Тұрсын Жұмаш | өмірбаяны

0

Тұрсын Жұмаш 1959 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ селосында дүниеге келген. 

Егіндібұлақ селосының орталығындағы орыс мектебін тәмамдаған, бірақ өлеңдерін өзінің ана сүтімен дарыған туған тілінде жазды, тамаша жырларымен оқырмандарының махаббатына бөлене білді. Т.Жұмаш шыгармашылығына Ж. Нәжімеденов, Е. Раушанов, С. Ақсұңқарұлы сияқты белгілі ақындар жоғары баға берді.

    

Тұрсын Жұмаш небәрі 36 жыл ғұмыр кешті. 1995 жылдың 11 маусымында дүниден озды. Жүрегіне ұялаған поэзия гүлі енді-енді бүршік жарып, жауқазындай жайнай бастаған шағында халқына бергенінен берері көп өмір өзеніндей, жыр желкенін емін еркін есе бастаған мезетте ол бақилық болды.

     

Артында аңырап ақынның жары Айнагүл, перзенттері Ләйлә мен Медет қалды. 

     

Тіршілігінде ақын үшін арман болған өлеңдер жинағы топтастырылып, кітап болып «Періште» деген атпен 1997 жылы жарық көрді.

    

37 мүшел жасқа аяқ басқан сәтінде о дүниеге аттанған аяулы ақын Тұрсын Жұмаш «аз жазса да, саз жазған» үлкен дарын иесі. Ол өмірді керемет сүйді. Қимады. Амал не, өзінің ерте кететіндігін ақын жүрегімен түсінді. Ақынның жаны-рухы мәңгі өлмейтіндігін терең сырлы, ойшыл жырлары арқылы дәлелдеп кетті. Лермонтов айтқандай оның «нағыз өмірі енді басталғанына» сенгеннен басқа шара жоқ.