Ү ү дыбысы мен әрпі балабақшадағы ашық сабақтар

0
117

-Балалар, үйрек дегенде бірінші қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

 – Үү дыбысы қандай дыбыс?

– Қандай текшемен белгілейміз?

Ү әрпі туралы тақпақты 4 топқа айтқызу.

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Ү әрпінің баспа, жазба түрін көрсету.

Ауада , тақтада бас әрпімен, кіші әрпін жазып көрсетемін.

Ү дыбысын  хормен айтқызамын.

– Ү дыбысы сөздің басында, ортасында,аяғында

 кездеседі.Сөздерді буынға бөлгізу.

Үй-рек, ү-кі, кү-шік, үй-шік, күй-ші , үл-кен.

Әліппе – дәптермен жұмыс.

Әр топқа тапсырма беремін.1- топқа суреттерден сөйлем құрау керек. 2- топ сөздерді буынға бөледі. 3- топ дыбыстық талдау жасайды. 4-топ сөздерді, буындарды оқыту.

Дәптерлерді ашайық,

Қолға қалам алайық

Салақтықтан қашайық

Әдемілеп жазайық.

Дәптерімізге Ү әрпін жазу.

(элементтерін салу )

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

Ү дыбысы бар суретті тауып атын атау , буынға бөлу , бір сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Үйрек , үкі, күшік , үйшік.

    Сергіту сәті

Таң атты, күн шықты,

Аспанды бұлт жапты.

Жел тұрды, жаңбыр жауды.

Найзағай сарт етті

Біз бұға қалдық.

«Кім шапшаң сөйлем құрайды?»

ойыны  (суреттерден тез арада сөйлем құраулары керек.)

-Сонымен балалар,біз бүгін қандай әріппен таныстық?

– Ү әрпі қандай дыбыс?

– Ү әрпін қандай текшемен белгілейміз? (көк текшелерін көрсетеді )

– Балалар, бүгінгі өткен сабағымызды «Сиқырлы таяқша» ойыны арқылы қорытамын.

Сиқырлы таяқшаны ұстап тұрып Ү әрпіне байланысты сөз айтып шығамыз. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар Ү дыбысының дауысты дыбыс екенін айтады.

Тақпақты хормен айтады.

Берілген сөздерден сөйлем құрастырады.Тыныс белгілеріне назар аударады.

Ү дыбысының баспа , жазба түрін көреді.

Ү дыбысы кездесетін сөздерді айтады.

Әліппе- дәптермен жұмыс жасайды.

Тапсырманы орындайды.

Қарындаштарын алып, әріпті дәптерге жазады.

Сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

Суреттерден сөйлем құрап айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Смайликтер арқылы көңіл – күйлерін білдіру.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!