Қожа тек қожамен құда болады: Әбдіжаппар Әлқожа бұл дәстүрді бұзған ба? — Қазақстан жаңалықтары

0

Ешқандай жүзге жатпайтын бірнеше ру бар. Ішінде кең тарағаны — қожа. Елімізге белгілі ағайындар Роза мен Әбдіжаппар Әлқожа осы рудан шыққан. Халық арасында қожалар тек қожамен құда болады деген түсінік бар. Ал бұл дәстүр Әлқожалардың отбасында сақталған ба?

Қожа тек қожамен құда болады: Әбдіжаппар бұл дәстүрді бұзған ба?Бұл туралы Әбдіжаппар Анна Данченконың «Өнер мен өмір» бағдарламасында айтқан, деп хабарлайды Stan.kz.

«Ағаларымның бәрі қожаның қызын алған. Роза әпкем ғана албанның жігітіне тұрмысқа шықты. Қалған екі әпкем қожаларға тұрмысқа шықты. Ол бізде қатып қалған принцип», — дейді Әбдіжаппар.

Жеке өмірін жұрттан жасыратын әнші өз әйеліне келгенде сұраққа жауап беруден бас тартты. 

«Қожалар түбі арабтан шыққан. Ишан деген нәрсе үлкен сопылардан кейінгі мұсылманның дәрежесі. Ілімнің, білімнің дәрежесі. Ишандар тек қожалардан шығады. Сопылар да сондай. Ал қазақтан шыққандарды молда деп айтады», — дейді әнші.

Айтуынша, ишандар білім мен ілімге мықты болған. — Бір Құранды оқыған кезде ағып жатқан өзенді теріс ағатындай, жындыны сау қып жіберетін, жынын суырып алатын молдалар болған, — дейді қожаның ұрпағы. 

«Ондай молдалар қазір жоқ. Неге? Таза қожалардың азайып кетуінен. Өзім түрім қожа болғанмен, мықты ишан емеспін ғой. Ілімім жоқ. Соның азайып кетуі. Аталарымыз үш жүзден, қазақтан алып қойды. Ал қазақпен араласқан болса, одан таза ишан шықпайды. Қазір заманның талабы басқа. Қазір қожаның жігіттері қарадан алып жатыр», — деп түсіндірді Әбдіжаппар. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz