Ол ұрламайды. Тоқаевтың әкесі миллионер болған – саясаттанушы
Қасым-Жомарт баршылықта өскен азамат, әкесі миллионер, ең бай тиражды жазушы болған.
Facebook желісінің қолданушысы Нұртай Ерназар алдағы уақытта жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға шақырады. «Оның осы уақытқа дейін ішіп қойды, жеп қойды немесе бір былыққа қатысы бар деген дерек кездестірмедім», деп жазады ол өзінің парақшасында.
«Менің кемпірім Тоқаевқа сеніп отыр, оның осы уақытқа дейін ішіп қойды, жеп қойды немесе бір былыққа қатысы бар деген дерек кездестірмедім, сондықтан алдағы уақытта да осы кісіні қолдайтын болайық. Көп нəрсені ашық айта алмаса да алғашқы өткізген жиынның өзінде Назарбаев атқарған жұмыстардың олқылықтарын астарлап айтып тастады, таққа отырған соң нағыз күшіне енеді, өйткені өзі таза адам өзгеден де тазалықты талап етеді деп отыр.
Қазіргі гендерлік саясатты пайдаланып кемпірімді үкімет құрамына қалай тығып жіберсем екен, бірдеңе білетін сияқты жəне тек қазақша сөйлейді ғой. Басқа амал қалмаған соң қатындардың тілеуін тілейтін болдық, Аблязов туралы айтсақ сотталамыз, митингіге шықсақ сотталамыз, енді қатындарды алға салғаннан басқа жол жоқ секілді», – деген әзіл-шыны аралас жазбасына белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали:
«Тоқаевқа сенуге болады, ұрлықшы емес, бірақ орысшыл болмаса екен. Бәйбішесінің тілінде көбірек сөйлейді екен, Ресейдің номенклатуралық мектебінен өткен екен. Баршылықта өскен азамат, әкесі миллионер, ең бай тиражды жазушы болған», – деген бір ауыз пікірін қосып қойыпты.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!