Күзгі балл сценарий балабақшада
Шұбарқұдық №2 орта мектебінің мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Бұхашева Айнұр Махамбетқызы
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Құрметті жиналған қауым. Берекелі мерекелі алтын күз құтты болсын.
Уа халайық халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
«Күзгі балл -2011»
Кешімізді бастайық
Армыссыздар бармысыздар жан күйер әз қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенді бастамақшы бастауыш оқушылары
Келіп бізге өздерінің топтарын таныстырып
Олар қатысады сайысқа атсалысып
Таныстырып өтейік топтарымыздың аттарын
Бірі атаныпты «Табиғат құбылыстары» деп
Енді бірі атаныпты «Құстар» деп
Атаныпты бір тобымыз «Жемістер» деп
Сайыстың кезеңдері төмендегіше:
1 Таныстыру
2 Өлең оқу
3 Сұрақтар
4 Өнер
5 Карнавалды костюм
6 Стол мәзірі
Топтарымызды сынау үшін келіп отыр әділқазы мүшелері
Таныстырып өтейін мен оларды
Мектеп директоры: Бегимов Еламан Нағашыбайұлы
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Алишева Динара Алтайқызы
Мектеп психологы: Есенаманова Света
Келіпті бізге қонақ болып ата-аналар төреайымдары
Таныстырып өтейін мен оларды
Тұқыбаева Валентина
Бижігітова Ергүл
Бегимова Светлана
Бес балдық жүйемен бағаланады.
1-ші кезең «Таныстыру»
Әр топ өздерін топтың атына байланысты таныстырады.
Жүргізуші:Әділқазы алқалары 1-ші кезең бойынша топтарды бағалаңыздар.
2-ші кезең «Өлең оқу»
Ал оқушылар ақылды,
Барша жұртты шақырды.
Өлең оқып мәнерлеп
Таң қалдырар бәрімізді.
Әр топ күзге байланысты өлең оқиды.
Жүргізуші:Әділқазы алқалары 2-ші кезеңбойынша топтарды бағалаңыздар.
3-ші кезең «Сұрақтар»
Мұнда келген ақындар
Аспазшы, биші, әнщі бар.
Ал біз сынап көрейлік
Тапқырлығын білейік
Әр топқа екі сұрақ беріледі, олар сұраққа жауап берулері қажет.
Жүргізуші:Әділқазы алқалары 3-ші кезең бойынша топтарды бағалаңыздар.
4-ші кезең «Өнер»
Бәрімізде ойын-сауық басталады
Тамаша күй тартылап ән салады
Қошеметпен қол соғып отырайық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды
Әр топ өз өнерлерін көрсетеді
Жүргізуші:Әділқазы алқалары 4-шікезең бойынша топтарды бағалаңыздар
5-ші кезең «Карнавалды костюм»
Модель болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұнайма,
Әр мамандық өзгеше
Өз мәнінде, шырайында,- деп келесі
Кезеңде әр топтан карнавалды костюм сән үлгісін көрсетеді.
Жүргізуші:Әділқазы алқалары 5-ші кезең бойынша топтарды бағалаңыздар.
6-ші кезең «Стол мәзірі»
Бірі әнші болып,
Бірі биші болып,
Бір-бірінен қалыспады
Оқушылар аспазшы болып
Әкеліп тұр дастарханға өз сыйларын
Дәм татып бағалаңдар әділқазы мүшелері.
Жүргізуші:Әділқазы алқалары 6-ші кезең бойынша топтарды бағалаңыздар.
Міне осымен сайысымыз аяқталды. Бастауыштың бөлдіршіндерінің қандай өнерлі, тапқыр, аспазшы, екендерін тамашаладыңыздар. Ендігі кезек әділқазы алқаларына осы білдіршіндердің өнерлерін әділ бағалап 1-ші, 2-ші, 3-ші орындарды, және номенацияларды анықтап беруіңізді сұраймыз.
Жүргізуші: Бәріңізге көп рахмет, оқушылар өз білімдерін, өнерлерін, тапқырлығын, сынға түсіп өз орындарын иемденді. Хош сау болыңдар!
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!