Ардақтайымыз ананы балабақшадағы ертеңгіліктер

0

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Қазақ мектеп-гимназиясы
Даярлық топ тәрбиешісі
Құттымбетова Толқын Науанқызы

«Ардақтайымыз ананы»
(Ертеңгілік)
Мақсаты:Оқушыларды ізгілікке,үлкенді сыйлауға,анаға  құрмет көрсетуге,адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік:Ана тақырыбында суреттер,бейнеролик, нақыл сөздер және мақал-мәтелдер.
Жүргізуші:
Қош келдіңіздер,қонақтар мен ақ жаулықты аналар!
Жүздеріне мейірім мен нұр тамар,
      Алдарыңда  жауқазындай құлпырған,
 Алаңсыз да балғын шақта балалар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,ән де бүгін шырқалар.
Міне жыл аралатып,көктемнің алғашқы  күндерімен келетін 
«8-Наурыз»мейрамы құтты болсын!Осы отырған барлық әйел адамдарына отбасына береке,бірлік тілеймін.Мейрамдарыңыз құтты болсын!Енді
 8-Наурыз мерекесіне дайындаған «Мерекеңізбен-анашым!»атты ертеңгілікті  тамашалауға шақырамыз.
Жүргізуші:
Қазақ халқы –әйел затын ерекше қадірлеген.Өмірдің ащы-тұщысын көріп,ысыла білген,ұлың жел өтінде ұстаса,қызын аз күндік қонағым,алтынның сынығы деп,бөркінің төбесіне үкі  қадап үлпілдетіп өсірген.Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы,ақ сүтін емізіп аялаған,жанын да аямаған ардақтысы.
   Ана-жүрек,жүректі құдыретте,
                                          Ана-тірек,тіректі құрметте.
            Ана шының,шыныңа сағынып жет,
  Ана-күнің,күніңе табынып өт.
Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.
Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Ананың нәзік үні,жұмсақ та аялы алақаны,жан жылуымен аялауы  бізді әлдилеп жұбатады,көңілімізді сергітеді. «Ат биеден туады,алып анадан туады»-дейді халқымыз.Дүниеде анасыз адам жоқ.Қаламы жүйрік жазушы да,данышпан ғалым да,ел басқарған көсем де,күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып,соның көкірегінен нәр алып өскен.Ана тіршіліктің гүлі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Тақпақтар:Жазира,Алихан,Олжас,Сабина
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
         Ән маржананын шашайық.
Ендеше кезекті әнге берейік.
Ән: «Анам менің»
Жүргізуші:
                              Сыйла әйелді жоғарыдан бер орын,
                              Көтер оның мерейі мен беделін.
                              Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің
                              Өз анаңды мәңгі құрметтегенің-деп Тұманбай Молдағалиев атамыз жырға  қосқандай ана жер бетіндегі ең қымбат,асыл жан!
Тақпақтар:Меруерт,Айбек,Айқын,Әділжан,Зарина,Диана
Ата-аналармен ойын: «Көктем»
Жүргізуші:
Ананың қоғам өмірінде алатын  орны үлкен.Ана ғалым,Ана ғарышкер,Ана зейнеткер.Сондықтан да әркім өз анасы жөнінде
толғанады,ойланады,сағынады. 
Тақпақтар:Дамир,Айбек,Аружан,Алмас,Абай
Ән: «Ардақтаймыз ,анажан!»
Ойын: «Өз баласын тауып алу»
Шарты: Ортаға үш-төрт баламен аналары шығады, аналарының көздері байлаулы тұрады да  өз балаларын алақандарымен сипап тауып алады.
Тақпақтар:Альрахим,Алихан,Дариға,Айбек
Жүргізуші:
Ән айтайық қосылып.
Ән: «Құттықтаймын мама,мерекеңізбен!»
Жүргізуші:
Би билейік құлпырып.
Би:  «Вальс»
Тақпақтар:Даниял,Көпжасар,Айжан
Қорытынды:
Ал қане балалар орнымыздан тұрайық.
                                 Аялы да,алтын нұрлы анашым
                                 Жүрегіммен мәңгі  бірге боласың
                                Сен асқарсың,сен аспансың биіксің
Сен дархансың,сен жомартсың,данасың-деп бүгіңгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Отбасыңыз аман болсың жүздеріңізден күлкі кетпесін.
Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!Балаларыңыздың сіздерге дайындаған сыйлықтары бар қабыл алыңыздар.
                                                                     Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты: Балалрды күз мезгілімен таныстырып, күз 
Көрнекілігі:  мазмұнды суреттер, көкөністер.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар , балалар! Бүгін міне бізде үлкен мереке. Ол Алтын күз мерекесін атап өткелі отырмыз. 
            Жиып-теріп болатын
            Қамбаға астық толатын
            Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың!
—    Дұрыс күз мезгілі.
—    Күз айларын ата
—    Күзде ауа райында қандай құбылыстар болады!                                                                                                                        
—    Құстар қай жаққа ұшады!
Балалардың күз туралы жаттаған тақпақтар тыңдайық
1.Көптен күткен күз келді            2. Құстар қайтып барады
Жеміс жидек піседі                    Өлең айтып барады
Жапырақтар сарғайып                Қанаттары тонған соң
Ағаштардан түседі                    Қыстан тайқып барады

