Элизабет Тұрсынбаева Жапониядағы үлгілік өнер көрсетуін Денис Тенге арнады (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленген Элизабет Тұрсынбаева үлгілік өнер көрсетуін Денис Тенге арнады. Бұл туралы Olympic.kz басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

Элизабет ТұрсынбаеваТұрсынбаева Сайтамадаға әлемдік біріншіліктің аясында өзінің үлгілік өнер көрсетуін Денис Тенге арнады. Элизабет Тұрсынбаева әсерлі қойылымды қайғылы жағдайда қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушының құрметіне орындады. 

Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде дүниеден озды. Ол олимпиада тұғырына көтерілген алғашқы әрі жалғыз қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Денис Тен 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарында қола медальді иеленген. Сондай-ақ, оның қоржынында әлем чемпионаттары мен ауқымды сайыстардан алған көптеген медальдары бар. 

Естеріңізге сала кетейік, Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында екінші орынға ие болды. 

 

 

 

 

 

 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz