Әлем чемпионы Ералиев Қазақстан біріншілігінің жүлдесіне ілікті » Vesti.kz

0
Әлем чемпионы Қайрат Ералиев ұлттық турнирдің жартылай финалына өтті. Осылайша, боксшы жүлдеге ілігіп тұр, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалда 28 жастағы Түркістан обысының боксшысы 18 жастағы астаналық Нұрсұлтан Исаханмен жұдырықтасты — 5.0. 

Оның келесі қарсыласы Алматы өкілі Жандос Шерәли мен жамбылдық Жанболат Қыдырбаев жұбының жеңімпазы болады. 

Мұның алдында 49 келіге дейінгі категориядағы жартылай финалға өткендер анықталды:

Теміртас Жүсүпов (Ақмола облысы) — Сабыр Жолаушиев (Павлодар облысы) — 5:0
Садай Фарзалиев (Шымкент) — Жомарт Ержан (Түркістан облысы) — 1:4
Жандос Несіпжан (Алматы облысы) — Дінмұхамед Ибрагимов (Манғыстау облысы) — 5:0
Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы) — Шалқар Айқынбай (Шымкент) — 3:2

Жарыталй финал

Теміртас Жүсүпов — Жомарт Ержан
Жандос Несіпжан — Ермек Мәдиев

Айта кетейік, кеше 52 келіге дейін және 91 келіден астам салмақта жартылай финалға өткен боксшылар анықталған.