2.Ән: «Күз келіпті»

Тәрбиеші: Балалар күзде біз нелерді жинаймыз!
Қандай көкөністерді білесіңдер!
3. Көрініс: «Көкөністер дауы»

Тәрбиеші: Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса: Сәбіз, кәртөп, қып-қызыл қызанақ, орамжапыраққа қарашы. Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты
Көкөністер: Жиналып қаппыз бәріміз
             Ішімізден адамға тиеді көп пайдасы
Бұршақ: Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне 
Дәмді тағамдармен
Сый жасаймын бәріне
Тәрбиеші: Ызаланған қызылша қып-қызыл болып кетті
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге 
Менсіз борщ болмайды
Винегрете үстелде
Қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда
          Менсіз дәмді щи қайда
          Мені қосса самсаға 
  Жейді бәрі тамсана
Қияр: Дәмім тілді үйірген
    Мен тұздалған күйімде 
    Жаңа піскен кезімде 
    Жейді бәрі сүйсіне!
Көкөністер: Жиналып қаппыз бәріміз
              Қайсымыз ең дәмдіміз
              Ішімізден адамға 
              Тиеді көп пайдамыз
Тәрбиеші: Көкөністер бәрі де 
           Денсаулыққа пайдалы
           Мұны жатқа біліндер,
           Оларды жақсы көріңдер!

4. Би
5. Ойын: «Кім шапшаң»
    Шарты:Балалар ортада жатқан жемістерді бір себетке, ал көкеністерді екінші себетке жинау керек.
Балар бізге тағы бір қонақ келіпті. Кім келгенін білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.
        Менің атым ұзын құлақ
        Ылғи түнде жортамын
        Қалдырмаймын ізімді
        Өте қатты қорқамын
-Балалр қоян не жейді!

6. Тақпақтар:
Келіп қалды алтын күз                Мына тұрған алама ағаш
Жеміске толды бақшамыз                Алмаларға сен қараш
Бақшамызға біз барып                Сілкіп-сілкіп ағашты
Жеміс-жидек жинаймыз                Алмаларды жинап алшы

7. Ән: Апорт деген алма бар.

Тәрбиеші: Көктемде егін егетін
           Күзде жиып беретін
           Біздің дала бай дала
           Ел егінді жинайды
-Балар күзде тағы не жинаймыз!
-Егін

8. Көрініс: «Бауырсақ» ертегісі

9. Тақпақтар: 
1.Алтын сары қызыл көк                2.Ой алақай тамаша
Алуан,алуан жапырақ                   Шашу шашты жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп                   Бақтың іші алаша
Көз тартады атырап                       Ал аунайық жатып ап

10. Бүгінгі мерекемізді тамаша ән шашумен аяқтайық. Балалардың орындауында «Күз жомарт» әнін қабыл алыңыздар.
Қорытынды:-Балалар бүгінгі ертеңгілігіміз  ұнадыма?
-Күз мезгілі сендерге ұнайма?
Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға  көп рахмет!
                                    

 

 

Айналамен танысу және экология

Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы мекені.
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды жабайы жануарлардың қысқы тіршіліктерімен                                             
                                           таныстыру.
        2.Балаларға логикалық тапсырмалар бере отыра олардың ойлау                
           қабілеттерін дамыту,дүниетанымын дамыту.
        3. Жануарлар дүниесіне деген жылы сезімін ояту, оларды қорғауға,
                                         қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Жабайы жануарлардың суреттері.
Әдіс- тәсілдер:Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап және ойын.
                           
