мүмкіндік береді. Егінді ерте жинау арқылы тамыз айында топырақты сүдігерге дайындауға мүмкіндік туады, соның нәтижесінде өсімдік қалдықтары жақсы минералданады, топырақта ылғал жинауға және арамшөптермен күресуге күздік дәнді дақылдар алғы дақыл ретінде жартылай сүрі танап болып келеді әр кейінгі дақылдардың өнімділігі жоғарылайды.
Өсімдік технологиясы халық шаруашылығының ең басты салаларының бірі болып есептеледі. Сондықтан елімізде, әсіресе біздің республикада оны әрі қарай дамыту мәселесіне зор назар аударылып келді және келе бермек.
Қазақстан астық өндіру жқнінде дүние жүзіндегі белгілі елдердің қатарына жатады. Республикада астық шаруашылығының өркендеуінде басты көңіл бөлініп, жыл сайын орташа есеппен өндірілетін астықтың көлемін 26,5-28,5 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Ауа райы қолайлы жылдары ҚР-да астық өнімі 32-34 млн. тоннаға дейін жетеді.
Егін шаруашылығының көлемінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде үшінші орынды (Ресей мен Украинадан кейін). Бірақ астықтың сапасы жағынан 1-ші орынды алады.
Республиканың егін шаруашылығына жаңа техника мен озық технология кеңінен енгізілуде. Ол астықты көп өндіріп, оның сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Оны төмендегі мәліметтер айқын айғақтайды.
Қазақстан астықөнімдері 1993 жылдан, яғни тың және тыңайған жерлерден игеруден бастап тез өссе бастады. Қазір республикада 25,5 млн. гектардан астық егіс егіледі. Қолайлы температура түптену кезеңінде 15-16 градус, масақттануда 18-20 градус, гүлдену мен пісіп жетілу кезендерінде 20-25 градус.
Күздік бидайдың көктеуі мен түптенуінде ылғалдың маңызы зор. Ф.Н.Прутцков пен И.П.Осиповтың (1990) деректері бойынша, себу қарсақында топырақтың 0-10 см. қабатындағы тиімді ылғал қоры 10 мм. артық болса, онда өсімдіктердің өсіп жетілу кезеңінің алғашқы кезеңі қолайлы жағдайда өтетінің сенімді көрсеткіштері, 10 мм аз болса –егін көгінің п.б. жауын шашынға байланысты, ал 5 мм төмен болса егін көгінің толықтығы төмендейді, дақылдарға қолайлы топырақ ылғалдылығы 60 см қабаты ТДЫ-тың 70-75% күздік бидайдың транспирациясы коэфиценті 460-500.
Күздік бидайдың тұқымы жаздық бидай тұқымы сияқты +1-2 градус жылылықта өне бостайды, бірақ жаппай өнуі +12-15 градус температурада жүреді. Бұл жағдайда егін көгі 6-9 сөткеде п.б. Мысалы, Целиноград АШИ өсімдік шаруашылығы каф-ның тәжірибесінде күздік бидай көгі орташа сөткелік ауаның 18,6 гр/с тем-да 5 сөткеде, ал 15,9 және 12,8 гр/с болғанда тиісінше 6-8 сөткеде п.б.
Күздік дәнді дақылдар ішінде бидайдың топыраққа қажетсінуі барынша жоғары ол мол өнімді арам шөптерден таза, құнарлы қара топырақтар мен әрі қызғылт топырақтарды қамтамасыз етеді. Ойпаң, батпақты жерлер күздік бидайға жарамайды. Оған көктемде су жиналып калмайтын және өсімдіктердің езіліп кетуін болдырмайтын тегіс танаптарды тандап алған жөн. Өсімдіктердің кетуіне қарсы барынша тиімді шараларға аязға төзімді сорттарды пайдалану, фосфор, калии, тыңайтқыштар жатады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
-тәжірибе жүргізілгенжердің ауа райына талдау жасау;
-тәжірибе жүргізілген жердің топырағы мен өсімдік жамылғысын анықтау;
-күздік бидайдың өсіру техънологиясын жеткілікті меңгеру;
-күздік бидайдың себу мөлшеріне байланысты зерттеулер жүргізіп, оның тиімділігін анықтау болып табылады.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.2 Күздік бидайдың халықшаруашылығындағы маңызы
Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мәселе нарықтық экономикаға көнуге байланысты өткір қойылып отыр. Астық алу көздерінің бірі-Қазақстанда күздік дәнді дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай. Жаздық бидайға қарағанда азық-түліктік құндылығымен ерекшеленеді. Ол топырақтан күзгі, қысқы, ерте көктемгі ылғалды және қоректік заттарды жақсы пайдаланады; топырақты су және жел эрозиясынан сенімді қорғайды; арамшөптерге қарсы күресте ерекше маңызы бар; аурулармен аз залалданады және астық зиянкесі-астық сұр көбелегі жарақаттануынан өтіп кетеді, сонымен қатар 7-10-нан 15-30 тәулікке дейін вегетациясын ерте аяқтайды. Күздік бидайдың ерте пісуі нәтижесінде егін жылы, құрғақ уақытта жиналады, ауыл шаруашылық техникалары тиімді пайдаланады, көктемгі-күзгі себу және жаздық дақылдарды жинау кезеңіндегі қаурыттылықты төмендетеді.Дәнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде дүниежүзінде 230 млн гектаар егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35 пайызын құраайды, ал оның астық өнімі орта есеппен гектарына 25,4 центнерді құрайды. Күздік бидай алғы дақыл ретінде жартылай сүрі танабы болып табылады да кейінгі дақылдардың өнімін арттырады.
Бидай жер шарындағы ең бағалы және аса маңызды азық-түліктік дәнді дақыл. Оның бағалылығы дәмділігімен, қоректілігімен, жақсы сіңімділігімен және бидай нанының жоғары сапасымен анықталады.