                                      Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Психологиялық сәт
     Табиғат!
Тіршіліксің тұнып тұрған
Сен- күнсің
Көтеріліп күліп қырдан
Сен көлсің,Сен Ормансың,
Сен Бұлақсың
Адамды сұлулыққа құнықтырған
Балалар, бізде бүгін ерекше күн болғандықтан қонақтармен қатар Аққала да келіпті.Ол
жай келмепті сендерге тапсырмалар ала келіпті, тапсырмаларды кім жақсы орындаса
 беретін сыйлығы бар.Сабақ соңына дейін бақылайды.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Балалардың жауаптары.
-Қыста ауа-райы қандай болады?
-Адамдар қалай киінеді?
Ал, балалар біз бүгін сендермен жануарлардың қысқы мекенімен танысамыз.Ол үшін мен сендерге Аққаланың әкелген жұмбағын жасырайын.Жұмбақты шешемізде сабағымызды
 әрі қарай жалғастырамыз.
 Өзі айлакер қу,                                              Қыста-ақ,
 Жүрген жері у- да шу                                   Жазда-сұр.
                            (Түлкі)                                               (Қоян)
Өзіне болған қорған орман,                           Аузы бейне шалғы орақ,
Ішінде бар,бір аң қорбаң-қорбаң.                  Шөп емес, бірақ малды орады.
                                     (Аю)                                                                   (Қасқыр)
Сергіту сәті:
Әрбір аңға жеке тоқталып сипаттама беру.

Түлкі- қыста ауа-райы суық болғандықтан олардың тамақ табуы қиын болады. Оларда тоңады.Терісі  бағалы,жыртқыш аң. Дене құрылысы ит пен қасқырға ұқсайды.Бірақ тұмсығы оларға қарағандаұзын, сүйріктеу келеді.Құлағы үнемітік тұрады.Олтүрлі құстарды ,кірпіні
аулап жейді.Олар өздерінің ұясында күн көреді.

Қоян- Қысты күні қар түстес болып қоян жатады.Оған да қыста тамақ табу қиын болған-
дықтан ағашты қабығын да жейді.Шөпқоректі жануар.Оның денесі ұзын,иілгіш,қарауға, секіруге икемді,құйрығы қысқа.Ұзын құлақтары дыбысты жақсы естиді.Жыл мезгіліне байланысты терісі өзгеріп отырады.Өте қорқақ аң.
 
 Аю- терісі бағалы, ірі икемсізденелі жануар.Көру қабілеті төмен есту шүшесіне сүйенеді.
Қыста күн жылынғанша апанында ұйықтайды.Арасында далаға шығып келіп отырады.Тез жүгіре алады.

Қасқыр-күшті, батыр ержүрек жыртқыш.Үлпілдеген құйрығы мен аяқтары ұзын болып келеді.Терісі ашық сұр түстен қара түске дейін болады.Адармен әлсіз жануарлармен қоректенеді.
Логикалық тапсырмалар: 1.Бұлар ненің төлдері?
                                                 2.Айырмашылығын тап
                                                 3. Артығын тап, қалғандарын бір сөзбен не дейміз?
                                                  4.Қандай өзгеріс байқап тұрсың?
Ойын:«Кім тапқыр?» 
Сергіту сәті:
Жақсы көретін тамақтары жөнінде тоқталып өту.Бұлардың бәрі де орманда өмір сүреді екен.
Ойын: «Иә- жоқ»
шарты: Балаларға аңдардың түрсипатына немесе жейтін тамағына байланысты келесі сөйлемдерді айту ал балар болса дұрыс не дұрыс еммстігін айтып отырады.
1.АЮ-балмұздақ жейді.             4.  ҚОЯН-шөп жейді.
2.ҚАСҚЫР-бал жейді.               5.АЮ-қорқақ
3.ТҮЛКІ-конфет жейді               6.ҚОЯННЫҢ –құйрығы ұзын.

Қорытынды:-Балалар бүгінгі сабағымыз сендерге ұнадыма?
— Біз бүгін сендермен қандай тақырыпта әңгімелестік?
-Олар қайда өмір сүреді екен?
Осымен сабағымыз аяқталды, бәріңде сабаққа жақсы қатыстыңдар аққаланың әкелген сыйлықтарын ала қойыңдар.
                       

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!